472
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
лағаннан әріге бармағанына, қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге ат салыса
алмағанына және бізге қоғамның қай бағытта дамып бара жатқанын білуге кө-
мектеспегені үшін қарсы шығады. Әлеуметтану теориясы (сонымен қатар әлеу-
меттану зерттеулері) мақсатқа, қоғамның дамуына қызмет етуі тиіс. Коулман
білім үшін білімге емес, «қоғамды қайта құру үшін керекті білімге» қызығатын
әлеуметтік теорияны жақтайды (1990:651).
Коулманның әлеуметтік теорияға қатысты көзқарасы қоғамның өзгермелі
сипаты туралы көзқарасымен тығыз байланысты. Алғашқы құрылымдардан
өту және оларды мақсатты бағытталған құрылымдармен ауыстыру жаңа қо-
ғамдық ұйымдармен лайықты түрде толтырылмаған бірқатар бос орындарды
қалдырды. Әлеуметтану мен әлеуметтік теориялар қоғамды қайта жаңарту
үшін қажет (Coleman, 1993a, 1993b, Bulmer, 1996). Оның міндеті – мақсатты
бағытталған құрылымдарды жою емес, осындай құрылымдардың мүмкін-
діктерін жүзеге асырып, түйткілдерінен арылу. Жаңа қоғам жаңа әлеуметтік
ғылымды қажет етеді. Институттық салалардың арасындағы байланыстар өз-
герді, нәтижесінде әлеуметтік ғылымдар дәстүрлі пәндік шекаралардан өтуге
дайын болуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: