Аккузова айнур абдыжалиловна



Pdf көрінісі
бет46/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Сөткесіне кісі басы жетпіс-ақ тиын. Дермене») Кемпірбай күнде ертеңмен 
Отардың үйіне барып: «Біздің баланың паселкесі келді ме?» дейді; 

 Сен жүр, 
Киіпте ойнап-күліп. Қыдыр, ән сал, биле. Мен жүрейін бұл жақта күйіп-пісіп. 
(«Ақырамаштан  наурызға  дейін»).  Бүкіл  әмірикә  мен  неміс  елін  алып 
қараңдаршы,  Конрад  деген  фамилиядан  аяқ  алып  жүре  алмайсың 
Бонапарттың үйленуі»).  
Автор  бұл  сөздерді  өзгертпей,  милиция,  сутка,  Киев,  Америка,  посылка 
депнемесе тәулік, сәлемдеме деп аударып берсе де болар еді. Бірақ автордың 
мақсаты  оқиғаны  құр  сөзбен  баяндау  емес,  оны  шынайы,  нанымды  жеткізу, 
кейіпкерлердің болмысын барынша тереңірек аша түсу, сондай-ақ шығарманың 
көркемдік қуатын арттыра отырып оқырманға әсер ету. 
Жоғарыдағы  «Дермене»  повесінен  алынған  диалогта  милиция  сөзін  екі 
кейіпкер  екі  түрлі  тұлғада  (милиция  –  млиса)  айтуының  да  өзіндік  мәні  бар. 
Сөздерді  бұлай  алмастырып  қолданудағы  негізгі  мақсат  –  кейіпкерлердің  жас 
ерекшеліктерін,  кәсібін,  лауазымын,  білімін,  мәдениет  дәрежесін,  тұрғылықты 
мекенін (ауылдық не қалалық екенін) айқын аңғарту. Бір шығарманың бойында 
бір сөздің бірнеше вариантын жарыстыра қолдану автордың сөздерді орынсыз, 


67 
талғамсыз жұмсауы емес, керісінше оның сауаттылығы мен талғампаздығының, 
әр  кейіпкерді  жіті  бақылауында  ұстай  білетіндігінің  көрінісі.  Көркемдік 
мақсатқа орай алынған мұндай бөгде стильдік элементтер оқиғаның қай дәуір, 
қандай  ортада  өтіп  жатқандығын,  соған  тән  бояуларды  көрсетеді.  Кейіпкер 
тіліне әлеуметтік-типологиялық мінездеме береді [33, 60 б.]. Дегенмен, көркем 
шығармада  бөгде  тілдік  сөздерді  қолдану  уәжі  әрқашан  бірізді  бола  бермейді. 
Алдыңғы  мысалда  автор  қазақ  азаматтарын  орысша  сөйлету  арқылы  олардың 
жеке  ерекшеліктерінен  ақпарат  берсе,  «Ескерткіш»  әңгімесінен  алынған  мына 
мысалда ағылшын сөзі таза коммуникациялық функцияда жұмсалған: 
«Олар комбинат алдына келгенде өз көздеріне өздері сенбей тұрып қалды. 
Бәрі  тұр,  тіпті,  тұғыр  да  орнында,  тек  ескерткіш  жоқ!  Аудармашы  мен 
шетелдік  бір-біріне  қарады.  Сонан  соң  көздерін  уқалап  тұғыр  үстіне  қайта 
үңілді.  

 SOS! – деді Джонс айғайлап, 

 SOS! Ескерткішті біреу ұрлаған».  
Адам лексиконындағы әрбір сөз – оның өткен тарихы мен бүгінгі өмірінің 
айқын  көрінісі,  нақты  куәгері.  Тілдің  сөздік  құрамы  қоғам  өмірінің  саяси, 
материалдық  және  басқа  да  салаларында  тұрақты  болып  жататын  өзгерістерді 
барынша  жылдам  бейнелейді.  Осындай  экстралингвистикалық  факторлардың 
әсеріне байланысты тілде сөз мағыналарының тарылып, кеңейіп, ауысу немесе 
мүлдем  жойылып  кету  үдерістерінің  болуы  заңды  құбылыс.  Ал  көркем 
шығарма  –  сол  көнерген  сөздерді  оқырман  санасында  қайта  жаңғыртып,  жаңа 
мағына  берудің  бірден-бір  көзі  болып  табылады.  Әсіресе  тарихи  тақырыпқа 
жазылған шығармаларда мұндай сөздер айрықша мәнге ие болады. Д. Исабеков 
шығармаларының  тілдік  ерекшеліктерінің  бірі  –  көнерген,  қазіргі  күн 
тұрғысынан  қарағанда  мағынасы  көмескіленген  атаулардың  жиі  қолданылуы. 
1. Айталық,  бір  әңгіменің  тақырыбына  арқау  болған  «ақырамаш»  сөзін  басқа 
шығармалардан  да  жиі  кездестіреміз:  Қызыл  топырақтың  астынан  қос  құлақ 
боп  қылтиып  көрінген  қоза  жарықтық  бейнет  атаулыны  жер  бетіне  өзімен 
бірге  түгел  ала  шығып,  қыр  басындағы  ауыл  адамдарына  сонау  ақырамашқа 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет