Алеуметтану тероиясы indb


Құпиялық және әлеуметтік қарым-қатынастар



Pdf көрінісі
бет159/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   596
Құпиялық және әлеуметтік қарым-қатынастар
Зиммель әлеуметтік қарым-қатынастың түрлі формаларын өзара мағлұмат 
білу мен құпиялық тұрғысынан қарастырады. Мысалы, біз бірқатар мүдделі 
топтарға қатыстымыз, олардың ішінде басқа адамдармен тығыз қарым-қаты-
насқа түсеміз, ал бұл адамдар біздің өміріміздегі нақты мәселелерге бойлай 
бермейді. Осылайша, университеттегі студент профессордың жеке өміріндегі 
жайларға емес, сыныпта не істеп, не айтқанына қызығады.
Мұны оның үлкен қоғам туралы ойларымен байланыстыратын болсақ, 
Зиммель «өрістеп келе жатқан объективті мәдениет саны шектеулі мүдде-
лес топтарды бәрібір өзара қарым-қатынасқа түсіреді» деп тұжырымдайды. 
Мұндай қарым-қатынас индивидтен модернге дейінгі қоғамдық бірлестік-
терге қарағанда анағұрлым аз субъективті жиынтықты талап етеді (жеке мә-
дениет).
Заманауи объектіленген қоғамға тән өзіндік қасиеті жоғалған қарым-қа-
тынаста өзара сенім байланыс формасы ретінде маңызды бола бастайды. Зим-
мель үшін «сенім – адам жайлы білетінің мен білмейтініңнің аралығы» (1906) 
1950:318). Модернге дейінгі қоғамда адамдар өзара істес болатын адам туралы 
анағұрлым көп білетін. Бірақ біз заманауи әлемде өзіміз араласатын адамдар 
жайлы көп мағлұмат біле алмаймыз. Осылайша, студенттер өз профессоры 
жайлы көп ақпарат білмейді (және керісінше), алайда олар өзінің профессо-
ры белгіленген уақытта келіп, талқылауға тиістіні айтып беретіндеріне сенімді 
болуы керек. 
Әлеуметтік қарым-қатынастың келесі бір түрі – танысу. Біз өз таныс-
тарымызбен таныспыз, алайда олар туралы аса көп мағлұмат білмейміз: 
«Біреудің тек сырт болмысын немесе тек қоғамдық-өкілдік сипатын неме-
се оның бізге көрсететін жақтарын ғана білеміз» (Simmel, [1906] 1950:320). 
Осылайша таныстар арасында жақындарға қарағанда құпиялық әлдеқайда 
көп. 
«Таныстық» атауымен Зиммель ассоциацияның басқа формасын – сақтық-
ты талқылайды. Біз өзімізді «өзгенің бізге ашып айтқысы келмейтін ақпараты-


198
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
нан алшақ татып», таныстарымыздан оқшау ұстаймыз. Бұл – белгілі бір нақты, 
білуге тыйым салынатын ақпараттан бұрын, сол тұлғаға қатысты анағұрлым 
жалпыланған ақпаратқа байланысты әнгіме (Simmel, [1906] 1950:321). Сыр ай-
тудан сақтанғанына қарамастан, басқа адамдар туралы олардың өздері ерікті 
түрде айтқанынан әлдеқайда көп білеміз. Нақтырақ айтқанда, бізден жасырғы-
сы келген жайларды зерттеуге мәжбүрміз. Зиммель біздің осындай нәрселерді 
білуіміз туралы фрейдтік мысал келтіреді: «Психологиялық сезімталдығы жо-
ғары адамға көп адам өзінің ең құпия ойлары мен қасиеттерін еріксіз білдіріп 
алады, ішкі сырын жасырғысы келсе де, көбіне қобалжып отырып сыр аңда-
тып қояды» ([1906] 1950:323–324). Ол неғұрлым бір-бірінің сырына қанығып 
жақсырақ білген сайын, соғұрлым бір-біріне тәуелді бола түседі деп пайым-
дайды. Зиммель ассоциацияның басқа бір формасы – достыққа жүгіне оты-
рып, «достық толық жақындыққа, бір-бірі туралы толық білімге негізделеді» 
деген пікірге қарсы шығады. Толық жақындықтың болмауы әсіресе заманауи, 
диф ференциацияланған қоғамға қатысты: «Заманауи адамның достықты ескі 
мағынасында сақтау үшін ішке бүгетін сыры тым көп шығар» (Simmel, [1906] 
1950:326]. Осылайша, бізде бірқатар дифференциацияланған достық қарым-
қатынас түрлері бар, бұл – интеллектуалды білімге, дінге, ортақ тәжірибеге 
негізделген достық. Мұндай достықта жақындық шектелген және нәтижесінде 
үлкен құпиялық бар. Дегенмен бұл шектеулерге қарамастан, достық әлі де бір-
шама жақындықпен байланысты:
«Алайда осындай жолмен шектелген және дискретті құқықтармен қор- 
шалған қарым-қатынас сол тұлғаның өмір сүрген ортасымен байланыс-
ты болуы мүм кін. Ол тұлға ең негізгі адамгершілік құндылықтардың 
қайнар көзінен сусындауы ықтимал, алайда ол тек тұлғаның әуел бас-
тағы болмысын қанағаттандырады. Бұл, негізінен, ашу-ыза мен құрбан-
дыққа деген құлшынысты қамтиды, аз дефференциацияланған дәуірдегі 
адамдар тек өмірдің жалпы сферасымен байланысты болса, жаңылыс 
айтылған сөз бен әрекет еш қиындық тудырмайды».
(Simmel, [1906] 1950:326)
Әдетте ассоциацияның мейілінше ашық әрі өзіндік құпиясы бар, ең ша-
ғын түрі неке болып саналады. Зиммельдің айтуынша, некеде серігіңе барлық 
нәрсені жария қылып, құпия сақтамауға деген қызығушылық бар. Алайда, 
оның ойынша, бұлай ету – қате. Барлық әлеуметтік қарым-қатынас «белгі-
лі бір шындық және қателік үлесін» талап етеді, демек, әлеуметтік қарым-
қатынастан барша қателіктерді жою мүмкін емес (Simmel, [1906] 1950:329). 
Нақтырақ айтқанда, толық өзін-өзі ашу (бұл мүмкін деген жағдайдың өзінде) 
некені қызықтан және ықтимал кездейсоқтықтан толық айырады. Соңында 
біздің көпшілігіміздің ішкі ресурстарымыз шектелген және әрбір сыр ашуы-
мыз басқаларға ұсына алатын (құпия) қазынамызды азайта түседі. Үлкен 
жетістіктерге жеткен адамдар ғана өзінің неке серігіне көптеген құпияларын 
айта алады. Өзгенің барлығы өз сырын жұртқа жариялап, өзін әшкерелеу 
ғана болып қалады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет