Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет130/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   596
Өнегелі пай ғам барлар (Будда үлгі) басқаларға жеке мысал арқылы діни құтқа-
рылу жолын көрсетеді. Кез келген жағдайда пайғамбарлар дін жолына көптеген 
ізбасарларды тартуға қабілетті, дін қызметшілерімен бірге пайғамбардың ізба-
сарлары діннің жүрегін қалыптастырады. Пайғамбарлар, алдымен, жеке басын 
үлгі етуі мүмкін, бірақ бұл топты тұрақты қауымға айналдыру қажет. Осындай 
мирасқорлық қалыптасқаннан кейін дінді рационалдандыру бағытында үлкен 
қадамдар жасалады.
Пайғамбарлар басты рөл ойнайды, бірақ қауым пайда болғаннан кейін 
олардың қажеті болмайды. Шын мәнінде олар, негізінен, иррационалды бол-
ғандықтан, діннің рационалдығына кедергі болады. Дін қызметшілері мен 
пайғамбарлар ара 
сындағы конфликт өрши түседі, бірақ бұл ұзақ мерзімді 
перспективада рацио налды діни топтың жеңуіне алып келуі тиіс. Осы конф-
ликтіде дін қыз мет шілерін қоғамның қалған бөліктеріндегі рационалдандыру 
қолдайды. Зайыр лы әлем әл деқайда сауатты және бюрократиялы болған са-
йын, көпшілікті тәрбиелеу мәселесі дін қызметшілері үшін өзекті бола түседі, 
олардың сауат тылығы пайғамбарлар алдында үлкен артықшылық береді. Оған 
қоса, пайғамбарлар уағыз айтса, дін қызметшілері күнделікті қамқорлыққа қа - 
тысты тапсырманы орындайды. Уағыз айтудың ерекше маңызы бар, ал діни қыз-
мет көрсету немесе діни білімін ұдайы жетілдіру арқылы дін қызметкерлері ру-
хани кемелдене түседі. Батыс әлеміндегі шіркеулер рационалдық пасторалдық 
сипатты этикалық дінмен біріктіріп, дінді ерекше ықпалды және рационалды 
етті. Бұл рационалданған дін қаладағы орта таптардың арасынан жаңадан қо-
сылғандарды баурап алу үшін қолайлы болып шықты, сөйтіп экономикалық 
өмірді, сондай-ақ өмірдің басқа да салаларын рационалдандыруда шешуші рөл 
атқарды.
Заң. Дінді талдау сияқты, Вебер өте иррационалды деп санайтын заңдарды ой 
елегінен өткізіп, сараптай бастады. Қарапайым заң нормаларының жүйесі са-
раптауды қажет етті. Мысалы, азаматтық тәртіп бұзушылық (құқық бұзушы-
лық) пен қылмыс арасында ешқандай айырмашылық болмады. Осылайша, жер 
телімдеріне және адам өлтіруге қатысты қайшылықтарға байланысты істер қа-
ралып, қылмыскерлердің бәрінің бірдей жазалануы әбден мүмкін. Сонымен қа-
тар қарапайым заңдарда ешқандай ресми механизм болмады. Кек алу етек алды, 
қылмысқа жауап қайтарудың басты жолы осы болды, ал заң рәсімдік шараларды 
немесе ережелерді орындаудан босатылды. Көшбасшылар ізбасарлармен емін-
еркін жұмыс істеді. Осы ерте иррационалды кезеңнен бастап Вебер соттық рә-
сімдік шараларды дамытудың тиімді жолын қарастырды. Вебердің әдеттегі пікі-
рінше, заңның рационалды, жүйелі теориясы тек Батыста ғана дамыды.
Вебер рационалды құқықтық жүйені жасаудың бірнеше ке зең ін анықтады 
(Shamir, 1993). Ерте кезең заңды пайғамбарлар арқылы харизма тикалық құқық-
тық сырды ашуды қамтиды. Сонда ғана заңды құзыреттілігі бар құрметті тұлғалар 
заңды эмпирикалық түрде дайындап, негіздейді. Кейінірек зайырлы немесе тео-
кратиялық билік заңдарды күштеп қолдана бастайды. Ал қазіргі жағдайда заң жү-
йелі түрде дайындалады: ресми және жүйелі түрде заңгерлік дайындықтан өткен 
тұлғалар сот төрелігін жүзеге асырады.


154
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Вебер заңда дін сияқты кәсібилендіру үдерісіне ерекше мән берді: заңгер 
мамандығы Батыс заңын рационалдандыру үшін шешуші мәнге ие. Әрине, 
басқа да факторлар бар (мысалы, Рим заңының әсері), бірақ заң мамандығы 
оның ой-пікірінде басты орынға ие болды: «саналы түрде қол да нылатын қағи-
далар жиынтығын құрайтын формалды түрде әзірленген заң ешқашан білім-
ді мамандардың қатысуынсыз жүзеге асырылмады» (Weber, [1921] 1978:775). 
Вебер көптеген сыртқы ықпалдың болатынын, әсіресе заңды рационалдан-
дыруға итермелейтін рационалданушы экономика ықпалын жақсы білді, 
әйтсе де «ең маңызды күш – заңгер мамандығын кәсібилендіру» деп санады 
([1921]:1978:776).
Вебер құқықтық оқытудың екі түрі бар екенін айтады, бірақ рационалды 
құқықтың дамуына үлес қосатын біреуін ғана айрықша атады. Ол – қолөнерді
оқыту, шәкірттер шеберлерден, ең алдымен, құқықты іс жүзіндегі тәжірибе 
барысында үйренеді. Оқытудың мұндай түрі жағдайлық басымдығымен сипат-
талатын заңның формалды түрін қалыптастырады. Мақсат – заңның толық- 
қанды рационалды жүйесін құру емес, керісінше, қайталанатын түрлі ахуал-
дармен айналысатын практикалық тиімді жағдайларды жасау. Осы жағдайлар 
әлемдегі нақты мәселелерге байланысты болғандықтан, жалпы рационалды 
және жүйелі құқықтық заң шығарылмайды.
Керісінше, академиялық құқықтық оқыту Батыстың рационалды құқығы-
ның негізін қалады. Бұл жүйеде заң теориясы мен ғылымына ерекше назар ау-
дарылды, басқаша айтқанда, заңды құбылыстар рационалды және жүйелі түрде 
реттелетін арнайы мектептерде оқытылды. Қалыптасқан заңды ұғымдар дерек-
сіз нормалар сипатына ие. Бұл заңдарды түсіндіру қатаң формалды және логи-
калық түрде жүреді. Олар арнайы оқу-жаттығулар кезінде дайындалған заңдар-
ға қарағанда жалпылама болып келеді.
Академиялық құқықтық оқытудың бірқатар сипаттамалары бар, оның ішінде:
1. Әрбір айқын заңды шешім абстрактілі құқықтық ұсыныстардың нақты 
жағдайларға қолданылуын қамтиды.
2. Әрбір нақты жағдайда абстрактілі заңды ұсыныстардан логикалық түрде 
шешім қабылдауға мүмкіндік болуы керек.
3. Заңдық-құқықтық ұсыныстардың мінсіз жүйесі болуы немесе кем дегенде 
солай қарастырылуы керек. 
4. Құқықтық мінсіз жүйе барлық әлеуметтік қызметтерде қолданылуы тиіс.
Вебер заң нормалардың мәдени жүйесінен формалды заңдардың анағұрлым 
жетілген құрылымдық жүйесіне көшіп, «дамығанына тарих куә болды» деген 
пікірді қолдады. Тұтастай алғанда, акторлар барынша көп рационалды құқық-
тық жүйе арқылы шектеліп келеді. Бұл дұрыс болса да, Вебер актордың маңыз-
дылығын назардан тыс қалдырмады. Бір жағынан, Вебер ([1921] 1978:754–755) 
акторлар заңның пайда болып, өзгеріп отыруына пәрменді ықпал етті деп са-
найды. Алайда заңды жалпы рационалды процестің бөлігі деп қарау жөніндегі
Батыстағы пікірталас Вебердің осы саладағы жұ мыстарының маңызды аспекті-
сіне айналғаны мәлім.


155
4-тарау

Макс Вебер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет