Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет313/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   596
Институттарды зерттеу 
Осы тараудың басында айтылғандай, бірқатар этноәдіснамашылар әртүрлі 
әлеуметтік институттардағы әңгіме мен өзара әрекеттесуді зерттеуге қызы-


424
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ғу шы лық танытты. Бұл бөлімде осындай жұмыстың бірнеше мысалдарын
қарас тырамыз.
Жұмысқа қабылданардағы сұхбат 
Кейбір этноәдіснамашылар өз назарларын еңбек қатынастары әлеміне аудар-
ды. Мысалы, Баттон (1987) жұмысқа тұру кезіндегі сұхбаттарды зерделеді. 
Оның сұхбатты жүйелі, қарқынды әңгіме және «осы жағдайдағы тараптар-
дың бағытталған тәжірибесінің жетістігі» ретінде қарастыратыны таңғалар-
лық емес (Button, 1987:160). Осы зерттеуде қозғалған бір мәселе, сұхбат алу-
шының жауап алғаннан кейінгі әрекетіне байланысты: сұхбат беруші сұраққа 
қайта оралып, жауабын түзеуге мүмкіндік бермеу үшін сұхбат алушы не істеу 
ке рек? Біріншіден, сұхбат алушы сұхбаттың тұтастай аяқталғанын айта алады. 
Екіншіден, сұхбат алушы әңгіме бағытын өзгертетін басқа сұрақ қоюы мүмкін. 
Үшіншіден, сұхбат алушы сұхбат берушіге бұл жауапқа қайта оралуға тыйым 
салатындай әрекет жасай алады.
Баттон жұмысқа тұру кезіндегі сұхбаттардың неліктен іскерлік әңгімелесу-
ге жататынын ойлады. Ол «бұл есіктегі ілулі белгі немесе адамдардың жиы ны 
емес» деп тұжырымдайды. Бұл «белгілі бір жағдайдың сұхбат ретінде ай қын-
далуы үшін адамдардың жеке әрекеті мен олардың өзара әрекеттесуін қалай 
ұйымдастыратыны және қалай құрылымданатынымен байланысты болып ке-
леді» (Button, 1987:170). Осылайша, өзара әрекеттесу мен әңгіменің сипаты іс-
керлік сұхбатты анықтайды. 
Жоғары деңгейдегі келіссөздер
Андерсон, Хьюз және Шаррок (1987) кәсіпкерлік сала басшылары арасында-
ғы келіссөздердің сипатын зерттеді. Осындай келіссөздер туралы олардың же-
тістіктерінің бірі – келіссөздердің қаншалықты ақылға қонымды, дербес және 
бейтараптығында:
«Барлығы ойластырылған, өлшенген, ақылға қонымды жолмен жүзеге 
асырылады. Олардың әрекеттерінде бірде-бір жеке жалған сенім болмай-
ды немесе жоспарланбайды. Бұл жай ғана олардың айналысатын ісі; бұл 
олардың жұмыс күнінің бөлігі... Конфликт, келіспеушіліктер мен даулар 
әрдайым назарда және бақыланады. Егер мәміле осы жолы жасалмаса
онда солай болғаны».
(Anderson, Hughes and Sharrock, 1987:155) 
Өзара әрекеттесудің бұл түрі бизнес әлемі туралы көп нәрсе айтады.
Бір қызығы, Андерсон, Хьюз және Шаррок іскерлік әлемде болып жатқан 
нәрселердің күнделікті өмірдегі нәрселерден еш айырмашылығы жоқ деп сен-
діреді. Біз көптеген әлеуметтік қарым-қатынастарымызда өзімізді жоғарыда 
сипатталған кәсіпкерлік басшылары сияқты ұстаймыз. «Бизнес әлеуметтік 
өмірден оқшауланған бөлікте жүзеге аспайды. Екеуі бір-бірімен тығыз әрі үз-
діксіз байланыста» (Anderson, Hughes and Sharrock, 1987:155).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   309   310   311   312   313   314   315   316   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет