470
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
бақылау... оны әрқайсысы өз бетімен жүргізеді, бұл – бақылауды жүзеге
асыратын акторлардың барлығына тән міндет».
(Coleman, 1990:292)
Сонымен қатар адамдар басқаларды ішінара бақылау жасау құқығына ие бо-
лып және басқа тұлғаларға ішінара өздерінің бақылау құқығын беру арқылы өз
пайдаларын барынша арттырған сияқты болып көрінеді. Басқаруды беру бір-
жақты болмағандықтан, нормалар жағдайында тепе-теңдік бар.
Сондай-ақ нормалардың кейбір адамның мүддесіне сай болғанмен, басқа бі-
реуге зиян болып келетін кездері де бар. Кейбір жағдайларда нормаларға бас-
тамашылық ететін және қолдайтын акторлар өз іс-әрекеттерін бақылаудан бас
тартады. Мұндай нормалар кейбір адамдар басқа адамдардың іс-әрекеттерін
бақылау құқығына ие (норма арқылы) болу жөнінде консенсус пайда болған-
да күшіне енеді. Сонымен қатар нормалардың тиімділігі консенсусты сақтау-
ды қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты. Консенсус және құқық қолдану
ұжымдық мінез-құлыққа сай теңсіздіктің алдын алады.
Коулман нормалар өзара байланысты екенін мойындайды, бірақ ол осын-
дай макромәселені әлеуметтік жүйелердің негіздеріндегі өз жұмысының шең-
берінен тыс көреді. Дегенмен ол норма интернализациялануының микромә-
селесін өз мойнына алуға дайын болады. Ол интернационализацияны талқы-
лау барысында «рационалды таңдауға негізделген теориялар бағытына ығыса
бастағанын» мойындайды (Coleman, 1990:292). Ол нормалардың интернали-
за циялануын ішкі санкциялау жүйесін құру ретінде қарастырады. Адамдар
нормаларды бұзған кезде өздерін санкциялайды. Коулман бұл жағдайды нор-
маларды қолдану арқылы басқаларды бақылауға тырысатын бір актор немесе
акторлар тобының көзқарасы тұрғысынан талдайды. Осылайша бір акторлар
жиынты ғының қызығушылығын туғызу үшін ішкі нормалар сақталуы және
соған сәйкес реттелуге тиіс басқа жиынтықтың болуы шарт. Ол «мұндай әре-
кеттер ақылға қонымды шығындармен тиімді болған жағдайда» мұны рацио-
налды деп санайды (Coleman, 1990:294).
Коулман нормаларға өзінің теориясының үш негізгі элементі тұрғысынан:
микродан – макроға, микродеңгейдегі мақсатты әрекетке, макродан – микро-
ға қарайды. Нормалар – микродеңгейдегі мақсатты әрекеттің негізінде пайда
болатын макродеңгейдегі феномендер. Баяғыда болған нормалар санкция сал-
дарынан немесе санкция қаупінен жеке тұлғалар әрекетіне әсер етеді. Кейбір
әрекеттерді қолдай отырып, кейбірін қолдамауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: