Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет60/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113
Суретте: Үштаған ошақ. 
Яншао мәдениеті
б.д.д. 5000-3000 жж. [77]


180
археологиялық қазба жұмыстары кезінде табылған мәдениеттер 
ішіндегі ең танымалы. 
Шансидегі Баньпо қыстағынан табылған Яншао мәдениетінің 
ең байырғы құралдарының пайда болған кезі б.д.д. 4800-3600 
жж. аралығына жатады. Құрылысы біртекті үйлер қауымдастық 
мүшелері арасында әлеуметтік айырмашылықтың болмағанының 
дәлелі. Қызыл саздан жасалған тостаған, құмыра және т.б. 
бұйымдар сан алуан түрлі геометриялық ою-өрнекпен, адамның бет 
бейнесімен, балық, бұғы және жазу өнерінің ең қарапайым түріне 
ұқсас белгілермен безендірілген. 
Б.д.д. 3300-2050 жылдар аралығында Яншао мәдениетінің 
жалғасы ретінде Қытайдың Батыс Ганьсу, Цинхай провинцияла-
рында дамыған Мацзяяо, Баньшань мәдениеттері ішкі Моңғолияны 
да қамтыды. Мұнда бұйымды мыс, қола, алтын және күміспен 
әрлеп әшекейлеу орын алған. Б.д.д. 5000-3300 жылдарға жататын 
Қытайдың шығыс бөлігінде орналасқан Мацзябан және Хэмду 
мәдениеттері балық аулау, ит, шошқа, буйвол өсіруге негізделген. 
Хэмду қоныстарын қазған кезде, тұғырға тұрғызылған тұрғын 
үйлердің орындары табылған. 
Мацзябан мен Хэмдудің 
жалғасы Сунцзэ (б.д.д. 4000- 
3000 жылдар) және Цинлянь-
ган (б.д.д. 4800-3600 жылдар) 
мәдениеттері болды. Цинлянь-
ган мәдениетінің нефриттен 
жасалған бұйымдары – бүгінгі 
таңдағы танымал бұйымдардың 
ең ежелгісі. 
Ляонинде 
және 
ішкі 
Моңғолияда дамыған Хуншань 
мәдениеті (б.д.д. 3600-2000 жыл-
дар) нефрит бұйымдары арқылы 
көзге түседі. Сонымен қоса
осы мәдениетке жататын діни 
кешеннің орны табылған, қазіргі 
кезде сол орын ең алғашқы 
ғибадатхана деп есептеледі.
Суретте: Керамика ыдыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет