477
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
Феминизмнің негізгі мәселелері
Тарихи көзқарас: феминизм, әлеуметтану және гендер
Қазіргі феминистік теориялар
Феминистік әлеуметтану тұрғысынан теориялық негіздеу
Тарау мазмұны
Ф
еминистік теория – әйелдердің перспективасына бағытталып жасалған
әлеуметтік өмір мен адамзат тәжірибесі туралы идеялардың жалпылан-
ған ауқымды жүйесі. Феминистік теория әйелге және әйелдерге деген екі
бағытта дамыды.
Біріншіден, зерттеу объектісі – қоғамдағы әйелдердің жағда-
йы (немесе жағдайлары) және тәжірибелері. Екіншіден, бұл теория әлеуметтік
әлемді әйелдің ерекше көзқарастары арқылы сипаттауға тырысады. Феминис-
тік теория көптеген әлеуметтану теорияларынан ғалымдар, өнер адамдары мен
белсенділердің пәнаралық және халықаралық қауымдастықтарының жүргізетін
жұмыстары арқылы ерекшеленеді.
1
Феминистік әлеуметтанушылар осы пән -
аралық қауымдастықтар ашқан тәжірибелік жаңалықтарды есепке ала отырып,
пәндік білімді талап ету арқылы әлеуметтануды кеңейтуге және тереңдетуге ты-
рысады.
Тарау феминизм мектебіне арналған негізгі мәселелердің мазмұнынан баста-
лады да, феминизм мен әлеуметтану арасындағы байланыстың қысқаша тарихы
баяндалады. Содан кейін заманауи феминистік теорияның әртүрлі типтерін си-
паттап, әлеуметтанушылардың осы теорияға сіңірген еңбегін атап өтеді. Тарау
әртүрлі теориялық дәстүрлерден шығатын феминистік әлеумет танымдық ой-
лардың интеграциялық мәлімдемесімен аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: