машинасы шынжыр табан тракторға соғылып қабысып қалған ғой;
Өкіметтің арнайы жасақтаған бригадасына жетпей жатқан комбайн мен машинаны екі күн жүріп алып келді де, бас-аяғы бір-ақ күнде ойпан-тойпан жегізіп, ертесіне бұлар қырман көтеріп шыға келді; Комбайнерге жүз сом, екі шоферға екі жүз сом бердім. («Дермене»). Үй-үйдің подвалында қызыл арақ ішіп жүрген ешкімге белгісіз Әштен осылайша аяқ астынан аудандағы ең аты-шулы адамдардың біріне айналып шыға келді («Ескерткіш»). Автордың
кірме сөздерді ұтымды қолдануындағы екінші тәсілі
оларды қазақ тілінің
дыбыстық заңдылықтарына бағынған, игерілген тұлғада беру. Мысалы:
Сіз маған сенбей отырсыз ғой! Жүріңіз, іздеп жүрген милицияларға да жолықтырайын.
Аулақ! Млисаң өзіңе! Сенейін, сенбейін, болар іс болды;