Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет48/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113
ҚалаларыХарапп, М-Даро қалалары мәдениеті жергілікті салт-
дәстүрлер негізінде елдің солтүстік аймағында пайда болып, бірнеше 
даму сатыcынан өтіп, көптеген ғасырлар бойы өмір сүреді. Ғалымдар 
оның пайда болуын әртүрлі уақытпен, ең ерте бастауын біздің 
дәуірімізге дейінгі ІІІ мыңжылдықпен белгілейді. Тарихи дәуірде өмір 
сүрген Қосөзен аралығындағы қалалар Месопотамия, Орталық және 
Орта Азия, Оңтүстік Үнді аймақтарымен тығыз байланыста дамыды. 
Қол өнері, бейнелеу және жазу өнері (олар ерекше талғампаздығы, кере- 
меттігімен бүгін де көрермендерін таң қалдырады) пайда болады.
Соңғы зерттеулер Хараппа тұрғындарының жазуды оңнан солға 
қарай жазғанын анықтады. Бірақ, сол тарихи уақыт туралы деректерді 
молайтары сөзсіз жазу сырының құпиясы әзірге түпкілікті шешілген 
жоқ. Зерттеушілердің басым бөлігі оның ең ежелгі тілдердің бірі 
болғанымен келіседі. Дегенмен, бүгін ол мәдениет туралы біз
өзімізге жеткен материалдық және бейнелеу өнерлері арқылы пай-
ымдаулар жасай аламыз. 
Өзінің кең көлемді таралуы, қанат жаюы тұрғысынан Ха-
рапп мәдениеті – ежелгі Шығыстағы ең үлкен мәдениеттердің бірі. 
Үнді мәдениетінің шекаралық аймағы батыстан шығысқа қарай
1 600 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1250 шақырымға 


142
созылған. Осындай үлкен өңірдегі мәдениет бірдей немесе біркелкі 
болды деп айту қиын. Сондықтан зерттеуші ғалымдар онда 
этникалық, тайпалық мәдениет ерекшеліктерінің болғанына назар 
аударады. 
Харапп мәдениетінің болашақ Ежелгі Үнді өркениеті дамуы-
на әсері болды ма деген сұрақ төңірегіндегі айтыс та бір тоқтамға 
келген жоқ. Ғалымдардың біреуі ондай ықпал, әсерді теріске 
шығарса, екіншілері Харапп мәдениетінің ведалық және соңғы 
ведалық мәдениетпен байланысы туралы айтады. Археология, тіл 
білімдері мұндай өзара әсердің болғанынан деректер береді. Харапп 
мәдениетінің әсері, әсіресе, бейнелеу өнеріндегі соңғы кезеңдермен 
байланысты. Әрі деректер соңғы Харапп мәдениетінің осы жер-
ге ведалық тайпалар келгенге дейін сақталғанын көрсетеді. Бұл 
кезде тайпааралық араласу (ассимиляция) жоғары деңгейге жетіп
Солтүстік Үнді жеріндегі этникалық салт-дәстүрлердің біріге баста-
уы жайлы шартты түрде айтуға болады. Үнді, яғни Харапп халқы 
мәдениетінің құлдырау себептері қандай болса да, ол алғашқы жат 
жерлік тайпалармен кездескен уақытта өмір сүруін толық тоқтатты. 
Алайда оның ведалық бай мәдениетін ізсіз жоғалды деп пайым-
дау шалағайлық болар еді. Біз бұрыннан келе жатқан тұрғылықты 
халықтың ведалық және соңғы ведалық дәстүрлердің қалыптасуына 
тигізген әсері жайлы білмесек, ол мәселенің дұрыс зерттелмеуінен, 
ізденуші ғалымдардың жеткілікті көніл аудармауынан болуы 
ықтимал. Харапп жазба деректерінің сыры әлі күнге ашылған жоқ 
десек те, олардың бейнелеу өнерінде аңыздық түсініктері туралы 
мәліметтер беріледі.
Харапп халқының аңыздық, космографиялық түсініктері, 
иконографиялық жүйелері кейін пайда болған діни ілімдер – ин-
дуизм, буддизм, жайнизмге өз әсерін тигізген. Көптеген мөрлерде 
қасиетті жануарларға, өсімдіктерге, мерекелік салтанатты діни салт-
жоралғыларға байланысты құдайларға құрбандық шалу рәсімдері 
салынған. Сондай-ақ, салт-жоралғы ыдысын қолына ұстаған 
адамның, тақта отырған абыздың (мүмкін ел басшысының) аспан-
нан түскен құдай алдында тізесін бүгіп тұрғаны бейнеленген. Осын-
дай мөрлердің бірінің бетіне мехраб салынған. Калибангандағы 
қамалдың оңтүстік бөлігінен Үнді археологтары мехраб орналасқан, 
қыш кесектен жасалған алаңды кездестірген. Осы жерден күл 


143
қалдықтары бар ыдыс, діни рәсімдер өткізілетін кезде керекті 
күйдірілген қыш бұйымдар табылған. 
Б.д.д. ХVІІІ ғасыр соңында Харапп мәдениеті өмір сүруін 
тоқтатқаны туралы әртүрлі пікір айтылады. Бір кездегі кең көшелер, 
ғибадатханалар азып-тозып, оның жоспарлы салтанатына нұқсан 
келеді. Археологиялық қазба жұмыстары бір кезде гүлденген 
қалалардың құлдырауы жүздеген жылға созылғанын, оған сырт ел 
шапқыншылығы әсерінің болмағанын көрсетеді. Осы тоқырау сал-
дарын зерттеушілердің бірі Инд өзені жағалауына дамуы кешеуілдеп 
қалған тайпалардың келіп қоныстана бастағанынан көрсе, екіншілері 
егіншіліктен жердің азып-тозу салдарын алға тартады. Қалай десе де, 
ежелгі Үнді жерінде пайда болған қалалар мәдениеті ізсіз жоғалып 
кеткен жоқ, бұл мұра сақталып, кейінгі діни ғибадаттардан, индуизм 
культі мен сенімдерінен көрінісін табады. Қалалар орнын ауылдық 
елді мекендер басады. 
Қолөнер жетістігі ретінде Харапп керамикасы өзіндік ерек- 
шелігімен көзге түседі. Ыдыстарға негізінен өсімдік өрнектері 
салынған. Қазба жұмыстары кезінде алтын, күміс, қоладан жасалған 
бұйымдар табылған.
Суретте: Абыз, биші бейнесі мен терракоталық жәдігерлер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет