Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет28/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113
Қалалары. Шумерлер адамзаттың архаикалық, байырғы ке- 
зеңдегі, демек алғашқы қауымдық құрылыс дәуіріндегі мәдени 
жетістіктерінің мұрагерлері болды. Зерттеушілер сол тарихи 
дәуірден жеткен, ғылымға белгілі қалалар атауының шумерлік емес 
сөздерден шыққанын, ол елді мекендердің шумерлерге дейін пайда 
болған атаулар екенін көрсетеді. «Обейд-шумерлік» мәдениеттің 
қалыптасуына Қосөзеннің оңтүстігінде, өзен жағасын қоныстанған 
тайпалардың жетекші роль атқарғанына сілтеме жасайды. 
Б.д.д. ІV мыңжылдықтың екінші жартысында өзен құйылысына 
қайдан екені белгісіз аймақтан келіп орналасқан шумерлер Эреду 
қаласын басып алады. Белгілі бір уақыт шамасында құрлыққа ден-
дей еніп, қалалар тұрғызады немесе жаңа қалаларды бағындыра 
бастайды. Мысалы, аңызда қайырымды Энки құдайдың тап-таза 
теңіз суы астында Эреду қаласын, ғибадатханасын тұрғызғанын, 
құрлыққа шығарған кезде, қаланың биік тау тәрізді жайнап кеткенін 
жеткізеді. Іргесін тұщы су шайып жатқан қала – Энки құдай меншігі, 
ол – қала мен халықтың қамқоршысы, қорғаны. 
Шумерлер Қосөзен өңіріне тереңдей қоныстанып, байырғы 
тұрғындармен араласып, жергілікті мәдени жетістіктерді 
қабылдайды. Зерттеушілер шумерлердің мәдениеті сол жердегі 
халықтың мәдениетін жетілдіру салдарынан да пайда болған де-
ген тұжырымды қолдайды. Жергілікті халықпен араласып, б.д.д. 
ІІІ мыңжылдық шамасында шумерлер тарих сахнасына шығады, 
мәдениет ошағына айналады. Арнайы әдебиеттерде б.д.д. 3000- 
2600 жылдар аралығында өмір сүрген Урук, Джемдет-Наср қала 
ларынан шумерлер мәдениетінің тарихы бастау алатыны көрсетілген.
Деректерде шумер қалаларының басшылары «энси» немесе «лу-
галь» аталған. «Энси», шамамен «құрылыс басшысы», ал «лугаль» – 
«үлкен адам, мырза, патша» деген ұғымдарды берсе керек. Жазба 
деректерде қала басшысы «эн» – бас абыз аталып, оның атқаратын 
қызметіне қала, сарайлар, ғибадатхана құрылыстары, суармалы 
егіншілік жүйесін жасау, жөндеу жұмыстары кіргені, ал «лугаль» 
жорық кезінде қол бастаған әскери көсем болғаны айтылады.
Мамандар шумерлер иеленген екінші қаланы Урук деп бол-
жайды. Ол Эредудің солтүстік-батысында 75 км жерде орналасқан. 


85
Археологтар мәліметі шумерлер мәдениетінің арта түскенін, мемле-
кет құдіретінің қарқынды дамығанын көрсетеді. Осы қала маңынан 
байырғы заманда топырақ үйіліп, қолдан жасалған көтерме орын 
табылды. Оның үстіне «Ақ ғибадатхана» деп аталған, әктастан Ана 
құдай ғибадатханасы тұрғызылған. Көлемі айтарлықтай үлкен (80 
× 30 м), сыртқы түрі мінсіз орындалған құрылыстың күмбездері 
мен ғибадатхананың басты бөлмесіне алып келетін баспалдақтары 
сәулет өнерінің үлкен жетістігі деп есептеледі. 
Э. Церен шумерлердің басты қаласы туралы: «Урук – адамзат 
мәдениеті тарихының ең тамаша оқиғалары өткен қала. Бұл жер-
де адам алғаш рет жазу өнері пайда болғанға дейінгі қараңғылық 
ғасырларының табалдырығынан жазу өнері сәулесін түсірген та-
рихи өмірге қадам басты. Шығыста тұрмыс қажеттіліктерінің 
туындысы болған бірінші пиктографиялық жазу құжаттарда 
бейнеленді, оны оқып-зерттеу мүмкіндігі пайда болды. Демек, 
өркениетті әлемнің түсінігінше, бірінші тарихи дәуір бастауын 
осыдан алады. Осы уақытқа дейін болғанның, яғни жазбаша түрде 
жазып қалдырылмағанның, бейнеленбегеннің бәрі – тарих емес, 
ол беймәлім, жасырын тарихтың бастауы. Сондықтан нағыз тарих 
өз мәнінде Урукке жүргізілген жер қыртысы қазбасының төртінші 
қабатынан басталады. Атап айтқанда, сол жерде осы күнге дейін 
Азиядан табылған құжаттардың ең ескісі жатыр», – дейді [40. 155 б.]. 
Б.д.д. ІV мыңжылдықпен белгіленетін Уруктің төртінші қабатынан 
ежелгі саз кітапшаларға жазылған кестелер табылған. 
Шумерлер мәдениеті дамуының келесі сатысын зерттеушілердің 
басым бөлігі Киш қаласының солтүстік-шығысында (35 шақырым) 
орналасқан Джемдет-Наср (б.д.д. 2800-2600 жж.) қаласының атымен 
байланыстырады. Осы жерден қара, сары, қанық қызыл өрнектері 
бар құмыралармен қоса, мыс пен қалайы қоспасынан жасалған 
бұйымдар табылды. Бұл тарихи дәуірде қола ғасырының өмірге 
енгенін аңғартады.
Осы 
дәуірдегі 
қалалардың 
бір-бірінен 
айтарлықтай 
айырмашылығы болған жоқ. Әрбір қала ортасында жасанды 
көтерме (топырақ үйіндісі) үстінде ғибадатханалар бой көтерді. Олар 
қабырғаларының құрылымы, нақышталуы, біртекті күмбездері, 
құрбандық шалатын орындары және т.с.с. ұқсастықтарымен, 
бір-бірін қайталап отырғандай әсер қалдыратын. Материалдық 


86
мәдениеті, діни сенімдері, әлеуметтік құрылымдары біртекті бола 
тұра, қалалар арасында ауызбірлік болмай, бақталастық орын алған. 
Осыдан Қосөзен қалалары дербес, өзара жауласушы мемлекеттер 
ретінде көзге түседі. 
Қосөзен аңғарында пайда болған қалалардың басшылары 
үстемдікке ұмтылды, билікке таласты. Көрші отырған қалалар 
бақталастықпен жер, су үшін аяусыз соғысты. Жеңіске жеткен қала 
билеушісі өзін жартылай құдаймын деп жариялады, патша лауазы-
мын алып, өз тұқымын қуалайтын билік орнатты. Егер ол өз билігіне 
бірнеше қаланы бағындырса, «ұлы патша», «патшалардың патша-
сы» атағын иеленді. Тек соғыс салдарынан ғана билеушілер жоғары 
биліктен айырылатын еді.
Сол уақыттағы қала қорғандарының сыртқы жау шапқын-
шылығына тосқауыл болғанын, көрген жанның зәресін ұшыратындай 
сұсты қабырғаның арғы беті ұрандап шабуылдаған әскерилерге толы 
болғанын шумерлер әдебиеті көрсетеді. 
Ежелгі Шығыс елдерінде теократтық билік жүйесі қалыптасты, 
билік иесінің соғыс күші мен саяси ықпалы артқан сайын, оның 
құдайлық қасиеттері де өсе түсті. Бұл ежелгі әлем халықтары 
ешбір күмән келтірмеген өте тиімді саяси-әлеуметтік жүйе бол-
ды. Ежелгі шумерлер, вавилондықтар, ассириялықтар мен парсы-
лар өз патшаларының мейірбандығына, жеткілікті парасаты мен 
қайырымдылығына сенді. 
Мемлекет тұрақтылығы патшаның құдайлық құқына, құдайдың 
жердегі өкіліне деген сенімнің шынайы мойындалуынан көрініс тап-
ты. Шын мәнінде, шумерлер қоғамының күші ресми билікке шексіз 
мойын ұсынуда болды.
Халықтың құдай мен оның жердегі өкілі – патшаның құқығын 
шынайы мойындауы мемлекетке жоғары дәрежедегі тұрақтылықты 
сақтауға мүмкіндік жасады. Адам мен тұлғаның еркі қоғамдық 
санаға бағынды, қоғам өмірінің тұрақты дамуын көксегендер қоғам 
игілігі үшін өз сұраныстарын шектей білді, түрлі табиғат апат- 
тары – су тасқындары, қуаңшылық, жер сілкіністері адамның өз тай-
паластарынан оқшау, бөлек өмір сүруіне мүмкіндік бермеді. 
ХVІІ ғасыр басында Италия саяхатшысы Пьетро делла Валле 
Қосөзеннің оңтүстік аймағында, арабтар Мукаяр атаған төбеде қазба 
жұмыстарын жүргізеді. Ол «Інжілде» Ур деп аталатын қаланың 


87
төбе астында жатқанын білмей, шумерлердің ірі қалаларының бірін 
іздестіреді. Шумер өнерінің ең бір тамаша ескерткіш үлгілеріне 
археологтар осы төбеге қазба жұмыстарын жүргізгенде кезігеді. 
Ғалымдар қаладан екі табыт тауып, оның б.д.д. ІІ мыңжылдықта 
өмір сүрген Ур патшасы Мескаламдуга мен патшайым Шубадтың 
мәйіттері екенін анықтайды. Бұл жерден әдемі сәндік бұйымдар, 
ағаштан жасалған арфа, алтын, күміс, лазуритпен әрленген заттар; 
сақалы лазуриттен, басы алтыннан жасалған бұқа; дойбы ойнай-
тын әсем безендірілген өте бағалы тақта, қайықтың күміс ескегі 
бейнеленген үлгі, құмыралар, қару-жарақтар және т.б. металдардан 
жасалған бұйымдар табылады.
Қаланың үлкен бөлігі зерттеліп, б.д.д. ХVІІ ғасырға жататын 
Рамсиннің патшалық құрған уақытындағы көшелері, алаңдары, 
тұрғын үйлердің орындары аршылып, олар қала тұрғындарының 
өмірі туралы мәліметтер берді. 
Шумер қала-мемлекеттері өз дамуында үлкен жетістіктерге 
жетті. Егер салыстырар болсақ, бұл кезде Еуропа әлі де болса тас 
ғасырында өмір сүретін. Оның жартастағы үңгірлерді мекендейтін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет