197
5-тарау
•
Георг Зиммель
Құпиялық қоғамның үлкен-кішілігіне байланысты. Шағын топтарда құ-
пия сақтау қиын: «Барлығы бір-бірімен жақын араласады және айналада бо-
лып жатқан жайларға бәрі де құлақ түріп отырады, осының бәрі құпиялық-
ты қиындатады». (Simmel, [1906] 1950:335). Сонымен қатар шағын топтарда
құпиялар қажет емес, себебі барлығы бір-біріне тым ұқсас. Ал үлкен топтар-
да, керісінше, құпияны сақтау жеңіл және құпияны сақтау қажет, сондай-ақ
бұл топтағы адамдар арасында айтарлықтай айырмашылықтар бар.
Көлем мәселесіне келетін болсақ, макроскопиялық деңгейде құпиялық
тек қарым-қатынас формасы ғана емес (шамасы, ол көптеген бас қа форма-
ларға да қатысты), топтың жалпы сипатын айқындай алады. Бір адамға ғана
тиесілі құпияға қарағанда,
жасырын қоғамда құпия оның барлық мүшелері-
не қатысты болады және олардың арасындағы өзара қарым-қатынасты анық-
тайды. Алайда жеке адамға қатысты туындаған жағдай сияқты, жасырын қо-
ғамның құпиясы да мәңгілік жасырын бола алмайды. Мұндай қоғамда құпия
әшкере болуы мүмкін деген фактіге байланысты үнемі шиеленіс туындайды,
осылайша жасырын қоғам тіршілігінің бар негізі жойылуы ықтимал.
Достарыңызбен бөлісу: