Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет172/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   596
РОБЕРТ ПАРК
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/1/14/ Robert_E._P
ark.jpg


220
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
бөлі мінде көп әлеументтанушы аспирант қатысқан әлеуметтік психология-
дан са бақ берді. Олардың кейбіреулеріне оның идеялары елеулі әсер етті. Бұл 
студенттер Мидтің идеяларын Парк пен Томас секілді әлеуметтану бөлімінің 
оқытушылары тұжырымдаған идеялармен сабақтастырып отырды. Ол кезде 
символикалық интеракционизм деген жеке теория болмағанымен, оны алуан 
түрлі элементтерден ала отырып, студенттердің өздері жасап шықты. Осылай-
ша, Мид кейін символикалық интеракционизм теориясын қалыптастырған 
адамдарға ықпал етті. Екіншіден, бұл студенттер Мидтің дәрістеріндегі жаз-
баларды жинап, ұстаздары қайтыс болғаннан кейін оның авторлығымен кітап 
шығарды. Mind, Self and Society («Сана, өзіндік мән және қоғам») (Mead, [1934] 
1962) деп аталатын еңбегінің арқасында оның идеялары ауызшадан жазба дәс-
түріне ауысты. Қазіргі кезде де көп оқылатын бұл кітап символикалық инте-
ракционизмнің интеллектуалды негізіне айналды.
Біз Мидтің көзқарасын 9-тарауда нақтырақ талқылаймыз, бірақ қазір оның 
еңбек жолының тарихына қатысты бірнеше мәселені айта кету керек. Мидтің 
идеяларын психологиялық бихевиоризм шеңберінде қарастыру қажет. Мидке 
бұл бағыт қатты әсер етті және ол оның бірталай қағидаларымен келісті. Мид 
психологиялық бихевиоризмнің акторлары мен олардың әрекетіне деген пі-
кірін қолдады. Ол бихевиористердің актор мінез-құлқының әрекетіндегі сый-
ақы мен шығынға деген қызығушылығын саналы және қалыпты құбылыс деп 
қарады. Алайда Мидті алаңдататыны – бихевиоризмнің оншалықты алысқа 
бармағаны, яғни ол сананы ғылыми-зерттеулерге бағынбайтынын ескере оты-
рып, оны күрделі талдаудан тыс қалдырды. Мид мұндай көзқарасқа түбегей-
лі қарсы болды да, бихевиоризм қағидаларын ақыл-ой талдауымен кеңейтуге 
тырысты. Осылайша, Мид Кулидің ойымен қабысатын тұжырымдар қалып-
тастырды. Бірақ ол уақытта Кулидің позициясы ғылыми болып саналмады, ал 
Мид психологиялық бихевиоризмнің ғылыми қағидалары мен әдістерін пай-
даланып, сананың ғылымға жақынырақ тұжырымдамасын қалыптастырды.
Мид америкалық әлеуметтануға еуропалық әлеуметтанушылар жиі айта-
тын әлеуметтік бағыты бар теорияға қарсы тұратын әлеуметтік-психология-
лық теорияны ұсынды (Shalin, 2011). Айрықша маңыздысы Зиммель болды. 
Осы лайша, Зиммельдің әрекет пен өзара ықпалдасу туралы қағидасы мен 
Мидтің санаға қызығушылығы өзара ұштаса отырып, символикалық интерак-
ционизмнің дамуына негіз болды. Алайда мұндай көзқарас Мидтің шығарма-
шылығы мен жалпы символикалық интеракционизм қоғамдық және мәдени 
деңгейде сенімсіз деген ойға алып келді. 
Курс сәтті өтіп, келесі жылы курстағы тыңдаушылар саны екі есеге өсті. Сол жылы ол Америка әлеу-
меттану қоғамының мүшесі, ал он жылдан соң оның президенті болды. Парк Чикаго университетін-
дегі толық профессорлық қызметіне 1923 жылы 59 жасында ғана қол жеткізсе де, ол өзінің бұл ман-
сапқа жетер жолын жылдар бойы бірте-бірте салған еді. Чикаго университетімен арадағы жиырма 
жылға созылған серіктестігі кезінде ол әлеуметтану бөлімінің интеллектуалды бағытының дамуына 
айтарлықтай үлес қосты.
Парк 1930 жылдардың басында Чикаго университетінен кеткеннен кейін де, штаттан тыс қызметкер 
болып қала берді. Одан соң ол 80 жасына дейін Фиск университетінде курстар жүргізіп, зерттеулер-
ге жетекшілік жасады. Парк көп саяхаттайтын. 1944 жылы 7 ақпанда, сексенге толуына бір-ақ апта 
қалғанда қайтыс болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет