24
гендерлік лингвистика, психолингвистика, т.б.) тығыз байланыста дамып келе
жатқан әлеуметтік лингвистика саласын, салыстырмалы-тарихи тіл білімін,
әлеуметтік лингвистиканы зерттеуші орыс лингвисі
– В.А. Аврорин. 1975 жылы
оның әлеуметтік лингвистиканың өзекті мәселелеріне қатысты «Проблемы
изучения
функциональной стороны языка: к
вопросу о предмете
социолингвистики» [17] атты еңбегі жарық көрді. Ғалымның пікірінше,
әлеуметтік
лингвистиканың
маңызды
ұғымдарының
бірі
тілдің
коммуникативтік қызметін сипаттайтын аясы –
тілдік жағдаят. Бұл саланың
ғылым ретінде танылуы үшін А. Сеше, Ш. Бали, А. Мартине, С.Д. Карцевский,
Р. Редаль, Р. Розенкорнц, Т. Фрингс, Р. Горссе, Е.Д. Поливанов, Р.Д. Шор,
В.М. Жирмунский, Б.А. Ларин сынды ғалымдар ерең еңбек жасады. Соның
негізінде бүгінгі таңда бұл сала да антропоөзектік парадигманың өзіндік
зерттеу нысаны бар, қоғамдық әрі тілдік сұранысқа ие әлеуметтанымдық салаға
айналып отыр.
«Тіл мен мәдениет» сабақтастығын антропоөзектік парадигмада танушы
В.Н.Телия – лингвомәдениеттанымдық бағыттағы алғашқы зерттеушілердің
бірі. Ол – «Русская фразеология: Семантический, прагматический и
лингвокультурологический аспекты» [18] атты монографияның авторы. Бұл
монографияда ғалым фразеологиялық сөз тіркестерін лингвомәдениттанымдық,
семантикалық, паргматикалық аспектіде қарастырып, лингвомәдениттаным
ілімінің ғылымда тереңдей түсуіне ықпал жасады. Соның негізінде қазіргі таңда
өзекті мәселе болып табылатын антрополингвистикалық елтаным мәселелеріне
қатысты «Отан» мәдени тұжырымдамасындағы сана архетиптерінің
рефлекстері, «Мәдениет контекстінде тілдің фразеологиялық құрамын
зерттеудің бірінші кезектегі міндеттері мен әдіснамалық мәселелері», «Тілдің
коммуникативтік қызметі және мәдени-тілдік құзыреттілік мәселесі», «Отан
атауындағы туған жер мәдениеті тұрақтамасындағы концепт түзетін
флуктуация», «Тілдің Сцилла лингвокреативтілік техникасы мен Харибда
техникасы арасындағы лингвомәдениеттану объектісі (лингвомәдениеттанудың
жеке эпистемологиясы мәселесіне)», «Лингвомәдениеттану – бірнеше сөз
құрылымдарының жаңғыртылу феноменінің жаңа шынайылығына деген кілті»
атты ғылыми мақалалары антропоөзектік парадигманың маңызды бөлігін
құрайтын лигвомәдениеттану саласының ғылыми-әдістемелік базасын
жетілдіріп дамытуға маңызды үлес қосты.
Лингвомәдениеттаным бағытының теориясы мен әдісін зерттеу нысанына
айналдырған
ғалымдардың
бірі
–
В.В. Воробьев.
Ғалымның
«Лингвокультурологическая парадигма личности», «Лингвокультурология:
теория
и
практика»,
«Языковая
личность.
Лингвокультурология.
Лингводидактика. Лексикография», «Лингвокультурология», «Русский язык в
диалоге культур» [19], т.б. еңбектері соның дәлелі. В.В. Воробьевтің пікірінше,
барлығының басында адами құндылықтар тұратын лингвомәдениеттаным
мәдениет пен тілдің өзара әрекеттестігі мен өзара байланысын зерттейтін
синтездеудің кешенді ғылыми пәні болып табылады.
Тіл мен мәдениетті ортақ аспектіде қарастырудың ғылыми-әдістемелік
негізін жүйелеп, лингвомәдениеттануды пән ретінде қалыптастырушы ғалым –
26
Тіл білімінің тарихында Прага лингвистикалық мектебінің пайда болуымен
тілді жұмсалымдық қасиеті тұрғысынан қарастыру бағыты, яғни тіл білімінде
бұрын болмаған ерекше жұмсалымдық бағыт қалыптаса бастады. Прага
үйірмесін 1926 жылы ағылшын тілін және жалпы тіл білімін зерттеуші
фонология және синтаксис салаларының белгілі маманы Вильем Матезиус
құрды. Үйірмеге көптеген елдердің атақты тілші мамандары мүше болды. Чех
тіл мамандары: Богумил Трика, Богуслав Гавранек, Йозеф Вахек, Владимир
Скаличка, Людовит Новак, Карел Горалек, Павел Трост, Ян Мукаржевский
және т.б. Орыс лингвистері Николай Сергеевич Трубецкой, Роман Осипович
Якобсон және Сергей Осипович Карцевский. Ол үйірменің жұмысына шетел
тілшілері де қатысты: Л. Блумфилд (АҚШ), К. Бюлер (Австрия), Л. Ельмслев
(Дания), А.Ф. де Гроот (Голландия), Г. Улашин (Польша), Д. Джоунз (Англия),
А. Мартине (Франция) және т.б. Әсіресе орыс тілшілері: Е.Д. Поливанов,
Г.О. Винокур, Б.В. Томашевский, Н.Н. Дурнов және т.б. үйірме жұмысына
барынша атсалысты. Прагалықтар тілдегі кез келген құбылысты жұмсалымдық
тұрғысынан қарастырды. Олардың айтуынша, тілдің дыбыстық, грамматикалық
құрылымының және сөздік құрамының өзгеруі тек қана олардың жұмсалымдық
қасиетінен келіп шығады.
Сонымен, қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген жаңа бағыттар мен
парадигмалардың ғылымда кеңінен қолданылуына негіз болған В. фон
Гумбольдттің адам мен тіл қатынасын ажыратуға, тілдегі адам бейнесін әртүрлі
аспектіде зерттеуге мүмкіндік берген концепциясының одан ары жалғасуы,
антропоцентрлік бағыт арқылы әр ұлттың тарихын, мәдениеті мен танымын,
ділін зерттеуге негіз болуы, сайып келгенде, қазіргі таңда бұл бағыттың тіл
білімі үшін жаңа белес болғанын көрсетеді.
Көркем мәтінді лингвистикалық талдауда басты назар аударылатын жайт –
көркем шығармадағы тілдік құралдардың көркем мазмұнды бейнелеуге
қатысын анықтау. Бұл орайда Д.Исабеков шығармаларында пайдаланылған
тілдік элементтердің мағына-мазмұнын, эстетикалық қызметін ашып айқындау
жалпы ұлттық тілдің табиғатын тануға өзіндік септігін тигізетіні даусыз.
Достарыңызбен бөлісу: