Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет476/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   596
Освенцим және лагерь. Жоғарыда аталған жантүршігерлік оқиғалардың 
бәрі нацистік концентрациялық лагерьде, әсіресе Освенцим лагерінде болды 
(Agamben, 2002:81). Осы лагерь туралы Агамбен өзінің 2002 жылы жариялаған 
(«Освенцим қалдықтары: куәгер және мұрағат») атты еңбегін жазды. Концен-
трациялық лагерь (немесе лагерь) – Агам бен сипаттаған жазасыздық пен 
жауапкершіліксіз аймағы. Оған қоса, жазаланбайтын болғандықтан, күзетші-
лер мен басқа адамдардың да кісі өлтіруге мүмкіндіктері болды. Бұл «жақсы-
лық және жамандық» пен «этикалық және құқықтық» арасындағы айырмашы-
лықтардың, шекаралардың түсініксіздігімен және шатасуымен байланыстыры-
лады. Бұл – сондай-ақ жақсылық пен адам гершіліктің шекарасы. Жамандық, 
заңсыз, әдепсіз әрекеттер белең алады. Тұт қындар ерекше аймақта өмір сүреді 
және оларды өлтіру қылмыс деп саналмайды. Олардың кеудесінде тек жаны 
ғана қалды, кейін олардың жанын да алды. 
Концентрациялық лагерь ретінде Освенцим нацизмнің орталығы болса, «ла-
герьдің өзегінде» муссельман
8
 болды (Agamben, 2002:81). Егер лагерьді «шекті 
жағдай» десек, онда муссельман, негізінен, шекті жағдайда өмір сүрген адамдар 
болды. Олар арий қанына жатпайтындардан депортацияланған тұтқын еврей-
лерге, одан муссельмандарға қосылған; олар үшін жалғыз қадам – өлім. Олар 
өмір мен өлім арасындағы адамгершілік пен жауыздық ортасындағы (оларда 
адамгершілік жоқ) табалдырықта болған («тірі мәйіттер» [Agamben, 2002:70]).
Освенцим Агамбен үшін маңызды болғанымен, ол лагерьлерге тән жалпы 
идеяның басты мысалы еді. Лагерьде «шеттету жағдайы» тұрақтылыққа айна-
лады (Agamben, DeCaroli, 2007:52). Бұл «мемлекет жағдайын материализа ция-
лау» (Agamben, [1995]1998:174); «Таза кеңістік» (Agamben, [1995]1998:134). 
Алайда лагерь – фашизмді жоюдың жалғыз көзі емес. Бұл – жай ғана тарихи 
факт емес, тіпті өткен аномалия емес, «бірақ кейбір жолдармен... біз әлі күнге 
дейін өмір сүріп жатқан саяси кеңістіктің номосы
9
 және жасырын матрицасы» 
(Agamben, [1995] 1998:166).
Агамбеннің ойынша, лагерь әлі де бар; барған сайын лагерьге ұқсайтын қоғамда 
өмір сүріп жатырмыз. Осылайша, тұрақты «шеттету» жағдайында өмір сүріп жат-
қанымыз туралы қорытындыға келе аламыз. Лагерь «қазіргі заманғы саяси кеңіс-


704
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
тіктің жасырын парадигмасы» ретінде қарастырылады (Agamben, [1995]1998:123). 
Оның парадигмасы «фактілер мен заңдар, ережені қолдану, ерекшеліктер мен ере-
же аралығында үздіксіз шешім қабылдау қажеттілігімен» айқындалады (Agamben, 
[1995]1998:173). Дегенмен бұл шешімдер заңнан тыс, ерікті түрде қабылдана бере-
ді және оларды тәуелсіз мемлекет шешеді (мысалы, әсіреұлтшыл Германия жағ-
дайында – Гитлер), ал лагерь «егемендігі бар, бірақ заңы жоқ» аймаққа айналады 
(DeCaroli, 2007:53). Тәуелсіздіктің немесе егемендіктің атынан әрекет ететіндердің 
әрекеті қылмыс ретінде қарастырылмаған. Адольф Эйхманн айтқандай, «фюрердің 
сөздері заңдық күшке ие» (Agamben, [2002] 2005:38).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   472   473   474   475   476   477   478   479   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет