Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет479/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

тік теориялар түсініктері арасындағы айырмашылықтарды бөліп көрсету қа-
жет.
13
Постмодерн – әдетте заманауи дәуірлерден кейін келетін тарихи дәуірге 
тән құбылыс, постмодернизм – заманауи мәдени өнімдерден айрықшаланатын 
(V. Taylor, 2007) мәдениет өнімдері (өнер, кино, архитектура және т.б.) және 
постмодерндік әлеуметтік теория – қазіргі әлеуметтік теориядан ерекшеле-
нетін ойлау тәсілі. Осылайша, постмодерн жаңа тарихи дәуірді, жаңа мәдени 
өнімдерді және әлеуметтік әлем туралы теориялық жаңа түрді қамтиды. Осы-
ның барлығы соңғы жылдары «заманауи» деген терминмен сипатталмайтын 
жаңа және әртүрлі құбылыстардың пайда болуымен тікелей байланысты.
Осы тұжырымдамалардың бiрiншiсіне қатысты «заманауи тарихи кезең 
аяқ талып келе жатыр немесе аяқталып қойған, оның орнына постмодернизм 
кезеңі басталды» деген көзқарастар кеңінен таралуда. Лемерттің ойынша:
«постмодерндік дәуірдің басталуы 1972 жылы 15 шілде күні 3:32 сағатта 
Pruitt-Igoe құрылыс жобасының күйреген сәтімен байланысты... Сент-
Луистегі бұл үлкен тұрғын үй жобасы мынадай модерндік оймен айқын-
далған: архитектураның ең танымал және ең үздік құрылысшылары сал-
ған үйлер адамдарды азап пен кедейліктен құтқарады. Ал осы идеяның 
символын айқындау үшін модерндік архитектураның және соған сай қа-
зіргі заманның сәтсіздігін де мойындау қажет».
(Lemert, 1990:233; following Jencks, 1977)
Pruitt -Igoe құрылыс жобасының күйреуі модернистер мен постмодернис-
тердің қоғамдық мәселелерді ұтымды шешу бағыттарының айырмашылығын 
көрсетеді. Модернистер үшін рационалды шешім табуға болады. Постмодер-
нистер үшін бұл мүмкін емес. 1960 жылдары Линдон Джонсонның кедейлікке 
қарсы жүргізген күресі қазіргі заманғы қоғамға тән мәсе лелерді ұтымды шешу-
ге болатынын көрсетеді. 1980 жылдары постмодерндік қоғамның өкілі Рейган 


708
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
мен оның әкімшілігі мұндай проблемаларды шешу үшін жаппай бағдарлама-
ларды жасаудан бас тартады, олар әртүрлі проблемаларға бірыңғай ұтымды 
шешім жоқ деп санайды. Осылайша, Кеннеди, Джонсон мен Рейганның пре-
зиденттік кезеңдері аралығында АҚШ қоғамы қазіргі заманғы (модерндік) қо-
ғамнан постмодерндік қоғамға айналды деп қорытынды жасауға болады. Шын 
мәнісінде, Pruitt-Igoе жобасының күйреуі осы уақытқа тұспа-тұс келеді.
Екінші тұжырымдамаға сәйкес, постмодернизм заманауи өнімдерді ығыс-
тырып жатқан мәдениет саласына жатады. Өнерде Джеймисон (1984) Энди 
Уорхолдың постмодерндік, фотографиялық дерлік Мэрилин Монро суретін, 
Эдвард Мунктің заманауи және өте ауыр The Scream («Жанайқай») картина-
сын өзара салыстырады. Теледидар саласындағы Twin Peaks көрсетілімі әдет-
те постмодернизмнің жақсы үлгісі ретінде қабылданады және Father Knows 
Best бағдарламасы – қазіргі заман бағдарламасының үлгісі. Киноиндустрия-
да Blade Runner постмодерндік туынды деп қарастырылуы мүмкін, ал The Ten 
Commandments («Он өсиет»), әрине, қазіргі заманғы фильм ретінде танылады.
Үшінші тұжырымдамаға сәйкес, постмодерндік әлеуметтік теорияның пай-
да болуымен оның қазіргі заманғы теориядан айырмашылығын талқылаймыз. 
Қазіргі заманғы әлеуметтік теория қоғамды зерттеу мен сыни тұрғыдан талдау-
дың әмбебап, ұтымды негізін іздестіреді. Маркс түрді негізге алса, Хабермас 
коммуникативтік себепке басты назар аударады. Постмодерндік тұжырымдар 
қабылдануы қиын және релятивистік, иррационалды әрі нигилистік сипатта 
болады. Ницше мен Фукодан кейін, постмодернизм бағытының өкілдері мұн-
дай «негізділікті» қабылдамаған, себебі «мұндай ойлар кейбір топтар дың үстем 
болуына, басқалардың маңыздылығын төмендетуге мүмкіндік бе реді және кей-
бір топтарға билік беріп, басқа топтарды әлсіз етеді» деп санады. Сол сияқты 
постмодернистер нарративті түсіндіру мен мета-талдауды қабылдамайды.
Мұндай идеяларды қабылдамаған беделді постмодернистердің бірі – Жан-
Франсуа Лиотар. Ол (1984:xxiii) заманауи (ғылыми) білімді Маркс пен Пар-
сонс тәрізді теорияшылардың ең 
бектерімен сабақтастырып, бірыңғай ұлы 
синтез (немесе метадискурс) негі зінде анықтайды. Заманауи ғылыммен байла-
ныстыратын нарративті түсіндір мелерге «рух диалектикасын, мағыналық гер-
меневтиканы, ұтымды және еңбекқор адамға еркіндік беру немесе дүние жи-
науды» жатқызады (Lyotard, 1984: xxiii).
Егер заманауи білім Лиотардың метанарративтік көзқарастарымен анық-
талса, онда постмодерндік білім мұндай әңгімелерді қабылдамайды деген сөз. 
Лиотар: «Мен қарапайымдандыруды постмодернизмнің метанарративтерін 
қабылдаумен байланыстырамын», – деді (1984: ххіv). Басқа ойларын былай 
жеткізеді: «Тоталдыққа қарсы шығайық... Айырмашылықтарды белсенді ете-
йік» (Lyotard,1984:82). Шын мәнінде, постмодерндік әлеуметтік теория әр-
түрлі теориялық перспективалардың біріне айналады: «Постмодерндік білім 
тек биліктің құралы емес; ол айырмашылықтарға деген көзқарасымызды ай-
қындайды және біздің шыдамдылық қабілетімізді шыңдай түседі» (Lyotard,
1984: xxv). Осы тұрғыдан алғанда, әлеуметтану заманауи шекарасынан асып 
кетті, постмодерндік дәуірде нақты синтездерді іздеуге көшті. Фрейзер мен 
Николсонның көзқарастары бойынша, Лиотар қазіргі заманның метанарра-
тивтеріне қарағанда (Fraser and Nicholson, 1988:89) «ұсақ, оқшауланған әңгі-
мелерді» ұнатады.


709
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
Лиотар жалпылама нарративтен бас тартса, Бодрийяр әлеуметтанудағы 
нарративті қолдану идеясын қабылдамайды. Ол жалпы әлеуметтілік идеясына 
қарсы. Бұл сәйкесінше, қазіргі заманғы әлеуметтанудағы метанарративтен бас 
тартуға әкеледі:
«Ұтымды келісім, азаматтық қоғам, прогресс, билік, өндіріс секілді идея-
ларға негізделген нарратив бұрыннан болған, бірақ қазір жоқ екеніне кө-
зіміз жетіп отыр. Әлеуметтiк перспективаның дәуірі (қазіргі заман секілді 
белгісіз уақытпен сәйкес келетiн дәуір)... аяқталды».
(Bogard, 1990:10) 
Осылайша, постмодерндік әлеуметтік теория, жалпы алғанда, метанарра-
тивтерді, әсіресе әлеуметтанудағы метанарративтерді қабылдамайды.
Постмодерндік әлеуметтік теориялар, негізінен, әлеуметтанушы ғалым-
дардың туындысы емес (Лиотар, Деррида, Джеймисон және басқалар). Соң-
ғы жылдары бірқатар әлеуметтанушылар постмодерндік тұрғыда жұмыс іс-
тей бастады, ал постмодерндік әлеуметтік теория белгілі бір дәрежеде клас-
сикалық социологиялық дәстүрдің құрамдас бөлігі ретінде айқындалады. 
Мысалы, Георг Зиммельдің «Постмодерн» (Weinstein and Weinstein, 1993, 
1998) деп аталатын еңбегіне назар аударайық. Вайнштейндердің айтуынша, 
Зиммельді либералды модернист деп тану оның «тарихи процесте объектив-
ті мәдениеттің үстемдігі артады» деген ойымен сабақтасып жатыр. Сонымен 
қатар Зиммельді постмодерндік теорияшыл ретінде қарастыруға болады. 
Осылайша, олар екі баламаның да шындыққа жанасымды екенін мойын-
дайды. Вайнштейндердің айтуы бойынша: «Біздің ойымызша, «модернизм» 
мен«постмодернизм» – қарама-қарсы емес, өзара бір-бірімен байланысты 
дис курстық домендер (1993:21). Олар Зиммельдің модерндік интерпрета-
цияны жасай алатынын айтты, бірақ постмодерндік экспликацияның пай да-
лы екенін сезінеді. Осылайша, олар кейінгі постмодерндік көзқарасты білді-
реді: «Ерекше Зиммель жоқ, тек әртүрлі Зиммельдер әртүрлі пікірлерін біл-
діреді» (Weinstein and Weinstein, 1993:55).
Вайнштейндер постмодерндік көзқарас ұстанған Зиммельді қорғау үшін 
қандай дәлелдер келтіреді? Бір жағынан, Зимммель қалыптасқан пікірлерге 
қарама-қарсы болды; шын мәнінде, ол қазіргі заманның азғындағанын көру-
ге бейім. Tragedy of culture («мәдениет традегиясы») теориясына қарамастан
Зиммель негізінен эссеист және әңгімеші болған және ол, негізінен, әлеуметтік 
әлемді зерттеумен емес, белгілі бір мәселелермен айналысты.
Вайнштейндер мен өзге теорияшылар Зиммельді «бос сандалушы» (flaneur)
нақты айтқанда, әлеуметтік құбылыстардың кең ауқымын талдап, өз уақытын 
бос өткізген әлеуметтанушы ретінде сипаттады. Осы әлеуметтік құбылыстар 
оны өздерінің эстетикалық қасиет терімен, яғни «таңғалдыру, қуанту және ра-
қат сезімін сыйлау» мүмкіндік терімен қызықтырды (Weinstein and Weinstein, 
1993:60). Сондай-ақ Зиммель туралы «өзінің көңіл күйіне қарай белгілі бір 
әлеуметтік мәселені талқылап, интеллектуалды өмір сүрген» дейді. Зиммель-
дің мұндай бағыты оны әлемді тоталитарлық тұрғыдан қараудан алыстатып, 
әлемнің жеке, бірақ маңызды жақтарын қарастыруына әсер етті.
Зиммельді сипаттау үшін қолданылатын тағы бір термин – bricoleur – түсі-


710
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ніктілік пен қолжетімділік сипатындағы интеллектуалды зияткерлік түрі. Зим-
мель үшін әлеуметтік әлемнің көптеген үзінділері немесе «объективті мәде-
ниеттің сынықтары» қолжетімді болды. Вайнштейндер (1993:70) оларды Зим-
мель терминдері деп сипаттайды. Bricoleur ретінде Зиммель әлеу меттік әлемге 
жарық түсіру үшін әртүрлі идеяларды бірге жинақтайды.
Зиммельдің постмодерндік көзқарастарына қатысты Вайнштейндердің ег-
жей-тегжейлі түсіндірмесін тым терең қарастырудың қажеті жоқ. Ұсынылатын 
иллюстрациялық ұғымдар мұндай интерпретацияның да, модерндік көзқа-
растар секілді, ақылға қонымды екенін көрсетеді. Басқа танымал классикалық 
теорияшылардың еңбектеріндегі постмодерндік көзқарастарды табу әлдеқай-
да қиын болар еді. Дегенмен олардың еңбектерінде постмодерндік әлеуметтік 
теорияға сәйкес келетін аспектілердің болатыны сөзсіз. Осылайша, Сейдман
(1991) айқындағандай, әлеуметтану теориясының көпшілігі модер ндік, деген-
мен Зиммель секілді әлеуметтанушылардың ойлары постмодерндік ба ғытқа 
сәйкес келетіні байқалады (N. Gane, 2002).
Модерндік әлеуметтік теорияның сыншылары арасында постмодерндік 
әлеуметтік теорияның өкілдері бар. Олардың бел ортасында Ч. Райт Миллс 
(1959) тұр (Antonio, 1991; Best and Kellner, 1991; Smart, 1993).
Біріншіден, Миллс постмодерндік терминді ағартушылық дәуірінен кейінгі 
уақытты сипаттау үшін пайдаланды: «Біз қазіргі заман дәуірінің соңында тұр-
мыз... Ол постмодерндік кезеңге айналып жатыр» (C.W. Mills, 1959:165–166). 
Екіншіден, ол әлеуметтанудағы заманауи ұлы теорияның қатаң сыншысы 
болды, бұл теория аясында әсіресе Толкотт Парсонс еңбек еткен. Үшіншіден, 
Миллс әлеуметтік және моральдық сипаттағы әлеуметтануды қолдады. Миллс-
тің айтуынша, ол әлеуметтанудың ауқымды қоғамдық мәселелерді жекелеген 
қиындықтармен байланыстырғанын қалаған.
Зиммель мен Миллстің (және тағы басқалардың) еңбектерінде постмодерн-
дік әлеуметтік теорияның сұлбасы бар болғанымен, постмодерндік теорияның 
нақ өзін таба алмаймыз. Мысалы, Бест пен Келлнер Миллсті «Қоғамдық мәсе-
лелерді шешу мен әлеуметтік шындықты өзгерту үшін жалпылама әлеуметта-
нуды қолдайтын қиялшыл модернист» деп бағалайды (1991:8).
Постмодерндік әлеуметтік теорияны нақты талқылап көру үшін Фредрик 
Джеймисон және Жан Бодрийяр есімдерімен байланысты ең маңызды постмо-
дерндік әлеуметтік ойларды қарастырайық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   475   476   477   478   479   480   481   482   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет