Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет161/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   596
Сын-пікірлер
Зиммельдің ерекше идеяларына айтылған сын-пікірлер туралы сөз қозғадық
мысалы, оның формаларға назар аударуы күдікті ойларға жетелейді және ол 
әлеуметтік құрылымдарды, бір жағынан, жай өзара қарым-қатынас форма-
сы ретінде, екінші жағынан, мәжбүрлі және өзара қарым-қатынастан тәуелсіз 
қарастырып, өз-өзіне қарсы шығады. Оған қоса, Маркс пен Зиммельдің иелік-
тен айыру туралы идеяларының айырмашылықтарын сипаттадық, оның негізі 
Маркстің Зиммель жайлы сын-пікірі болды. Сынның мәні Зиммельдің мә де-
ниет трагедиясынан шығар жолды ұсынбауында, себебі ол «иеліктен айыру – 
адам күйінің ажырамас бір бөлшегі» деп есептейді. Маркс үшін еңбек қандай
болса, Зиммель үшін объективті және субъективті мәдениет арасындағы айыр-
ма шылық сондай. Сол себепті Маркс иеліктен айыру социализмнің орнауымен 
жойылады деп есептейді, ал Зиммельде мұндай саяси сенім жоқ.
Әрине, Зиммельге қатысты ең жиі айтылатын сын – оның еңбектерінің 
фрагментті сипатта болуы. Зиммельді жүйелі теориялық тәсілдің жоқтығы 
үшін кінәлайды, оның тәсілінің фрагментті немесе «импрессионалды» болып 
келетінін айтады. (Frisby, 1981). Жоғарыда айтылғандай, Зиммель ассоциация-
лар формасы мен типтеріне ден қойған, алайда ол басқа әлеуметтану негізін 
қалаушылардан байқалатындай, теориялық бірлік бола алмайды. Әрине, Зим-
мельдің еңбектеріне сүйсінген жақтастарының ішіндегі үшеуі – америкалық 
әлеуметтанудың белді өкілдері: Дональд Левин, Эллвуд Б. Картер мен Элеонор 
Миллер Горман (1976a:814) «қазіргі таңда сауатты америкалық әлеуметтану-
шылар Маркс, Дюркгейм және Вебердің теориялық негіздері мен тақырыпта-
рын дәйекті түрде мазмұндай алар еді, алайда нақ соны Зиммельге байланыс-
ты жасай алмас еді» деп мойындайды. Кей кезде Зиммель өзін дәйекті ойлар 
мектебінің негізін салушы емес, ынта лан дырушы ойлар жиынтығын ұсынушы 
екенімен келісетін сияқты:
«Мен өзімнің рухани ізбасарларсыз өлетінімді білемін (және ол жақсы). 
Мен қалдырған мұра бірнеше мұрагерлер арасындағы бөлінген ақша 
сияқты, олардың әрқайсысы өзінің табиғатына сай өз үлесін қандай да 
бір салаға қосады. Алайда бұл үлестің мен қалдырған мұрадан шыққаны 
айтылмайды». 
(Simmel in Frisby, 1984:150)
Сондықтан Зиммель еңбектері теориялық талдаудың шектеулі шеңберінен 
тыс, эмпирикалық гипотезаға негізделген зерттеулердің табиғи ресурсы тұр ғы-
сында қарастырылды.


201
5-тарау

Георг Зиммель
Бұл – Зиммельдің бұрынғыға қарағанда бірыңғайланған тәсілді ұсына ты-
нын көрсетеді. Ағылшын тіліндегі «Өмір туралы көзқарас» аудармасына кіріс-
пе сөзде Левин мен Силвер (2011:x): «Постмодернистер мен сыншыл теория-
шылар Зиммельді импрессионистік, жүйесіз эссе жазушы ретінде бей нелеуге 
тырысады және Синунельдің өмір философиясы Зиммель жұмыс тарының ор-
тақ бағасын бере алады», – деп тұжырымдайды. Зиммельдің ой-дәйектерінің 
бөлшектелген және жүйесіз болып сипатталуы – оның өз теориялық көзқара-
сынан гөрі Америкада алғандарының көбірек болуына байланысты.

Оның ой-
ларының тұтастығын ескере отырып, Пыхтинен (2010) Зиммельдің әлеумет-
тану процесін ұстанғанына сендіреді. Зиммель шығармашылығында көрініс 
табатын өмір тақырыбын айқындай отырып, Пыхтинен Зиммельдің «аффект» 
және «пайда болу» сияқты көптеген заманауи ойларды болжап білгенін айта-
ды. Бұл – Зиммельдің бір реттік пікірі емес, оның бар ойының мәні. Бұл сипат-
тама Зиммельді тек нақты мәселелер мен тақырыптарға үздіксіз ұмтылатын 
ойшыл ретінде ғана қарастырып қой май, оның Маркс, Дюркгейм мен Вебер-
ден мүлдем өзгеше әлеуметтануды ұсынғанын дәлелдейді (Schermer and Jary, 
2013) Зиммель әлеуметтануы бірізді және жүйелі деп тұжырымдайды. Өмір 
тақырыбына көз тігуден гөрі олар Зиммельдің диалектикалық әдісіне назар 
аудартады. Олар Зиммельдің адамдар арасындағы қарым-қатынасты талдауда 
реляционды көзқарасқа сүйеніп, «диалектиканы қолдануы өзіне дейін ретсіз 
(яғни жүйесіз) күйдегі әлеуметтік әлемді жүйелендіруге мүмкіндік берді» деп 
тұжырымдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет