Қалас жамалов әлемдік өркениет іздері: ежелгі шығЫС



Pdf көрінісі
бет84/113
Дата01.12.2022
өлшемі36,74 Mb.
#54227
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113
сына жазуы [103]


231
Лассен бірінші баған сына жазуларының барлық таңбасының дұрыс 
оқылуына қол жеткізеді. 
Осы уақытта Парсы елінде елшілік қызметін атқарған майор 
Генри Кресвик Роулинсон да (1810-1895 жж.) сына жазуларының сы-
рын ашуға талпынады. Ресми және бейресми қызметі қандай бол-
са да, оны археология мен сол кезде алғашқы жетістікке жеткен са-
лыстырмалы тіл білімі қызықтырады. Ол 1835 жылдың жазы мен 
күзінде Керманшах қаласы маңындағы биік Бехистун жартасына 
салынған құпия бейнелер мен белгілердің, ежелгі парсы тілінде 
жазылған мәтіндердің көшірмесін жасайды. Көп ұзамай, 1837 жылы 
Роулинсон көшірген және аударған екі үзіндінің мәтінін Лондонның 
Азия қоғамына жібереді. Жіберілген бұл еңбек жоғары бағаланып, 
оқырман қауымға белгісіз майорға Париждің Азия қоғамының 
құрметті мүшесі атағы беріледі. Жұмысын аяқталды деп есептемеген, 
сыры ашылмаған Бехистун жазуының екі бөлігі жайлы ой маза бер-
меген Роулинсон 1844-1847 жылдар аралығында сына жазуларының 
қалған бөліктерін көшіреді. Осылайша, ғалымдардың қолына ежелгі 
парсы тілінде жазылған, сыры ашылмаған тағы екі мәтін түседі. Со-
дан, 1855 жылы Эдвин Норрис сына жазуының екінші түрінің сы-
рын ашып, жүзге жақын буындық белгіден тұратын мәтіннің элам 
тілінде жазылғанын анықтайды [44].
Cуретте: Бехистун жартасындағы бейнелер [104]


232
ХІХ ғасыр ортасында үнді-еуропалық тілдер түрінің өмір 
сүргені дәлелденді. Тіл білімінің салыстырмалы-тарихи әдістемесі 
жасалды (мұнда санскрит оқулары үлкен роль атқарды). Егер тілдің 
бұрын белгілі болған ежелгі тілмен жақындығы дәлелденсе, онда 
зерттеушілер түсініксіз, беймәлім мәтіндерді оқу мүмкіндігіне 
ие болады. Осы ғасырдың 30-40 жылдарында ағылшын елшісі
шығыстанушы Генри Роулинсон б.д.д. VІ ғасырдың соңында Бехи-
стун жартасына парсы патшасы Дарийдің бұйрығы бойынша үш 
тілде – ежелгі парсы, аккад, элам тілдерінде жазылған, бір мазмұнды 
мәлімет берілген үлкен сына жазуын оқыды. Бехистун жазуының 
оқылуы тек буындық (парсы) қана емес, одан да күрделі сөздік-
буындық (аккад, ассирия-вавилондық) сына жазуларының да сыры 
ашылуы үшін маңызды мәліметтер берді. Б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырларға 
жататын Ниневия және Хорсабадтағы Ассирия патшаларының сарай-
лары орнына жүргізілген қазба жұмыстары таңқаларлық нәтижелер 
әкелді. Британ мұражайы Ассирия бедерлерінің бай топтамасына ие 
болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   113




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет