Актив және пассив


Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз



бет2/7
Дата10.12.2022
өлшемі11,69 Mb.
#56287
1   2   3   4   5   6   7
Заттың нақтылы ұғымы дегеніміз- заттарға тұтас түрде қарау. Мысалы: адам,өсімдік,жануар т.б.

Дерексіз немесе абстрактылы ұғым дегеніміз-ұғымдардың заттар мен құбылыстарға тұтас түрде қарамай, тек жеке қасиеттерге,сапаларға және жағдайларға қатысты. Мысалы:адамгершілік туралы ұғым, ақша туралы ұғым т.б.
Ой қорытындысы- бұл тарихи қалыптасқан ойлаудың логикалық түрі, ол арқылы бір немесе бірнеше белгілі пікірлерден жаңа пікір туады. Ой қорытындысы үшке бөлінеді: индукция, дедукция және ұқсастық (аналогия)
Индукция дегеніміз- бірнеше жалқы немесе жеке пікірлерден бір жалпы пікір жасау.
Дедукция- бұл жалпы пікірлерден, деректерден жеке пікірлерге,деректерге көшудің жалпы заңдылықтар мен ережелерді білу негізінде жекелеген деректер мен құбылыстарды пайымдаудың тәсілі.
Аналогия-ұқсастық бойынша ой қорытындыларын жасау
Ой тәсілдері түрлерінің схемасы
Ой тәсілдері
талдау
жинақтау
топтастыру
табиғи
жасанды
жүйелеу
абстракциялау
жалпылау
салыстыру
Ойлаудың дара ерекшеліктері
Ойдың мазмұндылығы- заттар мен құбылыстар, шындықтың салалары туралы сананың пікірлер мен және ұғымдармен жеткілікті болу дәрежесін айтамыз. Адамда неғұрлым ой көп болса және неғұрлым әртүрлі болса, соғұрлым оың ойлауы мазмұнды және бай келеді. Бірақ ойлаудың мазмұндылығы тек бар ойлаудың сапалық жағымен ғана сипатталып қоймацды, сонымен қатар осы ойлауда бейнеленеді. Сондықтан да ойдың мазмұндылығына тек байлығы емес, сонымен қатар оның тереңдігі жатады.
Ойлаудың тереңдігі- ойлауда ерекше маңызды қасиеттер мен салалар, ерекше маңызды байланыстар мен қатынастар бейнеленеді. Ойлаудың мазмұндылығы байлығы, ал тереңдігі адамның іс-әрекетімен, оның білімімен тәжірибесімен, қиялының даму дәрежесімен айқындалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет