Қалалар мен қоныстар-әскери-әкімшілік,мәдени,сауда мен қолөнер орталықтары ретінде



бет2/3
Дата26.04.2023
өлшемі1,16 Mb.
#87326
1   2   3

Сауда айналымы

  • Орта ғасырларда Қазақстанның сауда ісінде «Ұлы Жібек жолының» орны ерекше болды. Бұл жолдың бойында Тараз, Испиджаб, Шаш, Мерке, Құлан, Суяб сияқты қалалар орналасты. Қазақстанның орта ғасырлардағы аса ірі сауда орталықтары – Тараз, Отырар, Сығанақ сияқты қалалар. Қазақстан халықтары негізгі сауданы Орта Азия, Иран, Сібір, Кавказ, Шығыс Түркістан елдерімен жасады. Сауда айналымындағы негізгі заттар: кілем, мата, жылқы, әшекей, қару-жарақ т. б. Қытай елінен Жібек жолы арқылы жібек келіп тұрды. Сауданың дамуы ақша айналымын тудырды. VI-VIII ғасырларда әр тайпаның өз теңгелері болған. Сауда айналымында VII ғасырда ежелгі түрік теңгелері мен соғды теңгелері, VIII ғасырда Бұхара теңгелері мен Ташкент (Шаш) теңгелері, Тараз қаласында түркеш теңгелері, IX-X ғасырларда Самани әулетінің мыс теңгелері, күміс дирхемдері жүрді. XI-XII ғасырларда Тараз, Испиджаб, Шаш, Қашғар, Бұхара қалаларында теңге сарайлары болды. XII-XIII ғасырларда Отырар қаласында мыс дирхемдер шығарылды. Жазба деректерде Тараз бен Суяб қалалары ірі сауда орталықтары болғаны айтылды.

Қалалар мен қоныстар

  • Осы күнге дейін даму процесі жалғасып жатқан Транс-Еуразия коммуникация жүйесінің іргетасы Ұлы Жібек жолы өз қызметін бастамастан көп бұрын біздің заманымызға дейінгі IV-III мың жылдықтарда қаланған еді. Сол кезде Месопотамия мен Эламнан Үнді ойпаты мен Памир тауларының етектеріне дейін созылып жатқан жолдар жақсы мәлім болатын. Осы жолдар арқылы Таяу Шығыс елдерінің саудагерлері Бадахшан лазуритін тасымалдайтын. Адамзаттың ең ежелгі өркениет мекені болып саналатын Хараппа мен Мохенджо-Дароны екі өзен арасы - Месопотамиямен жалғайтын оңтүстік керуен жолдары болған. Месопотамия мен Үнді ойпатының мәдени орталықтары арасындағы сауданы өз қолдарында ұстап тұрған эламдықтар біздің заманымызға дейінгі IV-III мыңжылдықтарда Орта Шығыста қалаға дейінгі және сондай-ақ алғашқы қала орталықтарын бір-бірімен байланыстырған көп салалы коммуникация желісін құрған.

Сауда мен мәдени байланыс

  • Түркі әлемінің Ұлы Жібек жолымен табиғи байланысы негізінен, табиғи-географиялық, саяси-экономикалық және мәдени-интерактивтік факторларға сүйенеді. Түркілер ұзақ уақыт Ұлы Жібек жолы бойында жүргізілген сауда мен мәдени байланыстардың басты қолдаушысы, қатысушысы, әрі ұйымдастырушы ортағы , яғни серіктесі болған. Түркі мемлекеттері мен империялары Ұлы Жібек жолының Транс-Еуразия коммуникация жүйесі ретінде қызмет атқаруында өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарып, бұл жолдың 2200 тарихында белгілі бір аймақтық шекараларда оны өз бақылауында ұстаған. Жібек жолы саясаты - түркі өркениеті мен саяси мәдениетінің іргелі құндылықтары арасында ерекше орын алады. Жібек жолы түркі дүниетанымының әмбебаптануына; ал түркілердің әскери-саяси дарыны Жібек жолының кеңейіп, гүлденуіне жол ашқан.
  • Мыңжылдықтардың өркениет жады мен құндылықтарын өзінде сақтап қалған Ұлы Жібек жолы расында да, адамзаттың дамуында маңызды рөл атқарды. Аталмыш жол алыс-жақын елдер арасындағы тек тауар айырбасын ғана емес, сонымен қатар, жаңашыл технология, дін, ғылым және өнер саласында қол жеткізген жетістіктермен өзара алмасуды да қамтамасыз еткен. Әлемнің тарихы терең осынау транс- өркениет желісі тек Шығыс - Батыс бағытында ғана емес, сондай-ақ кері бағытта да сауда-саттықты жүзеге асырып, Еуропаның көптеген жаңалықтарын Шығыс елдеріне алып келген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет