Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет131/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   596
Мемлекеттік құрылым. Саяси жүйені рационалдандыру заңды рационалдан-
дырумен, сайып келгенде, әлеуметтік жүйенің барлық элементтерін рационал-
дандырумен тығыз байланысты. Мысалы, Вебер: «Саяси құрылым неғұрлым 
рационалды болған сайын, заңдағы жүйелі иррационалды элемент терді жою 
мүмкін болады», – деді. Рационалды саяси жүйе иррационалдық құ қықтық жү-
йемен үйлесімді жұмыс істей алмайды және керісінше. Вебер саяси басшылар 
заңды рационалды етудің саналы саясатын ұстанатынына сенбеді; керісінше, 
олар өздерінің рационалды басқару құралдарының талаптары бойынша осы 
бағытты барған сайын дамыта бермек. Вебер қайтадан акторлар құрылымдық 
(мемлекет) және мәдени (рационалдандыру) күштерді басшылыққа алатыны 
туралы позицияны жақтады.
Вебер мемлекеттік құрылымға «әлеуметтік әрекет территориясы мен адам-
дардың іс-әрекеттеріне үстемдік ету үшін, әдетте қару-жарақ күшіне сенім арт-
қан қоғамдастық» деген анықтама берді. ([1921] 1978:901). Мұндай саясат түрі 
барлық жерде әрдайым болмады. Ол жалпылама қорғаныс міндетін атқарған-
мен, үй шаруашылығына, көршілес қауымдастыққа, экономикалық топқа және 
т.б. жеке ұйым ретінде қызмет етпейді. Вебер саяси құрылымды әлеу меттік құ-
рылым ретінде қарастырғанымен, оның жеке әрекет-бағыттарына баға беруде 
аса сақ болды. Оның пікірінше, қазіргі саяси бірлестіктердің аброй-атағы өз мү-
шелері тағайындаған беделге негізделеді.
Өзінің әдеттегі стратегиясына сай, Вебер мемлекеттік биліктің дамуын қа-
дағалау үшін қарапайым жағдайларға қайта оралды. Ол зорлық-зомбылық 
қоғамдық іс-қимылдың негізі екенін анықтады. Дегенмен заңды зорлық-зом-
былықтың монополизациясы мен рационалды реттелуі ерте қоғамдарда бол-
ма ғанымен, ғасырлар бойы дамыды. Қарапайым қоғамда болмаған зорлық-зом-
былықты рационалды бақылау ғана емес, сонымен бірге оның қазіргі заманға 
тән басқа да негізгі функциялары мүлде болмаған немесе рационалды түрде 
реттелмеген. Бұған заң, полиция, сот төрелігі, әкімшілік және әскери қызмет се-
кілді қызметтер кіреді. Батыста саясаттың өркендеуі осы функцияларды ұдайы 
дифференциациялау және дамытумен тығыз байланысты. Бірақ ең маңызды қа-
дам – олардың бірыңғай, үстем, рационалды реттелген мемлекетте бағынышты 
болуы.
Қала. Вебер Батыста қаланың өсуіне де қызығушылық танытты. Қала феодал-
дық тәртіпке балама ұсынады және қазіргі капитализм, жалпы алғанда, рацио-
налдықтың дамуына жағдай жасады. Ол қалаға мынадай сипаттама берді:
1. «Бұл – салыстырмалы жабық елді мекен».
2. «Бұл салыстырмалы түрде өте үлкен».
3. «Нарық дамыған».
4. «Ішінара саяси автономия деуге болады».
Көптеген қоғамдарда қалалар осы сипатқа ие болғанымен, Батыс қалалары 
өздеріне тән рационалды сипатта дамып, рационалды ұйымдастырылған нарық 
және саяси құрылыммен ерекшеленді.
Вебер қаланың рационалды формасын не себепті дамытуға болмағанын


156
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
анықтау үшін әртүрлі қоғамдарды қарастырды. Ол Қытайдағы дәстүрлі қа уым-
дастық пен Үндістандағы касталық жүйелердің мұндай қалалардың дамуына 
кедергі жасайтынын анықтады. Бірақ Батыста көптеген рационалдандыратын 
күштер заманауи қаланы құруға бірлесе күш салды. Мысалы, қаланы дамыту 
салыстырмалы түрде рационалды экономиканы талап етеді. Бірақ, әрине, кері 
тұжырым да дұрыс: экономиканың рационалды дамуы заманауи, өркендеген 
қаланы қажет етеді.
Өнер түрлері. Вебер ой-пікірінің кеңдігін сезіну үшін әрқилы өнер түрлерін 
рационалдандыру жөніндегі жұмыстарына назар аударып көрейік. Мысалы, 
Вебер ([1921] 1958) «Батыста музыка ерекше рационалды бағытта дамыды» 
деген пікірде болды. Музыкалық шығармашылық кешенді принциптерге не-
гізделген күн делікті рәсімдер деңгейіне жатқызылды. Батыс әлеміндегі му-
зыка «музыка өндірісінің тиімді, танымал құралдармен және түсінікті ере-
желермен жұмыс істейтін есептеу ісіне айналуын» басынан өткерді (Weber, 
[1921] 1958:li). Рационалдандыру үдерісі өзі қатысатын барлық институттарда 
шиеленіс тудырса да, дегенмен бұл кедергілер музыкадан басқа жерде онша 
байқалмайды. Өйткені музыка мәнерлі икемділік аренасы болуы керек, бірақ 
ол біртіндеп рационалды және ақыр соңында математикалық жүйе деңгейіне 
дейін төмендейді.
Вебер ([1904–1905] 1958) өнердің басқа түрлерінде де осыған ұқсас дамуды 
көреді. Мысалы, сурет өнерінде Вебер «Қайта өркендеу дәуірінде пайда бол-
ған сызықтар мен кеңістік перспективаларын рационалды пайдалануды» атап
көрсетеді ([1904–1905] 1958:15). Сәулет өнерінде «готикалық күмбездің қы-
сым ды бөліп тарату құралы және барлық түрдегі шатыр ретінде, сонымен қа-
тар, ең алдымен, алып ғимараттардың конструкциялық принципі және әлем-
нің басқа жерлерінде болмаған, орта ғасырда пайда болған осындай мүсін мен 
сурет өнеріне ортақ стиль негізі ретінде рационалды қолданылғанын атап көр-
сетеді» (Weber, [1904–1905] 1958:15).
Біз Вебердің қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларындағы рационалдандыру 
идеяларын зерттей отырып, талай беттерді парақтадық. Вебер ешқандай жер-
де айтпаса да, «рационалдықтың мәдени деңгейіндегі өзгерістер құрылымдар-
дың, сондай-ақ қазіргі заманғы әлемнің жеке ой-пікірлері мен іс-әрекет терінің 
өзгеруіне әкеліп соғады» деген пікірде болғанын ескергеніміз жөн. Рационал-
дандыру үдерісі нақты құбылыстармен ғана жеке-дара байланысқа түспейді, 
сонымен қатар әртүрлі әлеуметтік құрылымдарға, жеке адамдардың ойлары 
мен әрекеттеріне кіріктіріледі. Сәл басқаша айтар болсақ, басты мәселе – бұл 
рационалдықтың мәдени жүйесі Вебердің жұмысында себептік басымдыққа 
ие. Мұны Вебердің дін мен экономика арасындағы қарым-қатынас туралы, 
әсіресе дін мен дамудың немесе капиталистік экономика дамуының жоқтығы 
туралы көзқарасын қарастыру арқылы көре аламыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет