Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет24/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

заттылық,  еркіндік  –  қажеттілік,  сөйлеу  –  түсіну,  сөйлеу  –  тіл,  тіл  –  ойлау, 
обьективті – субьективті [10]. Яғни бір-біріне қарсы және жақын ұғымдарды 
салыстыра  зерттеу  арқылы  екеуінің  де  тілдік  ерекшеліктерін,  танымдық 
белгілерін, қызметін анықтауға болады. Нақтырақ айтсақ, үнсіз тұрған адамның 
тілі  мен  коммуникацияға  түскен  адамның  тілін  алып  қарасақ,  екеуінің  әрекеті 
әртүрлі, әрі қарама-қарсы. Бірақ екеуінің де тілдік бірліктерін қалыптастыратын 
коды санада орналасқан. Ал бұл ғалымдар екі түрлі формадағы әрекетті негізге 
алып,  тілдің  көрінбейтін  терең  құрылымдық  санадағы  қызметін,  тұстарын 
көрсетіп, келесі кезеңде қалыптасқан антропоөзектік парадигманың бір саласы 
ретіндегі психолингвистиканың алғышарттарын көрсетіп отыр.  


21 
В. фон Гумбольдттың «адамның рухани күші» теориясының орнына негізгі 
нысанға адами психологияны, яғни тілдегі психологизмді қойған неміс ғалымы 
Х.Штейнтальдің 
пікірінше, 
тіл 
артикуляциялық 
дыбыстар 
арқылы 
қабылданатын  адамның  ішкі  дүниесінің,  рухани  қозғалысының  көрінісі  болып 
табылады  [10].  Ғалым  адам  психологиясы  арқылы  оның  тілін,  мәдениетін, 
елінің  салт-дәстүрін,  халқының  тұрмыс-тіршілігін  анықтауға  болатының 
айтады. 
Этнопсихология 
саласының 
негізін 
қалаушы 
Г. Штейнталь 
психологиялық  лингвистиканы  мәдени  психология  деп  қарастыра  отырып, 
психолингвистика жөнінде мынандай ой қорытады:  «тіл халықтың төл санасы, 
дүниетанымы  мен  рухани  ойлауы  болып  табылады.  Осыған  орай,  тіл  білімі 
индивидтің  психологиясына  ғана  емес,  сол  тілде  сөйлейтін  халықтың 
психологиясына негізделуі тиіс». Демек, ғалым өз зерттеудерінде тіл мен ұлтты 
сабақтастықта  қарастырған.  Адамды  тану  үшін  оның  халқын,  елін,  салт-
санасын  тану  керек  деген  қағидатты  ұстанатын  ғалым  тұжырымдары  бүгінде 
этнолингвистика, психолингвистика салаларында тереңінен зерттеліп келеді.  
Ал  француз  ғалымы  Э.  Бенвенист  «Общая  лингвистика»  атты  еңбегінің 
«Тілдегі субьектілік» деп аталатын XXVIII бөлімінде тек тіл арқылы ғана адам 
субьект  бола  алатындығын  былайша  түсіндіреді:  «Адам  тілде  және  тілдің 
арқасында  субъект  ретінде  айқындалады,  өйткені  тек  тіл  шынайылық,  өзінің 
шынайылығын  береді,  бұл  болу,  «Еgо»  –  «мен»  деген  ұғымға  ие.  Мұнда  сөз 
болып  отырған  «субъективтілік»  сөйлеушінің  өзін  «субъект»  ретінде  көрсету 
қабілеті.  Ол  әрбір  адамда  бар  өзіндік  сезіммен  емес,  (бұл  анықтауға  болатын 
шамадағы  сезім,  небәрі  көрініс  болып  табылады),  тұтастықпен  біріктірілген 
және  сананың  тұрақтылығын  қамтамасыз  ететін  алынған  тәжірибенің 
жиынтығына  қатысты  трансцендентті  психикалық  бірлік  арқылы  анықталады. 
Біз  оны  «субъективтілік»  деп  пайымдаймыз,  оны  феноменология  немесе 
психология тұрғысынан қарастыру керек пе, қалай ыңғайлы – бұл адамда тілдің 
іргелі қасиетінің көрінісі болады. «Еgо» деген адам «еgо» болып табылады. Бұл 
жерден  «тұлғаның»  тілдік  мәртебесімен  анықталатын  «субъективтіліктің» 
негізін көреміз [11].  
Шынымен  де,  дүниенің  қай  саласын  зерттесек  те,  адамды  танудан, 
зерттеуден  айналып  өте  алмаймыз.  Шындық  өмірде  болып  жатқан  әрекеттің 
барлығы  адам  болмысымен  байланысты.  Сондықтан  адам  феноменінің  негізгі 
белгісі  ретіндегі  тілді  зерттеуде  тіл  білімінің  әртүрлі  қырларын,  жаңа 
парадигмаларын ашу үшін тілден адамды, адамнан тілді іздеген жөн.  
Орыс-поляк  ғалымы  И.А. Бодуэн  де  Куртенэ  тіл  мен  адам  байланысы 
жайында  былай  тұжырымдайды:  «Тіл  тек  жеке  мида  ғана,  тек  рухта  ғана, 
белгілі  бір  тілдік  қоғамды  құрайтын  индивидтердің  немесе  даралардың 
психикасында  ғана  бар»  [12,  11  б.].  Яғни  антропоөзектік  зерттеу  жүргізу 
барысында тілден адамның қарым-қатынас үстіндегі қызметінің сипаты зерттеу 
нысаны  ретінде  қарастырылады.  Зерттеуші  Ф.Х.  Айтекова  қазіргі 
лингвистикадағы 
антропоцентристік 
парадигманы 
зерттеу 
барысында 
анықтаған оның бір-біріне ұқсас әрі өзгеше төрт бағытын санамалап көрсетеді: 
1. Бірінші  бағыт  –  әлемнің  тілдік  бейнесі,  яғни  тілі  арқылы  адамның  өзін 
көрсететін тікелей айнасы ретінде зерттеу.  


22 
2. Екінші  бағыт  –  қарым-қатынасқа  түскен  адамның  тілін  нысанға  алатын 
коммуникативтік лингвистика. 
3. Үшінші бағыт бойынша адамның танымдық үдеріс кезіндегі тіл қызметі 
қарастырылады. 
4. Төртінші бағыт – С.Г. Васильева субьективті лингвистика немесе белгілі 
бір  тіл  иесінің  теориясы  деп  атаған  әр  адамның  тілінің  қандай  бағытта 
қалыптасып,  дамығанын  танытатын  бағыт.  Оның  негізін  И.А.  Бодуэн  де 
Куртенэ  қалаған  [13,  164  б.].  Ғалымның  бұл  ұсынған  бағыты  қазіргі  таңда 
көптеген жаңа салалардың, бағыттардың ашылуына өз септігін тигізді. 
Американдық лингвист, антрополог Э. Сепир тілге қатысты «Грамматист и 
его  язык»  (1924)  деген  мақаласында  тіл  мен  адам  психикасын,  интуициясын 
байланыстырып  зерттеп,  мынадай  тұжырым  жасайды:  «бізде  тілдердің 
психикалық  процестердің  ауқымды  және  толыққанды  желілерінің  мәдени 
қоймалары  болып  табылатындығын  болжауға  барлық  негіз  бар,  бізге  оны  әлі 
нақты  анықтау  қажет»  [14].  Осымен  байланысты  ғалым  тілдің  танымның  бір 
құралы  екенін  айта  келіп,  оны  антропология,  мәдениеттану,  психология, 
философия  сынды  ғылым  салаларымен  байланыстырады.  Сонымен  қатар  осы 
арада  антропологиялық  лингвистиканың  ірі  саласы  болып  табылатын 
этнолингвистика ілімінің да жаңа арнаға бағытталуы тиіс екенін атап көрсетеді. 
Олай  болса  бүгінгі  лингвомәдениеттаным  саласы  В.  Гумбольдт  заманынан 
бастау алып, Э. Сепир тұсында қайтадан жаңғыра түскен деп санауға болады. 
Э. Сепирдің осы идеясын дамытып, ілімін ары қарай жалғастырған  екінші 
американдық  ғалым  –  Б. Уорф.  Ол  Американдық  үндістердің  тілі  мен 
мәдениетіне  ерекше  қызығушылық  танытып,  тіл  мен  мәдениет  деректеріне 
байланысты  бірсыпыра  зерттеу  жұмыстарын  жүргізіп,  «әр  тілдің  өзіндік 
метафизикасы  болады...,  егер  де  Ньютон  ағылшынша  ойлап-сөйлемеген  болса, 
онда  ол  негіздеген  әлемдік  деңгейдегі  концепциялар  жүйесі  басқаша  сипатта 
болар еді» деген тұжырым жасайды [14, 164 б.]. Сонымен қатар Б.Уорф: «тілдің 
қызметі тек идеяны жарыққа шығарумен шектеліп қоймайды, сол идеяның өзін 
туғызуға да қатысады. Сол себепті меңгерілген тілдің шеңберінен тыс ойлау да 
мүмкін  емес»  деп  тұжырымдайды.  Бұл  тұжырымды  тіл  тек  ойды  бейнелеп 
қоймай, ойдың (танымның) өзі де тілге қатысты туындайтыны туралы алғашқы 
пікірлердің  бірі  деп  бағалауға  болады.  Осы  тұжырымдары  негізінде  өзін 
Э.Сепирдің  ойын  жалғастырушы  ретінде  санаған  Б.Уорф  өткен  ғасырдың  30-
жылдарындағы  дәрістерінде  бұл  қағидатты  Сепир-Уорф  гипотезасы  деп 
анықтап, «Лингвистикалық салыстырмалылық теориясы» деп атаған.  
Осылайша  тіл  мен  адам  байланысын  зерттеп,  тілдегі  адамды  ажыратып, 
қалыптасқан  тілдік  заңдылықтарға  өзгеріс  енгізіп,  адами  факторды  алдыңғы 
қатарға  қойған,  антропоөзектік  бағытты  жан-жақты  қарастырған  В. фон 
Гумбольдт, Э. Бенвенист, Ф. де Соссюр, И.А. Бодуен де Куртэне, Г. Штейнталь, 
Э. Сепир,  Б. Уорф,  Л. Вайсбергер  және  т.б.  тіл  майталмандарының  ғылыми 
тұжырымдары ресейлік ғалымдар тарапынан өз жалғасын тапты.  
Адам  факторын  зерттеу  жұмыстарының  өзегіне  айналдырған  ресейлік 
Н.И. Толстой,  В.А. Аврорин,  В.Н. Телия,  В.В. Воробьев,  А. Вежбицкая, 
Ю.С. Степанов,  Н.Д. Арутюнова,  В. Маслова,  Д. Слобин,  А.Р. Лурия  сынды 


23 
ғалымдар  В.  фон  Гумбольдттің  негізгі  антрополингвистикалық  концепциясын 
одан ары дамытып, сол арқылы орыс тілінің мүмкіндіктері мен ғылыми зерттеу 
аясын  кеңейтті.  Бұл  ғалымдар  да  өз  зерттеулерінде  халық  тарихы,  адами 
көзқарас,  дүниетаным,  рухани  мәдениет,  материалдық  қажеттіліктің  барлығы 
тілмен  байланысты  екенін  ескере  отырып,  тілді  зерттеуде  адам  болмысынан 
аттап өту мүмкін еместігін анықтайды.  
Осы тұрғыдан тіл философиясын тереңірек зерттеген Ю.С. Степанов тілдің 
қызмет  ететін  бірнеше  қырын  көрсеткен:  1.  Тіл  –  индивидтің  тілі.  2.  Тіл  – 
отбасы  мүшелерінің  тілі.  3.  Тіл  –  құрылым.  4.  Тіл  –  мінез  бен  түр  іспеттес.  5. 
Тіл – компьютер. 6. Тіл – жанның мекені мен ой кеңістігі [15].  
Көріп отырғанымыздай, ғалым тілге біржақты қарамай, оны жүйе ретінде, 
модель  ретінде  таныған.  Соның  негізінде  ұсынған  «Язык  и  метод»  атты 
еңбегінде 
XVII-ХІХ 
ғасырлар 
аралығындағы 
тілдің 
философиялық 
мәселелеріне, оның ішінде «екі тіл» парадигмасы, синтаксистік парадигмаларға, 
прагматикалық  парадигмаға,  тілдік  моделдерге,  тілдік  жүйе  мен  мәтінге 
қатысты  ғылыми  тұжырымдарын  жасап,  талдаулар  жүргізген.  Ю.С.  Степанов 
«субъект»  ұғымын  тілдегі  адам  мәселесіне  қатысты  былай  анықтайды: 
«Субъект» сөзінің екі негізгі мағынасы бар: біріншіден, «сыртқы әлемге таным 
және  қайта  құру  объектісі  ретінде  қарсы  тұратын  саналы  және  әрекет  етуші 
адам»;  екіншіден,  «бастауыш,  сөйлемнің  субъектісі».  Әдебиет  пен  өнердің 
семиологиясында  біз  ең  алдымен  бірінші  мағынасын  қолданамыз:  жазушы  – 
шығармашылықтың  субъектісі,  тіл  семиологиясы  мен  философиясында  –  ең 
алдымен екінші мағынасын қолданамыз: нақты лингвистикалық талдау, бұл ең 
алдымен,  сөйлемнің  субъект-предикаттық  құрылымын  талдау»  [15,  374  б.]. 
Ғалымның  пайымдауынша,  ішкі  «меннің»  сөйлеуші  «менмен»  қабаттасуы 
немесе ішкі «меннің» сөйлеуші «менге» айналуы прагматикалық сөйлеу болып 
табылады. 
Осылайша 
сөзді 
зерттеудегі 
антропоөзектік 
парадигмаға 
философиялық қырынан  қараудың  негізінде  ғалым  аталмыш  еңбегінде  оларды 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет