Айтыс II том «КҮлтегін»



Pdf көрінісі
бет26/181
Дата01.02.2023
өлшемі0,96 Mb.
#64242
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   181
САРЫШОЛАҚ ПЕН ТОҚСҰЛУ 
Мырзағұл Шыманұлы бастаған жолаушылар тобы Орынбор-
дан елге қайтып келе жатса, шуылдасып, суға түсіп жатқан қыз-
келіншектер бұларды аңғармай, тек қасына жақындағанда ғана 
байқап, қоғажай қамыс арасына жасырынады. Бір қыз арғы жағаға 


90
Қазақ өнерінің антологиясы
жүзіп өтеді де, асықпай киініп, құрбыларының киімдерін алып ба-
рып, береді. Сол сәтте қарсы беттен Сарышолақ қыздарға дауыстап:
Қара судан көрінген нұр бейнесі,
Жел қақпаған, ақ күміс пәк денесі.
Әдептілік қайда еді, оу, сұлулар,
Көрініп қалды, әттең, «күн тимесі», –
дейді. Сол сәтте арғы беттен бір қыз:
Аузыңнан суың шұбар жегендей, алуа шекер,
Көп қарама тесіліп, көзің өтер.
Күн ыссы, суға түсіп жатыр едік,
Көрмегендей өтсеңіздер, неңіз кетер?
Қарауға құмарлансаң жалаңашқа,
Көңіліңде не бар еді одан басқа,
Сен ұялмай, орныңа мен қысылдым,
Қарап тұр, сол жағада аузыңды аш та, –
деп айтыпты да, қыздар күлісіп, ауылдарына қарай жүре беріпті. 
Жолаушылар өткелменен айналып келсе, әлгі қыз-келіншектер 
қырман басында тары суырап жатыр екен. Бағанағы өлең айтқан 
өткір қыздың кім екенін білгісі келіп, жолаушылар ат басын бұрады. 
Сөйтсе, әлгі қыз қараторының сұлуы, шашы тобығын қаққан, күлім 
көз, ерекше тартымды жымиысы бар Шүрен елінің Тоқсұлу атты 
ақын қызы екен.
Сарышолақ:
Қара қыздың көңілі арыда,
Сары қыз құмар тарыға.
Ұяла күліп, тұр бәрі,
Шіркіндердің бары да.
Тоқсұлу:
Арбалған жыландайын қалмадыңдар,
Жолаушым, бізде қандай алмағың бар?
Көрдім деп қыз денесін су ішінде,
Көп болса, әзіліңнің салмағы бар.
Қасқырдай қойға келе араласқан,
Жол білмей, ел қыдырған қара басқан.


91


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет