Академиялық жазу дегеніміз не? Академиялық жазу


Академиялық жазу және оның ерекшелігі



бет4/7
Дата10.02.2022
өлшемі22,02 Kb.
#25145
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7
Академиялық жазу және оның ерекшелігі. 
Кез-келген оқырман қалауына орай түрлі жанрдағы мәтіндерді оқиды. Мәтіндердің түрлерін шартты түрде академиялық және академиялық емес деп 2 бөлуге болады:
Академиялық – рефераттар, баяндамалар, ғылыми мақалалар, оқулықтар, ғылыми пікірлер, авторефераттар, диссертациялар, ғылыми жобалар және т.б. осы бағытта жазылған жұмыстардың өз мақсатына және зерттеу әдісіне қарай құрылымдары мен жазылу жүйесі әр түрлі болады.

Академиялық емес мәтіндер публицистика (түрлі жанрлар) хабарландыру, сонник, рецепт жеделхат жеке құжаттар (мысалы, хаттар, күнделіктер, саяхат жазбалары, өмірбаяндар және басқалар) өмірбаян, көркем шығармалар. Жоғары оқу орындарында оқытылатын әрбір пәннің ғылыми бағытына қарай өзіндік зерттеу әдісі мен тілдік ерекшеліктері бар. Мысалы, экономикалық бағытта жазылатын оқу құралын алатын болсақ, оның негізгі мақсаты оқу үдерісіндегі жаңа терминдер мен ғылыми жайттарды мысалдар арқылы оқырмандарға түсіндіру.

Академиялық мәтін белгілі бір тақырыпты түсіндіруге бағытталған күрделі құрылымда жазылады. Академиялық бағытта жазылатын жұмыс ғылыми мәлімет беруге бағытталады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет