Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет26/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113
Суретте: Шумерлер [38]


77
қуылғаннан кейінгі Адам ата мен Хауа ананың тұрақтаған жерін 
нақты көрсетіп, олардан шумерлердің тарағанын, ізін ала одан 
басқа халықтардың бөлінгенін мәлімдейді. Бүгінгі археология мен 
этнография мәліметтері алғашқы Қосөзен халқының сол жердің 
тұрғылықты халқы еместігін, олардың солтүстік жақтан келіп 
орналасқаны жайлы байыпты қорытынды жасауға мүмкіндік береді. 
Зерттеушілердің бірі олардың келген жерін Иранның таулы өлкесі 
десе, екіншілері Кавказ дегенді ұстанады. Қазба жұмыстары кезінде 
табылған мәйіттердің бас сүйектері шумерлердің бір нәсілді халық 
болмағанын: брахицефалды (домалақ басты) және долихоцефалды 
(сопақ басты) болғандарын көрсетеді» [37. 229 б.]. 
Ежелгі шумерлер өздерінің жаңа қоныстанған елін Екі өзен үйі, 
ал ежелгі гректер Месопотамия деп атаса, біздің де оны Қосөзен 
аралығындағы ел деп шумерлерше атауымызға болады. Әртүрлі 
тарихи дәуірлерде осы Қосөзен аңғарында Шумер, Аккад, Вави-
лон, Ассирия және т.б. мемлекеттер бірінен соң бірі тарих сахнасы-
на шығып, соңдарына дүние жүзіне танымал мәдениет үлгілерін 
қалдырып, адамзат қауымдастығы тарихына, әлемдік өркениеттің 
қалыптасуына үлкен әсерін тигізді.
Біздің заманымызға жеткен мүсіндерге қарап, олардың шашын 
тықырлап алған, үлкен көзді, толқынды бұйра сақалды, жайдары 
жүзді адамдар болғанын көреміз. 
Тарихи дәуірде Шумер мәдениеті қатар өмір сүрген елдер 
мәдениетінен әлдеқайда озық болған. Осы жерге сауда-саттықпен не-
месе басқа бір себептермен келген адамдар бай Шумер елі, қалалары 
туралы дақпыртты күллі әлемге таратты.
НАНЫМ-СЕНІМДЕРІ. 
Шумер 
құдайлары 
адамдардың 
күнделікті сұраныстарына немқұрайлы қарайтындай абстрактілі 
ұғым болған жоқ. Олардың билігі мен құдіреттілігі қоғам өмірінің 
барлық саласынан сезіліп тұрды. 
Сондықтан да болар, құжаттарда құдай аттары жиі кездесіп 
отырады. Күннің және басқа аспан денелерінің шығуы мен батуы, 
жыл мезгілдерінің ауысуы, дүниеге келу, жаратылу мен өлім және 
т.б. бәрі жердегі иелігін басқарған патшалар сияқты, күллі Ғаламды 
басқарған Патшаның немесе Құдіретті Үкім шығарушының 
еркіне бағынды. Жердегі патшалардың әйелдері, балалары, са-
рай төңірегіндегі қызметшілері болатыны сияқты, Ғаламның 


78
Жоғарғы Әміршісінің де өз отбасы, қоршаған ортасы бар. Айна-
ласын төменгі сатыда тұрған құдайлар қоршаған Жоғарғы, Бас 
Құдай адам бейнесінде қабылданды. Шумерлер қоғамындағы ер 
адам мен әйелдердің алатын орны тәрізді, еркек құдайлардың әйел 
құдайлардан артықшылықтары болды. Дегенмен, шумерлердің діни 
түсінігінде жердің құнарын және аналық бастауды білдіретін Инан-
на – Ана құдайдың орны айрықша. Ол әлеуметтік өмір салаларында, 
діни рәсімдерді өткізуде көрініс тапқан. Бұдан шумерлер қоғамында 
әйел, ананың ерекше құрметтелгені туралы тұжырым жасалады. 
Бастапқы уақытта шумерлердің құдайлар саны өте көп еді, яғни 
әр қаланың өз құдайы болатын. Ежелгі құжаттарда ғаламның белгілі 
бөліктерімен байланысты үш құдайдың аты жиі аталады. Олар: 
Аспан кеңістігінің қожасы – Ан, оның балалары – Энки суға, Эн-
лиль ауаға ие боп, билік жүргізді. Кейде Энлиль – барлық құдайдың 
атасы, ал Ниппурдегі ғибадатхана басты діни рәсімдер өткізілетін 
қасиетті орын саналып, көптеген аймақ пен қала, мемлекеттерге 
бөлінген шумерлер бірлігінің негізі ретінде қарастырылады.
Құдайлар соғыста қала-мемлекеттерді қолдайтын, желеп-
жебейтін, ең күштісі қалғанға дейін соғысатын жеңімпаздар 
ретінде де көзге түседі. Құдайдың ықпалы оның жердегі өкілдері – 
патшалардың жаулап алу соғыстарының көлеміне сай артып отыр-
ды. Уақыт өте келе, «Ұлы патшаның» қарамағындағы өз халқынан 
алшақтап, қол жеткізбес болатынындай, құдайлар да адамнан 
алшақтап, өздері мен халықтың ортасын жалғастырушы ретінде 
абыздарды қояды. Осылайша, өздерін құдай қызметшісі ретінде та-
нитын, діни рәсімдер өткізу құқығын иеленген, теократтық билік 
жүйесіне жақын абыздар табы пайда болады.
Шумерлердің ең танымал абыздары мемлекеттік саясат-
ты жүргізуде басты орын алуға, мүмкіндігінше патша билігінің 
бір бөлігін өз пайдасына шешуге ұмтылады. Лагаштың бас абы-
зы өзінің әріптесіне жазған хатында Лагаш маңындағы жерді 
қаңыратқан, бос қалдырған эламиттерге қарсы жорықта өзінің 
жергілікті әскерді басқарғанын, жауды жеңіп, 540 адамды тұтқынға 
алғанын жазады. Бұл шумер абыздарының қоғамда жетекші орын 
алғанын көрсетеді.
Барлық заң мен шешімді жергілікті құдай атынан жариялаған 
шумерлер үшін құдайлардың өмір сүруі, оларға құлдық ұрудың 


79
қажеттігі даусыз... Өзінің құдай алдындағы болымсыз тірлігін
оның қызметшісі болатынын мойындаған қарапайым шумерлер қол 
жеткізген табыстарын өздерінің табысы демей, құдайлардың берген 
сыйы деп есептейді. Осыған орай, бейнелеу және сәулет өнерлерінің 
туындылары да діни міндеттер атқарады. Басқаша айтқанда, 
өнер, қолөнері туындылары оны жасаған адамды емес, құдайдың 
ұлылығын дәріптеді. Нәтижесінде, «Вавилон мұнарасы», зиккурат-
тар немесе күмбезді ғимараттар пайда болған. Мұны еврейлер пұтқа 
табынудың нышаны деп жақтырмаса, гректер (мысалы Геродот), 
сәулет өнерінің жетістігі деп мойындайды. Шумер құдайлары адам-
дармен араласып, қатысып отырады, мәселен, құдайлар ұрпағының 
адамдарға берілгені аңыздардың біріне арқау болған. 
Саз кітапшалар көптеген аңыздық мәліметтер жеткізді. Мы-
салы, бір аңызда жерде адамның пайда болу себебін түсіндіру 
қызықты сипатталады. Онда құдайлардың қалалар тұрғызу, егін егу, 
арықтар қазумен айналысқысы келмегені, сосын балшықтан адам-
дарды жасап, ауыр жұмыстарды соларға тапсырғаны айтылады. 
Бұдан құдайлар деп көрсетілген ақсүйектер мен қарапайым адамдар 
арасындағы ең алғашқы еңбек бөлінісі көрініс тапқандай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет