Аккузова айнур абдыжалиловна


басына  Самарқаннан  әкеп  көк  тас  орнатты



Pdf көрінісі
бет56/116
Дата05.04.2022
өлшемі2,11 Mb.
#29953
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

басына  Самарқаннан  әкеп  көк  тас  орнатты,  әйтеуір,  қолда  барды  түгел 
жұмсады»  («Дермене»).  «Әке-шешесінің  өлі  әруағына  құран  оқытсам  дегені 
ойына  сап  ете  түсті»;  «Тым  болмаса  жұмасына  бір  рет  май  тұтатпай 
кетіппін-ау,  өлі  әруақтар  дәм  етіп  жүр  ғой  жарықтық...  Өзім  барып 
сұрамаушы  ем,  ертең  екі-үш  тиесілі  кісіге  жолығайыншы,  малдың  басы 
құралса  қан  шығарып,  құран  оқытып  жіберейін  («Сүйекші»).  «Өлі  жебемей, 
тірі байымайды» деген нақылды берік ұстанған қазақ қоғамында мұндай ырым-
жоралғыларға  ерекше  мән  берілген,  әрі  бұлардың  бәрі  де  қайтыс  болған 
адамның  артында  қалған  жақындарына  міндет  болып  саналады.  Жалпы            
Д.  Исабеков  кейіпкерлерінің  дені  аузынан  «Алласы»  түспеген,  бес  уақыт 
намазы  мен  оразасын  қаза  қылмаған  діни  сенімге  берік  жандар  болып  келеді. 
Автор  олардың  мұсылманшылық  қасиеттерін  арнайы  суреттеп,  кейіптеп 
жатпаса  да,  жазушының  олардың  аузына  салған  сөздерінен-ақ  бәрі  белгілі 
болып тұрады. Мысалы:  
«– Қашан бітеді мына жиналыс? 
– Ертең. 
– Қап, намазым қаза болды-ау!..» («Жүз жылдық арман»). 
Қазақ  табиғатынан  баланың  арқасынан  қағып,  кішіге  ілтипат  көрсеткен. 
«Үлкенге құрмет, кішіге  ізет» мақалы соған дәлел. Оған қоса, қазақтың тілінде 
көп қолданылатын жақсы көру, еркелету мәнін беретін – жан, -тай жұрнақтары 
халқымыздың  өзіндік  сөйлеу  стилін  көрсететіндей.  Мысал  келтірер  болсақ: 
«Кемпірі арба үстіндегі қапшықтарды қолымен басып қалғанда есегіне деп ала 
шыққанмен желінбей қайтып келген бір бау жоңышқаны ұстай алып, ыршып 
түсті. 
– Көтек, мынаусы несі құдай-ау, Қуатжан қайда? 
–  Қуатжан,  Қуатжан!  «Жан»  деп  қапты  ғой  маған  барып.  Қайда 
болушы  еді,  қалды  сонда.  Сені  мен  мені  адам  деп  жүр  дейсің  бе  олар! 
Самаурыныңа  от  сал,  таңдайым  кеуіп  келді»  [102,  18  б.].  Бұндай  еркелету 
мәнінде  жұмсалатын  жұрнақ  жалғанған  кісі  есімдерімен  қатар,  үлкен  ата-
әжелеріміз,  әке-шешелеріміз,  аға-жеңгелеріміз  балаларды  төрт  түліктің 
төлдерімен,  табиғаттың  ерекше  құбылыстарымен  атап  жатады.  Мәселен: 
«Шынымен ұйықтап жатқан шығар деп ұясын көрді, мал қораны қарады. Ізім-
қайым.  Ол  там  айналып,  үйге  қайта  кіргелі  бұрыла  бергенде  қара  көлеңке 
бұрышта  күшігінің  серейіп  өліп  жатқанын  көрді  де  «әже!»  деп  айғайлап 
жіберді. Әжесі далаға атып шығып, немересін көтеріп алды да:  


81 

  Не  боп  қалды!  Далаға  жалғыз  шықпа  дедім  ғой  саған! 

  деп  оның 
таңдайын басты. – Әже... Сырттан... өліп қапты.  

 Әу, шыбыным.  

 Енді... енді ешқайда кетпейікші-а?  

 Мақұл, күнім, мақұл. – Әже, – деді сәлден соң тағы да.  

 Не жарығым?  

 Біздің үйге нағып ешкім келмейді?  

 Ұйықтай ғой, қарағым, ұйықтай ғой. Кейін бәрі де келеді. Қалампыр таң 
аппақ атқанша көз ілмеді» [93, 38 б.].  
Байқағанымыздай, 
бұлардың 
барлығы 
бірінші 
жақта 
айтылып, 
коммуникацияға  жылулық,  мейірім  сыйлайтындай.  Мәтіндегі  қарағым 
қаратпасының  шығу  тарихы  жайлы  мынадай  пікір  бар:  «Ал  ең  көп 
қолданыстағы әрі көне сөздердің бірі «қарағым». Ол «қарашық» сөзімен тарихи 
жағынан  мағыналас.  Көзімнің  қарашығы  деген  мағынаны  білдірсе  керек-ті. 
Махмұд Қашқаридің  «Диуани лұғат-ат-түрік» кітабының аудармасында  «Ұлым 
саған  айтайын  өсиетін  дананың,  Білімдіні  таны  да,  соңынан  ер,  қарағым» 
деген  сөздерді  кездестіруге  болады.  Соған  қарағанда  бұл  сөздің  ерте  заманнан 
қолданып келе жатқанын білуге болады» [119]. 
Мәтін  зерттеуде  әрқашан  мәтіннен  тыс  болмыс,  мәдениет  болатыны 
жоғарыда  айтылды.  Ол  болмыс  пен  мәдениетті  кейіпкер  тілі,  баяншы  сөзі 
арқылы аңғаруға болады. Қазақтың өзіндік болмысы мен мәдениетін танытатын 
тағы  бір  тілдік  бірліктер  –  туыстық  атаулар.  Туыстық  –  тарихи-этникалық 
ұғым.  Оның  қалыптасуы  мен  дамуы  белгілі  бір  этностың  өмірімен,  тұрмыс-
тіршілігімен,  мәдениетімен,  әдет-ғұрып,  салт-санасымен  байланысты  келеді. 
Д. Исабеков  шығармаларында  бұл  атаулар  өте  көп  кездеседі.  Мәселен:  «Есік 
алдындағы  үлкен  шайла  астында  үш-төрт  немересі  пырылдап  ұйықтап 
жатыр. Кең төсекте аунай-аунай әрқайсысы әр тұсқа шашылып қапты. Анау, 
басы  төсектің  аяқ  жағына  қарап  қалғаны  –  үлкен  баласы  Жарылқаптың 
ортаншы  ұлы,  ала  мысықты  құшақтап  ұйықтап  жатқаны  –  Мүсіркептің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   116




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет