143
қалдықтары бар ыдыс, діни рәсімдер өткізілетін кезде керекті
күйдірілген қыш бұйымдар табылған.
Б.д.д. ХVІІІ ғасыр соңында Харапп мәдениеті өмір сүруін
тоқтатқаны туралы әртүрлі пікір айтылады. Бір кездегі кең көшелер,
ғибадатханалар азып-тозып, оның жоспарлы салтанатына нұқсан
келеді. Археологиялық қазба жұмыстары бір кезде гүлденген
қалалардың құлдырауы жүздеген жылға созылғанын, оған сырт ел
шапқыншылығы әсерінің болмағанын көрсетеді. Осы тоқырау сал-
дарын зерттеушілердің бірі Инд өзені жағалауына дамуы кешеуілдеп
қалған тайпалардың келіп қоныстана бастағанынан көрсе, екіншілері
егіншіліктен жердің азып-тозу салдарын алға тартады. Қалай десе де,
ежелгі Үнді жерінде пайда болған қалалар мәдениеті ізсіз жоғалып
кеткен жоқ, бұл мұра сақталып, кейінгі діни ғибадаттардан, индуизм
культі мен сенімдерінен көрінісін табады. Қалалар орнын ауылдық
елді мекендер басады.
Қолөнер жетістігі ретінде Харапп керамикасы өзіндік ерек-
шелігімен көзге түседі. Ыдыстарға негізінен өсімдік өрнектері
салынған. Қазба жұмыстары кезінде алтын, күміс, қоладан жасалған
бұйымдар табылған.
Суретте: Абыз, биші бейнесі мен терракоталық жәдігерлер,
Достарыңызбен бөлісу: