Алеуметтану тероиясы indb


Әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы рационалдандыру



Pdf көрінісі
бет129/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   596
Әртүрлі әлеуметтік жағдайдағы рационалдандыру. Бұл жерде Вебер ра-
цио- нализациясының төрт түрі арасындағы айырмашылықтар атап өтілсе де, 
олар-дың ішінде бірқатар ұқсастықтар бар. Осылайша біз бір жағдайдан екін-
шісіне ауысқан кезде, Вебер сияқты кейде рационалдандырудың жалпы және 
нақты бір түрлеріне назар аударамыз.
Экономика. Энгeрманға (2000:258) сирек сілтеме жасалса да, «Вебер әдетте 
неоклассикалық экономика деп аталатынның әдіснамалық негізін баян дады»
деп пайымдайды. Бұған идеалды тип, әдіснамалық индивидуализм және ең бас- 
тысы, рационалдық пен рационалдандыру кіреді. Вебердің экономикалық инс-
ти туттың рационалдандырылуы туралы ойларын ең жүйелі түрде таныстыруын
оның General Economic History («Жалпы экономикалық тарихы») еңбегінен кө-
руге болады. Вебер «базардағы адамдардың күрес-мүдделерінен пайда болатын 
ақшалай бағаға бағдарланған функционалды ұйым» ретінде анықталған рацио-
налды экономиканың нақты мысалы – Батыстағы рационалды капиталистік 
экономиканың дамуына алаңдаушылық білдірді (Weber, [1915] 1958:331). Жал-
пы эволюциялық үрдіс болса да, Вебер әрдайым капитализмнің әр-түрлі қайнар 
көздері, балама жолдары мен одан туындайтын бірқатар нәтижелерді байқап, 
ескертеді (Swedberg, 1998). Шындығында, эволюциялық өзгерістердің социа-
листік теориясынан бас тарту барысында Вебер «жалпы эволюциялық жүйе» 
идеясын қабылдамайды ([1927] 1981:34).
Вебердің еңбегі үй шаруашылығы, рулық қауымдар, ауылдар және жеке қо-
нысты экономика сияқты түрлі иррационалдық және дәстүрлі нысандарды бей-
нелеуден басталады. Мысалы, феодализмде жерге иелік ету, Вебердің ойынша, 
дәстүрлі деп сипатталды, «шаруалар еңбек күші ретінде қолданылатын ауқымды 
көлемде кәсіпкерлікті дамытуға бастамашы болмаған» ([1927], 1981:72). Алай-
да ХІІ–ХІІІ ғасырларда Батыста шаруалар мен жерлер лордтың бақылауынан 
босатылып, ақша экономикасы енгізілгеннен кейін феодализм күйрей бастады. 
Осы күйреу кезінде жеке қонысты жүйе «капиталистік бағытта дамудың күшті 
үрдісін көрсетті» (Weber, [1927] 1981:79).
Орта ғасырдағы бұл кезеңдерде қалалар дами бастады. Вебер шикізатты 
транс формациялаумен айналысатын индустрияның қалалық дамуына көп кө-
ңіл бөледі. Вебер үшін үй қауымдастығының қажеттіліктерінен тыс өнеркә-
сіптік өндірістің дамуы өте маңызды болып саналады. Қалада еркін қолөнер-
шілердің өсуі байқалады. Олар орта ғасырларда Батыста дамыды, өйткені, бір 
жағынан, бұл қоғам басқаларына қарағанда тұтыну қажеттіліктерін арттырды. 
Тұтастай алғанда, нарықтар мен сатып алушылар көп болды, ал шаруалар са-
тып алу қабілетіне көбірек ие болды. Екінші жағынан, күштер қолөнершілердің 
негізгі баламасы – құлдарға қарсы әрекет етті. Құлдық тым пайдасыз және тым 
тұрақсыз деп табылды, ол құлдардың еркіндігіне жол ашқан қалалардың өсуі-
мен тұрақсыздана түсті.


151
4-тарау

Макс Вебер
Батыста еркін қолөнершілермен бірге Вебер «кәсіп түріне сәйкес маман дан-
дырылған… жұмысты ішкі реттеу және сырттағы адамдарға қарсы монополия 
(тән) … қолөнершілердің ұйымы» деп анықтайтын гильдияның дамуы пайда бол-
ды...» ([1927] 1981:136). Қауымдастық бостандығы гильдияларға да тән. Көп ма-
ғынада рационалды болғанымен, гильдияларда да дәстүрлі, антикапиталистік 
аспектілер болған. Мысалы, бір шебердің басқаларына қарағанда көбірек капи-
талға ие болуына рұқсат етілмеді және бұл талап ірі капиталистік ұйымдардың 
дамуына кедергі жасады.
Орта ғасырлар аяқтауға таяған сайын гильдиялар құлдырай бастады. Құл-
дырау маңызды болды, себебі дәстүрлі гильдиялар технологиялық прогресс 
жолына кесе-көлденең тұрды. Гильдия жүйесін тарату арқылы отандық өндіріс 
жүйесіне, әсіресе тоқыма өнеркәсібіне кең өріс ашылды. Мұндай жүйеде өндіріс 
орталықсыздандырылды, жұмыстың көп бөлігін жұмысшылар үйлерінде істеді. 
Ішкі жүйелер бүкіл әлемде табылғанымен, тек Батыста қожайындар өндіріс құ-
ралдарын (мысалы, құрал-саймандар мен шикізат) бақылап, кәсіпорынға билік 
жүргізу үшін, бұларды жұмысшыларға ұсынды. Батыста толығымен дамыған 
ішкі жүйе қалыптасқанымен, әлемнің басқа бөліктерінде оған кландық жүйе 
(Қытай), касталық жүйе (Үндістан), дәстүрлі және еркін жұмысшылардың жоқ-
тығы сияқты кедергілер жол бермеді.
Содан кейін Вебер шеберхананың (алдыңғы қатарлы техникасыз орталық 
жұмыс орнының) дамуын және XIV–XVI ғасырлардағы зауыттың пайда бо-
луын егжей-тегжейлі баяндайды. Вебердің пікірінше, фабрика қолөнер немесе 
ішкі жүйеден емес, солармен қатар пайда болды. Сол сияқты зауыт техниканың 
даму жетістіктеріне байланысты болмады; осы екі оқиға бір-бірімен байланысты 
болды. Зауыт мамандандырылған және үйлестірілген іс-шараларды, кәсіпкер-
дің өндіріс құралдарына иелік етуін, кәсіпкердің негізгі капиталын және мұндай 
капиталдандыруға қажетті есеп жүргізу жүйесін жүзеге асыратын еркін еңбек-
пен сипатталды. Мұндай зауыт, Вебердің пікірінше, капиталистік ұйым болды. 
Зауыттың дамуымен қатар, Вебер қазіргі капиталистік экономиканың басқа да 
компоненттерінің, мысалы: озық техника, көлік жүйесі, ақша, банк ісі, қызығу-
шылықтар, бухгалтерлік есеп жүйесі және т.б. дамуын талдап көрсетеді.
Вебер үшін қазіргі рационалды капиталистік кәсіпорындардың нақты анық-
тамасы оның заманауи бухгалтерлік есеппен байланысынан айқын көрінеді. 
Бұрынғы уақытта Батыс елдерінде, сондай-ақ басқа қоғамдарда жеке есептеу 
кәсіп орындары болған. Дегенмен бүкіл қоғамның күнделікті қажеттіліктері ка-
питалистік әдістермен және кәсіпорындармен қамтамасыз етілген кезде ғана қо-
ғам капиталистік болып саналады. Мұндай қоғам Батыс елдерінде ғана, онда да 
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап қана кездеседі.
Капиталистік жүйенің дамуы экономиканың, сондай-ақ үлкен қоғамның 
жағ дайларына тәуелді болды. Экономиканың ішінде кейбір алғышарттар ау-
қымды және тұрақты сұранысқа ие еркін нарықты, ақшалай экономиканы, ар-
зан және рационалды технологияларды, бос жұмыс күшін, тәртіпті жұмысшы 
күшін, капиталды есепке алудың рационалды әдістерін және жарна, акциялар-
ды және т.б. пайдаланумен байланысты экономикалық өмірді коммерциялан-
дыруды қам тиды. Экономикалық алғышарттардың көбі тек Батыста табылған. 
Эконо микадан бөлек Вебер «кәсіби басқару, мамандандырылған шенеуніктер 
және азаматтық заңға» ([1927] 1981:313) негізделген қазіргі заманғы мемлекет, 
«заң герлер тарапынан жасалған және рационалды түрде түсіндірілген және 
қолданылған» рационалды заң ([1927] 1981:313), қалалар, заманауи ғылым мен 


152
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
технологиялар сияқты қажетті бірліктер қатарын анықтады. Оған Вебер біз ке-
лесі бөлімде қозғайтын факторды қосады: «өмір сүрудің рационалды этикасы... 
айқын рационализмге алып келетін өмір сүруді ретке келтіретін діни негіздер» 
([1927] 1981:313–314). Экономикалық алғышарттар сияқты бұл экономикалық 
емес болжамдар жүйесі тек Батыста орын алды. Негізгісі – рационалды эконо-
миканың дамуы қоғамның қалған бөліктерінде көптеген экономикалық емес 
күштерге тәуелді.
Дін. Осы бөлімде діннің рационалдандыруына баса назар аударатын болсақ 
та, Вебер ертедегі, қарабайыр діндердің – әлемнің көп бөлігіндегі діндердің – 
рационалдықтың өсуіне қаншалықты кедергі келтіргенін талдауға көп уақыт 
жұмсады. Вебер «қасиетті дүние бірегей, өзгермейтінін» атап айтты ([1921] 
1978:406). Осы көзқарасқа қарамастан, Батыстағы діннің өзгеруі тоқтамады; бұл 
рационалдандыруға қатысты болды және ол қоғамның басқа салаларын рацио-
налдандыруда маңызды рөл атқарды (Kalberg, 1990).
Алғашқы діндер таңғаларлық көп құдайлардан тұрды, бірақ рационалдан-
дыру арқылы анық және дәйекті құдайлардың жиынтығы (пантеон) пайда 
болды. Алғашқы діндерде тұрмыстық құдайлар, туыстық құдайлар, жергілік-
ті саяси құдайлар, кәсіптік және кәсіби құдайлар болды. Біз Вебердің рацио-
налды мәдени күштің (теориялық) осы көп құдайлардың пайда болуына себеп 
болатынына сенгенін анық біле аламыз: «Ақыл-парасат әмбебап құдайлар- 
дың басымдылығын қалады және пантеонның кез келген бірізді кристалда-
нуы жүйелі рационалды қағидаларға негізделген» ([1921] 1978:417). Құдай-
лар пан теоны – Вебер талқылаған дінді рационалдандырудың жалғыз ғана ас-
пек тісі болған жоқ. Ол сонымен қатар осы дамудың бір бөлігі ретінде құдай- 
лардың құзыреттілігін шектеуді, монотеизмді және құдайлардың антропо мор-
физациясын қарастырды. Әлемдік діндерге қысым көп елдерде бар, әйтсе де 
Батыста рационалдандыруға кедергі келтіретін қысымға қарсы тұру жолдары 
қарастырылған.
Вебердің рационалдандырудың мәдени тұжырымдамасы болғанымен, ол 
оны жай «сонда» адамдарға әрекет етуді талап ететін күш ретінде қарастырма-
ды. Онда топтық ақыл тұжырымдамасы жоқ еді. Дін саласында, рационалдан-
дыру нақты адам топтарымен, әсіресе дін қызметшілерімен байланысты. Атап 
айт қанда, кәсіби түрде дайындалған діни қызметкер – рационалдандырудың 
та сымалдаушысы және дамытушысы. Бұл орайда дін қызметкерлерінің діни
жүйені анағұрлым иррационалды түрде қолдайтын сиқыршылардан айырма-
шылығы бар. Дін рационалдығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Қаты су-
шылар жүйелі оқыту бағдарламасынан өтеді, ал сиқыршыларды оқыту жүйе- 
лі емес. Сондай-ақ дін қызметшілері – өз саласының білгір мамандары, ал си-
қыршылар әдетте маман емес. Соңында, дін қызметшілері жүйелі түрде діни тұ-
жырымдардың жиынтығына ие, бұл да оларды сиқыршылардан даралайды. Дін 
қызметшілерін рационалдандыру процесінің өнімі және тездетушілері деуге де 
болады.
Рационалдандыруда шешуші рөл атқаратын жалғыз топ – дін қызметшілері 
емес. Бұл үдерісте пайғамбарлар мен ақиқат іздеушілер де маңызды. Пайғамбар-
ларды дін қызметшілерінен олардың жеке бейімдігі, эмоция уағы зы, доктрина-
ны жариялауы, олардың көпшілікке танымал еместігі және бір өздері жұмыс іс-
тейтіні ерекшелеуі мүмкін. Пайғамбардың басты рөлі – христиандарды жұмыл-
дыру, өйткені ізбасарлар тобы жоқ жерде дін болмайды. Дін қызметшілерімен 


153
4-тарау

Макс Вебер
салыстырғанда пайғамбарлардың ауқымды топ жинауға қажеттілігі жоқ. Вебер 
пайғамбарларды екі түрге бөледі: этикалық және өнегелі. Этикалық пайғамбар-
лар (Мұхаммед, Иса мен Көне өсиет пайғамбарлары) Құдайдан тікелей тапсыр-
ма алған және ізбасарларынан бағынуды этикалық міндет ретінде талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет