үзеңгі дос деп атауы ықтимал.
Қазақ дүниетанымында ер жігіттің өмірімен байланысты жүйеленген жеті
қазынасы бар. Оларға жүйрік атты, қыран бүркітті, құмай тазыны, берен мылтықты, қанды ауыз қақпанды, майланғыш ауды, өткір кездікті жатқызады. Солардың қатарына адамға ең жақыны, досы болып кеткен итті
ерекше атауға болады. Осы жеті қазынаның бірі итті Д. Исабеков те
шығармасына арқау еткен. Жазушы «Қабылан» атты әңгімесінде нағыз малды
қасқырдан қорғайтын, иесіне адал ит бейнесін оқырманға ұсынған. Мысалы: «
Шын досыңның қимасын сұрама» деген емес пе, Беріш. Өзге нәрсемнің қайсысына қолқа салсаң да қой демес ем. Мына қалауың қиын тиіп отыр. «Достың көңілі бір атым насыбайдан қалады» дейді, бірақ бір қалауымды жерге тастады деп сен өкпелеме. Құдай о баста итті де адамның ырыс- құтымен бірге жаратқан деседі. Демек, оның да несібесі иесімен бірге, осы үйдің бір мүшесі сияқты ғой. Бере алмаймын, оған ренжіме» [93, 46 б.]. Жазушы Қабылан атты итті суреттеуде сағыныш, қуаныш, мұңаю сынды
сезімдердің барлығын кейіпкер тілі арқылы оқырманға жеткізген. «Шын