Алеуметтану тероиясы indb


Индивидуалды сана және индивидуалдық



Pdf көрінісі
бет145/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   596
Индивидуалды сана және индивидуалдық
Зиммель әлеуметтануы, ең алдымен, адамдар арасындағы қарым-қатынас пен 
ассоциация формаларына негізделді. Ол – Вебер сияқты әдіснамалық инди-
видуалист емес, адамдарды «тек өзара қарым-қатынас арқылы өмір сүретін 
тіршілік иесі ретінде түсінуге болады» деп пайымдаған интеракционист. Бұл – 


178
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Зиммельдің басты теориялық тұжырымдамасы адам болғанын көрсетеді. Қа-
рым-қатынас индивидуалды психологиялық процестерге түйістірілмесе де, 
олар психологиялық процестерге тәуелді болады. Негізінен, Зиммель адамдар-
ды өмірлік процестерді «тасымалдаушы» деп атайды ([1918] 2011:9). Өмірлік 
процестерді тасымалдаушы бола тұра, адамдар – тиянақты және тұрақтылық-
ты үнемі меңгеруге тырысатын шығармашылық жан иесі. Бір-бірімен қарым- 
қатынас барысында адамдардың шығармашылығы әлеуметтік формалардың 
туындауына мүмкіндік береді (Helle, 2013).
Фрисбидің пайымдауынша, Зиммель үшін әлеуметтік өмір негізі – «бір-
бірімен бірқатар мотив, мақсат және қызығушылық ықпалымен қарым-қаты-
насқа түсетін саналы адамдар немесе адамдар тобы» (1984:61). Шығармашы-
лыққа деген қызығушылық Зиммельдің түрлі өзара әрекеттесу формаларын, 
акторлардың әлеуметтік құрылым жасау қабілеті жайлы және сол құрылым-
дардың адам шығармашылығына тигізетін теріс салдары туралы талқылауы 
барысында байқалады. Зиммель психологиялық өмірді жан-жақты зертте-
месе де, қоғам дық өмірдің қызмет етуін жалғастыруға және дамытуға қажет-
ті қосымша пси хологиялық дағдыларды қолданады. Мысалы, қарым-қатынас 
формалары туралы Зиммельдің көзқарасы бойынша, акторлар саналы түрде 
бір-бірі не бағытталуы тиіс екенін білдіреді. Осылайша, стратификациялан-
ған жүйеде басыңқылар және бағыныңқылар бір-біріне бағытталуы керек. 
Егер оларда өзара бір-біріне бағытталу болмаса, өзара әрекеттесудің тоқтауы 
және стратификация құлдырауы мүмкін. Бұл қарым-қатынастың басқа фор-
маларына да қатысты. Зиммель әлеуметтік және мәдени құрылымдар өзіндік 
өмір сүреді деп санағанымен, адамдарға әсер ету үшін бұл сияқты құрылым-
дарды концептуализациялау қажет екенін түсінді. Зиммель қоғам тек «сырт-
та бар» емес, сонымен қатар ол сана қызметіне тәуелді «менің түсінігім» 
екенін мәлімдеді ([1908] 1959а:339). Зиммельде жеке инабат сезімі және қо-
ғамның нормалары мен құндылықтары индивидуалды санада меңгерілеті-
ні туралы дәйектер бар. Нормалар мен құндылықтар ішкі және сыртқы деп
бөлінеді.
«Сана басшылығының екіжақты сипаты бар: бір жағынан, біздің жай ғана 
бағынуымызды қажет ететін өзіндік қасиеті жоқ тәртіп, екінші жағынан
ешқандай сыртқы күш емес, жеке ішкі импульстарымыз бізге міндеттей-
тін сипат. Дегенмен адам өз санасының аясында толыққанды тұлға ретін-
де және топ ретінде бар қарым-қатынасты қайталайды».
(Simmel, [1908] 1950:254)
Интернализацияның заманауи тұжырымдамасы Зиммель еңбектерінде са-
лыстырмалы түрде дамытылмаған.
Сонымен қатар Зиммель адамдардың ойша өз-өзіне қарсы тұрып, өзінің 
іс-әрекетінен алшақтауы туралы көзқарасты ұстануы тұрғысынан Джордж 
Герберт Мидтің көзқарасына (9-тарауды қараңыз) және символикалық инте-
ракционистерге өте ұқсайды (Simmel, [1907] 1978:64). Іс-әрекет етуші сырт-
қы стимулдарды қабылдауы мүмкін, оларға баға бере алады, түрлі іс-әрекет 
арқылы тексереді және соңында қандай әрекет жасау керек екені жайлы ше-
шім қабылдайды. Іс-әрекет етуші осы ойлау қабілеттері арқасында тек сырт-
қы күштерге ғана тәуелді емес. Бірақ Зиммельдің іс-әрекет етушінің ойлау 
қабілеті туралы тұжырымдамаларында парадокс бар. Ақыл адамды сыртқы 


179
5-тарау

Георг Зиммель
стимулдардың үстемдік етуінен қорғауы мүмкін, бірақ ол әлеуметтік шын-
дыққа үстемдік ететін объектілерді жаңадан жасауы ықтимал. Зиммельдің 
пікірінше, «Біздің ақылымыз ойлау актіне тәуелсіз, мазмұн жайлы ойлауға 
қабілетті» ([1907] 1978:65). Осылайша, интеллект адамдарға сыртқы стимул-
дарға тәуелділіктен құтылуға мүмкіндік бергенімен, құрылымдар мен инс-
титуттар құрастыруға қабілетті, бірақ олар, өз кезегінде, ой мен іс-әрекетті 
шектейді.
Қорыта айтқанда, индивидуалдық Зиммель үшін этикалық және мораль - 
дық идеал ретінде аса маңызды болды. Хорст Хелленің (2013:36) айтуы бо-
йын ша: «Зиммель үшін автономия мен адам даралығы – күмән келтірілмейтін 
және талқылауға жатпайтын құндылық». Адам шығармашылықтың қайнар
көзі болғандықтан, Зиммель индивидуалдықтың заманауи либералды тұжы-
рымдамасын қолдады. Хеллеге сүйенетін болсақ, Зиммель индивидуалдық-
ты заманауи капиталистік, қалалық қауымдастықтың дамуымен байланысты 
эволюциялық жетістік деп білген. Нақтырақ айтқанда, капитализм бәсеке-
лестікті әлеуметтік өмір негізі ретінде институттандырады. Бәсе келестік дара 
шығармашылық пен әлеуметтік формалардың әрі қарай да муын қолдайды. 
Бұл Зиммельдің мұқияттығын көрсетеді. Ол капитализмді бәсекелестіктен 
бөлім-жарып оқшауламай, қайта бәсекелестікті қол дауды талап ететін әлеу-
меттік форма ретінде қарастырады. Осы себептерге сүйене отырып, Зиммель 
социализмді сынады. Социализм адамдар арасында бәсекелестікті жойып, 
жаңа әлеуметтік формалардың пайда болуына себеп болатын шығармашы-
лыққа қауіп төндірді. Іс жүзінде Зиммель «социализм қоғам үшін шығарма-
шылықты жояды» деп пайымдаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   141   142   143   144   145   146   147   148   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет