232
ХІХ ғасыр ортасында үнді-еуропалық тілдер түрінің өмір
сүргені дәлелденді. Тіл білімінің салыстырмалы-тарихи әдістемесі
жасалды (мұнда санскрит оқулары үлкен роль атқарды). Егер тілдің
бұрын белгілі болған ежелгі тілмен жақындығы дәлелденсе, онда
зерттеушілер түсініксіз, беймәлім мәтіндерді оқу мүмкіндігіне
ие болады. Осы ғасырдың 30-40 жылдарында ағылшын елшісі,
шығыстанушы Генри Роулинсон б.д.д. VІ ғасырдың соңында Бехи-
стун жартасына парсы патшасы Дарийдің бұйрығы бойынша үш
тілде – ежелгі парсы, аккад, элам тілдерінде жазылған, бір мазмұнды
мәлімет берілген үлкен сына жазуын оқыды. Бехистун жазуының
оқылуы тек буындық (парсы) қана емес, одан да күрделі сөздік-
буындық (аккад, ассирия-вавилондық) сына жазуларының да сыры
ашылуы үшін маңызды мәліметтер берді. Б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырларға
жататын Ниневия және Хорсабадтағы Ассирия патшаларының сарай-
лары орнына жүргізілген қазба жұмыстары таңқаларлық нәтижелер
әкелді. Британ мұражайы Ассирия бедерлерінің бай топтамасына ие
болды.
Достарыңызбен бөлісу: