Алеуметтану тероиясы indb


4-тарау • Макс Вебер Сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет137/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   596
165
4-тарау

Макс Вебер
Сын-пікірлер
Вебердің көзқарастарына қатысты көптеген сын-пікірлер айтылды. Біз солар-
дың маңызды төртеуін қарастырамыз. Бірінші сын – Вебердің verstehen (түсіну) 
әдісіне қатысты. Вебер verstehen әдісіне қатысты екі мәселенің ортасында қалды. 
Бір жағынан, ол жай ғана субъективті түйсікті білдірмейді, өйткені ол жағдайда 
ғылыми болмайды. Екінші жағынан, әлеуметтанушы әлеуметтік құбылыстың 
«объективті» мағынасын жай ғана жариялай алмайды. Вебер бұл әдіс осы екі 
таңдаудың арасында болғанын мәлімдеді, бірақ оның себебін ешқашан толық 
түсіндірмеді (Herva, 1988). Вебердің әдіснамасындағы кемшіліктері өз түсінді-
рулеріне негізделген терең ой-пікірлерінен айқын көрінбейді. Бірақ әлеумет-
танушылар Вебердің әдісін өз зерттеулеріне қолдануға немесе verstehen-ді бас-
қа адамдарға үйретуге тырысқан кезде бұл кемшіліктер өте айқын байқалады. 
Әрине, әдіс жүйелі және мұқият зерттеумен байланысты, бірақ бұл зерттеудің 
Вебердің негізгі ойларына айналуы біздің назарымыздан тыс қалады. Бұл кейбір 
ғалымдарды (Abel, 1948) verstehen-ді әлеуметтанудың нақты ғылыми жұмысына 
дейінгі эвристикалық ізденіс кезеңіне жатқызуға алып келді. 
Өзге ғалымдар verstehen түсінігінің өзін әлеуметтік үрдіс ретінде қарас тыру-
ды ұсынады және біздің басқалар туралы түсінігіміз әрдайым диалог негізінде 
қалыптасатынын айқындайды (Shields, 1996).
Екінші сын – Веберге теориялық макроәлеуметтанудың толықтай жетіспеуі. 
Біз Вебердің жеке әдісі мен оның кең ауқымды әлеуметтік құрылымдарға және 
әлемдік-тарихи нормаларға деген көзқарасы арасындағы қарама-қайшылықты 
анықтау үшін біраз уақыт өткіздік. Вебер әдісінде тап ұғымы – өзара ұқсас эко-
номикалық жағ дайдағы адамдар тобын білдіреді. Саяси құрылым рационалдық, 
харизма немесе салт-дәстүрлер тұрғысынан субъективті түрде қабылданатын ле-
гитимді үстемдікті мойындауға саяды. Вебер дін мен рационалдандыру сияқты 
макро құбылыстарды айтпағанда, тап пен саяси құрылымдардың адамдарға әсер 
ете тінін мойындайды. Бірақ Вебер олардың әсерлерін күтпеген салдар жиынты-
ғы ретінде ғана тұжырымдай отырып, осы макроқұбылыстар жеке адамдардан 
тыс жүйе ретінде қалай жұмыс істейтіні және кейбір жағдайларда тіпті актор-
лардың ұмтылыстарын қалай анықтайтыны туралы теория құрастыра алмады
(B. Turner, 1981).
Үшінші сын – оған сыни теорияның жетіспейтіндігінде. Басқаша айтқанда, 
басқалар Вебердің теориясын конструктивті өзгерістер мүмкіндіктерін көрсету 
үшін қолдануға жарамайтынын айтады. Бұл сынның дәйектілігіне Вебердің ра-
ционалдандыру теориясын зерттеу арқылы көз жеткізуге болады.
Вебер рационалдандыруды әртүрлі жолмен қолданды, бірақ оны ең алдымен 
екі түрі қызықтырды. Олардың біреуі – бюрократияның дамуы мен биліктің заң-
ды нысаны. Екіншісі, формалды рационалдық деп атаған көзқарастың субъек тив-
ті өзгерістерін білдіреді. Бюрократия мен формалды рационалдықтың бірігуінен 
Вебер әдейі «ойластырылмаған салдар» деп сипаттаған құ бы лыстарды көреміз. 
Бюрократияны қалыптастыру және формалды рацио налдықты бейімдеу рацио-
налдандыру қызмет көрсету мақсатын көздейтін мүд делерге нұқсан келтіреді. 
Мұны «рационалдықтың иррационалды салдары» деп атадық. Вебердің әйгілі 
темір торлары – иррационалды салдардың бірі.
Бюрократия және формалды рационалдық бастапқыда олардың тиімділігі, 
болжамдылығы, есептелуі және осы мақсатқа қол жеткізудегі бақылау (мысалы, 


166
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
кедейлерге көмектесу) үшін қалыптастырылған. Бірақ рационалдандыру қанат 
жайған сайын бастапқы мақсат ұмытылады, ал ұйым барған сайын тиімділікке, 
болжамдылыққа, есептеулерге және өздері үшін бақылауға көңіл аударады. Мы-
салы, халықтың әл-ауқатына бағдарланған бюрократтар өз табыстарын клиент-
термен «жұмыс жасау» тиімділігімен өлшейді, тіпті кедейлерге көмек тесуді көз-
деген бастапқы мақсатына қарамастан, олар үшін өз әл-ауқаттарын жоғарлату 
тиімділігі бірінші орында тұрады.
Кейбір ең көп айтылған үзінділерде Вебер бұл үдерісті, мысалы, темір тор- 
дың метафорасындағы сияқты шарасыздық деп атайды. Дегенмен, жоғарыда 
айтылғандай, мұны рационалдандырудың жалпы дәрменсіз салдары ретінде 
қарау дұрыс емес. Йоханнес Вайс (1987) рационалдандыруды біз өзіміз қала-
ған дәрежеде ғана мәнсіз деп санайды. Біздің әлеміміз сон шалықты күрделі 
болғандықтан, тиімділік, есептеу, болжамдылық пен рационалдандыруды 
бақылаусыз қандай да бір маңызды тапсырманы орындау оңай емес, тіпті ол 
ақылға қонымсыз нәрсе болып табылады. Біз бюрократиясыз әлемді арман-
дауымыз мүмкін, бірақ «шынайы сұрақ – зиялылық, адалдық міндеттемеле-
рін тиісті дәрежеде ескере отырып, біз оған жетуге тырысамыз ба, жоқ па?»
(Weiss, 1987:162).
Соңғы сын – Вебер әлеуметтануының пессимизмі. Біз Вебердің әлеуметтану 
әдісінен жеке мағынаның маңыздылығына қатты сенгенін көре аламыз; алайда 
оның рационалдандыру мен үстемдікке қатысты негізгі жұмысы көбінесе мағы-
насыз және түңілген әлемнің тұзағына түскенімізді көрсетті. The Protestant Ethic 
(«Протестанттық этика») еңбегінің соңғы беттерін оқы ғаннан кейін мәдение-
тімізге қатысты оптимизмді сезінетін кез келген адам «оларды мүлдем түсінбе-
ген» деп айта алады. Бұл тек Веберді сынау емес. Егер сіз шын мәнісінде сол 
тордың біреуінде отырсаңыз, торды көрсететін адамды сынау – көрегендіктің 
белгісі емес. Дегенмен Вебер бізге балама ештеңе ұсынбаса да, күтпеген салдар-
дың кейбіреулері пайдалы болуы мүмкін деп есептегендей болып көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет