Аккузова айнур абдыжалиловна


келтіріп, балаларының тыныш та тәтті тұрмыстарын тіледі



Pdf көрінісі
бет52/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

келтіріп, балаларының тыныш та тәтті тұрмыстарын тіледі. Бірақ енді 
бір  жыл  өткен  соң  толқынсыз  көлге  тас  лақтырылғандай  әдемі  тұрмыстың 
іргесі шайқатылып кетті» [93, 24 б.]. 
Д.Исабеков  шығармаларында  қолданылатын  "Алла",  "Әупірім  тәңір", 
"Жасаған",  "Құдай",  "Тәңір"  теонимдерінің  арасалмағы  біршама  ерекшеленеді, 
оны төмендегі диаграммадан көруге болады.  
 
 
 
1-сурет – Теонимдердің жұмсалу жиілігі 
 
Жалпы  тіл  мен  дін  –  халық  танымында  бір-бірімен  тығыз  байланысты 
ұғымдар.  Діни  лексика  –  қазақ  тілінің  ажырамас  құрамдас  бөлігі.  Д.  Исабеков 
шығармаларында  араб-парсы  лексикалық  қабатына  жататын  Алла,  Құдай, 
шайтан, ораза, азан, ауызашар, әзірейіл, періште, молда, намаз, әумин, құран, 
иман, мола, әруақ, айт, бісміллә, дұға, құптан, жайнамаз сияқты діни ұғымдар 
кейіпкерлер  тілінде  кең  көрініс  тауып  отырады.  Оқырман  бұдан  кейіпкердің 
наным-сенімін,  дінге  деген  көзқарасын  аңғарады.  Мұндай  атаулардың 
семантикалық  сипаты  лингвистикалық  тұрғыдан  гөрі  философиялық  мәнге  ие 
болады.  Жазушының  «Ақырамаштан  наурызға  дейін»  әңгімесінде  Кемпірбай 
ақсақалға  Киевте  оқып  жүрген  баласының  «ауызашар»  рәсіміне  деп  салып 
жіберген  сәлемдемесінің  уақытында  жеткізілмеуі  ақсақал  мен  ауыл 
пошташысының арасындағы  кішігірім  дауға  себеп  болады.  Шығармада  «ораза 
айы», «ауызашар» секілді ұғымдардың қолданылуы және шығарма оқиғасының 
дәл  осы  діни  жоралғыдан  басталуы  халық  дүниетанымындағы  ислам  дінінің 
мән-маңызын  ашып  көрсеткендей.  Осы  сияқты  діни  ұғымдар  «Тіршілік» 
повесінде  де  жиі  ұшырасып  отырады.  Автор  кейіпкер  бейнесін  шынайы 
сомдауда,  оның  эмоциясын  дәл  жеткізуде  «Құдай-ау!»,  «Астапыралла!»,  «О 
13%
2%
1%
82%
2%


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет