Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет473/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Discipline and Punish («Тәртіп пен жазалау») еңбегінде көптеген тақырып-


697
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
тар көтеріледі (Foucault, 1979), сонымен қатар билік генеалогиясы, структура-
лизм және дискурспен байланысты көптеген мәселелер айқындалады. Мұнда 
«күш пен білім бір-бірімен тікелей сабақтас» (Foucault, 1979:27).
Аталған еңбекте Фуко 1757–1830 жылдар аралығын зерттеді, яғни бұл кез-
де тұтқындарды азаптау режимі оларды түрме ережелерімен басқару жүйесі-
не ауыстырылған болатын (Фуко бұл өзгерісті тұрақты емес түрде дамытып 
отырады және ол мұндай өзгеріс рационалды түрде дамымайды деп есептей-
ді). Осы еңбектегі негізгі ойды былайша сипаттауға болады: «бұл – азаптаудан 
ережелерге көшу» кезеңі.
Қылмыскерлерді емдеуді гуманизациялау – салыстырмалы түрде қатыгез-
дігі мен азаптауы жеңілдеу сипаттағы амал. Фуконың көзқарасы бойынша, 
жаза белгілі бір деңгейде рационалдана бастады [1979:13]). Бұрынғы кезде 
тұтқындарды қарапайым адамдардың көзінше азаптады, бұл биліктің «эко но-
микалық шарасыздығы» еді, мұндай қатыгездік көріп тұрғандардың арасында 
наразылық туғызды (Foucault, 1979:79). Білім мен биліктің арасындағы байла-
ныс азаптау жағдайында айқын көрінді. Жаңа ережелер жүйесі «тұрақты, тиім-
ді болды. Бір сөзбен айтқанда, экономикалық шығындарды төмен дете отырып, 
тиімділікті арттырды» (Foucault, 1979:80–81). Жаңа жүйе адам гершілікке жат-
пады, бірақ «жазалауға ыңғайлы болды... Әлеуметтік ағзаны қатаң жазалауға 
мүмкіндік берді» (Foucault, 1979:82). Жаңа технологияның азаптаудан айыр-
машылығы – кінәлі қылмыс жасағаннан кейін жазаланды. Ол салыстырмалы 
түрде бюрократияланған, неғұрлым тиімді, тұрақты болды; қылмыскерлерді 
ғана емес, бүкіл қоғамды қадағалады. Фуконың түрмеге қатысты айтқан тұжы-
рымдарының бәрі дұрыс болмаса да, белгілі дәрежеде қызығушылық туғызаты-
ны анық (Alford, 2000).
Бұл жаңа технология тәртіптік билік технологиясының әскери моделіне не-
гізделген. Ол біртұтас энергетикалық жүйені емес, микроэнергетикалық жүйе-
лерді қамтиды. Фуко «конфронтацияның көптігі» (1979:26–27) мен «биліктің 
микрофизикасын» сипаттайды (Brenner, 1994). Ол тәртіптік үш билікті анық-
тайды: бірінші – иерархиялық қадағалау немесе тек лауазымды тұлғалардың 
көзқарасымен айқындалатын қадағалау түрі. Екінші – қалыпты шешім қабыл-
дау және нормаларды сақтамағандарды жазалау мүмкіндігі. Осылайша, уақыт 
(кешігушілік), белсенділік (байқамаушылық) және мінез-құлық (сый-құрмет 
көрсетпеу) секілді өлшемдер бойынша теріс бағалануы және жазалануы мүм-
кін. Үшінші – тәртіпті қадағалау, алғашқы екеуін қамтиды.
Фуко тәртіп орнаған қоғамның өсуіне теріс пікір танытады, сондай-ақ оның 
жағымды жақтарын да көреді. Оған тәртіптің әскери салада, өнеркәсіптік 
зауыттарда бірдей деңгейде болғанын жатқызады. Дегенмен Фуко қатаң тәр-
тіптің кеңінен таралуына үреймен қарайды, әсіресе оның қорқынышы бүкіл 
қоғам қабылдайтын тәртіп нысаны – мемлекеттік полиция желісіне ауысқан 
кезде күшейді.
Фуко қоғамда тәртіптің біркелкі таралмайтынын айқындайды. Ол тек қо-
ғам ның кейбір бөліктеріне әсер ететінін көреді. Сайып келгенде, көптеген 
негізгі институттар зардап шегеді. Фуко жаппай тәртіп орнаған қоғамды ри-
торикалық түрде былайша сипаттайды: «Зауыттар, мектептер, казармалар, ау-
руханалар да түрмелерге ұқсайтыны таңғаларлық па?» (1979:228). Ақырында, 
Фуко тәртіптің «қылмыстық мекемелерден бастап бүкіл қоғамға таралуын»


698
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
жазады (1979:298). Ол темір тордың бейнесінен өзара қара ма-қарсы күштерді 
көреді; Фуко еңбектерінде тұрақты құрылымдық диалектика бар.
Фуко «Тәртіп пен жазалау» еңбегінде билікке көбірек назар аударғаны-
мен, гуманитарлық ғылымдардың пайда болуына байланысты мәселелерді 
көтереді. Азаптаудан – бас бостандығынан айыру жүйесіне көшу кезінде жа-
залаудың тәндік сипаты жан мен ерік жазасына ауысты. Бұл өзгерістер, өз ке-
зегінде, нормалар мен моральды ескеруге мәжбүр етті. Түрмедегі шенеуніктер 
мен полиция қызметкерлері тұтқынның қалыпты және моральдық деңгейін 
бағалай бастады. Ақырында, соттың бұл үкімі психиатрлар мен тәрбиешілер 
секілді басқа мамандарға да таралды. Осы тұтас шешімдерден қазіргі заман-
ғы «ғылыми-зерттеу кешенінің» негізі болған қылмыс тық білімдердің ғылы-
ми жаңа органдары пайда болды. Адамдар білімнің нысаны, ғылыми дискурс 
ретінде анықталды. Бұл жағдай кейбір гуманитарлық ғылымдардың бастауы, 
яғни түп тамыры болғанын атап өту қажет. Бұл туралы Фуко былай деп жаза-
ды: «Ғасырдан астам уақыт бойы біздің «адамгершілігімізді» арттыруға бағыт-
талған гуманитарлық ғылымдар тәртіптің кішігірім зиянды сәттерін қамти-
тын және оларды зерттейтін техникалық матрицасынан тұрады» (1979:226). 
Тәртіп пен жазалау туралы тағы бір жайтты айта кету керек. Фуко білімнің 
қуатты технологияларды қалай тудыратынына қызығушылық танытады. 
Бұл тұрғыда ол паноптикуммен айналысады. Паноптикум – шенеу ніктерге 
қылмыскерлерді толық қадағалауға мүмкіндік беретін құрылым (Lyon, 2007;
G. Marx, 2005).
Іс жүзінде, мұндай құрылым лауазымды тұлғалардың әрдайым қатысуын 
талап етпейді. Құрылым (шенеуніктердің болу-болмауынан тәуелсіз) қыл мыс-
керлерді шектейді. Паноптикум күзетшілер барлық ұяшықтарды көре алатын 
циркулярлық түрменің ортасындағы мұнара нысанын иеленеді. Паноп тикум – 
түрме лауазымды тұлғалары үшін зор билік көзі, себебі ол толық қадағалауға 
мүмкіндік береді. Ең бастысы, оның билігі күшейді, өйткені тұтқындар өздері-
нің бақылауда екенін сезеді; олар күзетшілердің көруі мүмкін деп қорқып, ерсі 
әрекеттерден тартынады. Осылайша, білім, технология мен билік арасында
өзара берік байланыстар орнай бастайды. Сонымен қатар Фуко паноптикум-
ды гуманитарлық ғылымдар үшін адамдар туралы ақпарат жинау зертханасы 
ретінде қарастырады. Бұл – адамдар туралы ақпарат жинау үшін әлеуметтік-
ғылыми зертхана мен басқа да әлеуметтік-ғылыми әдістердің бастамасы бол-
ды. Фуко паноптикумды «қоғамның тұтас бір түрі» (1979:216), тәртіптік қоғам 
ретінде талдайды.
2
Енді біз «Сексуалдықтың тарихы» еңбегінің бірінші томын зерделеуімізге 
болады (Foucault, 1980a). Аталған еңбекте де биліктің генеалогиясына баса на-
зар аударылады. Фуконың пайымдауынша, сексуализм – «биліктің қарым-қа-
тынасы үшін ерекше тығыз байланыс нүктесі» (1980а: 103). Ол билік пен білім-
нен бастау алатын рақаттану сезімін зерттеуге ерекше көңіл бөледі (Foucault, 
1980a: 11). Сондай-ақ жыныстық қатынастың дискурсқа қалай әсер ететінін 
тексереді.
Фуко «викторианизм сексуалдықтың, соның ішінде сексуалдық дискурс-
тың, төмендеуіне әкелді» деген әдеттегі көзқарастың дұрыстығына күмән кел-
тіреді. Шын мәнінде ол қарама-қарсы позицияны алға тартады, оның пікірі 
бойынша, «викторианизм жыныстық қатынас туралы дискурстардың кеңінен 


699
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
таралуына» әсер етті. Викторианизмнің нәтижесі бойынша талдау, жинақтау, 
жіктеу, спецификация және сексуалды/сандық-жыныстық зерттеу жүргізілді. 
Фуко: «Адамдар өздерін қатты мазалайтын мәселелерді талқыламау, олар ту-
ралы үндемеу тәртібін неліктен қабылдағанын өздерінен сұрайды» (1980а:158). 
Бұл әсіресе мектептерде «секс туралы мәселе үнемі үрейленушілік» туғызуы-
мен көрінеді (1980а:27). Міне, Фуко викториандық гипотезасын және оның ба-
лама көзқарасын былайша қорытындылайды:
«Қазіргі индустриалды қоғамда сексуалдық қудалау күшейді деген ги-
потезадан бас тартуымыз қажет. Біз бұл күні ортодокстық емес жыныс-
тық қатынастарға куә болып жүрміз; ...бұған осы күнге дейін осынша 
көңіл аударылған жоқ еді; осынша назар аударылып, осындай деңгейде 
әңгімеленбейтін еді, ...оның ләззаты осынша жария болып, осынша кең 
көлемде насихатталмаған еді».
(Foucault, 1980a:49)
Фуко осы еңбегінде медицинаға ерекше көңіл бөледі және жыныстық қаты-
нас туралы сөз қозғайды. Көптеген жағдайларда медицина сексуалдықтың ғы-
лыми талдауына бағдарланған деп қарастырылса, Фуко медицинадан өнегелік-
ті көбірек көреді [1980а:55]. Сондай-ақ гуманитарлық ғылымдағы сексуалдық 
мәселесі батыс христиандық дінінде шындықты айту қажеттілігі қағидасымен 
сабақтас өрбиді. Адамдар өз діни қызметкерлеріне сырын ашқаны сияқты, дә-
рігерлеріне, психиатрларына және әлеуметтанушыларына өздерінің сезімдері 
мен ойларын айтады. Тәубеге келу, әсіресе сексуалдық мойындаулар ғылыми 
тұрғыдан түсіндіріледі.
Батыста «субъект тақырыбы секс мәселесінің айналасында болды» 
(Foucault, 1980a:70). Жыныстық қарым-қатынас мәселесі айналасында сөз қоз-
ғалды. Фуко бұл туралы өз пікірін былайша білдіреді: «Секс бәрін де түсіндіре-
ді» (1980а:78). Фуко секс туралы ғылыми-зерттеу осы мәселенің талқылануын 
төмендету емес, қайта секс пен билік арасындағы қарым-қатынасқа баса назар 
аудару керек екенін пайымдайды: «билік бір орталықта болмайды»; «оның түр-
лі микро-параметрлері бар». Сонымен қатар Фуко кездейсоқ жыныстық қаты-
насқа байланысты биліктің әрдайым қарсылығын анықтайды. Күш пен қуат-
тың қарсы тұруы барлық жерде болады.
XVIII ғасырға дейін қоғам өлімді бақылауға ұмтылды, бірақ осы ғасырдан 
бастап өмір мен жыныстық қатынасқа ерекше назар аудара бастады. Өмірге 
(және жыныстық қарым-қатынасқа) билік ету екі нысанда жүзеге асырылды. 
Біріншіден, адам тәнін (және оның сексуалдық әрекетін) тәрбиелеу мен қада-
ғалауға бағытталған «адам ағзасының анатомиялық саясаты» орнықты. Екін-
шіден, халықтың өсуі, денсаулығы, өмір сүру ұзақтығы және т.б. сияқты про-
цестерді бақылау және реттеуге мүмкіндік беретін «халықтың биосаясаты» қа-
лыптасты. Екі жағдайда да қоғам өмірді «саяси объект ретінде» көрді (Foucault, 
1980a:145). Екі жағдайда да секс болды: «Секс – тән мен белгілі бір түрдің 
жалғасуын сақтау құралы» (Foucault, 1980a:146). Заманауи Батыста секс жанға 
қарағанда маңызды болды, ал Фуко еңбектерінде секс – өмір секілді мәнге ие. 
Сексуалдықты білу арқылы қоғам өмірге көбірек билік ете алады. Дегенмен, 
бақылаудың жоғарылауына қарамастан, Фуко эмансипацияға үміт артты:


700
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
«Денеге, шаттық пен білімге қатысты биліктің өкілеттігін арттыруға ұм-
тылған болсақ, біз жыныстық қатынастың әртүрлі тетіктерін тактикалық 
түрде қалпына келтіру арқылы жыныстық қатынас агенттігінен бас тар-
туымыз керек. Мұндай қарсы тұру жыныстық қатынастың қалауымен 
емес, тән мен ләззат сезіміне негізделуі қажет».
(Foucault, 1980a:157)
Дин (1994): «1970 жылдардың соңынан бастап 1984 жылы қайтыс болған-
ға дейін Фуконың еңбектері биліктің микросаясатынан мемлекет саясатына 
немесе «басқару практикасы мен әдістерінің» дискурсқа тәуелділігін бағалау 
мәселелеріне ауысты», – дейді (Dean, 1994:78; Fejes, 2008; Walter, 2008). Бас-
қа теорияшылардан айырмашылығы – ол өз еңбектерінде бар назарын мемле-
кетке емес, «билік пен үкімет құралын құрайтын тәжірибелер мен рацио нал-
дыққа» аударды (Dean, 1994:153). Осылайша, Фуко гуманитарлық ғылымдар 
саласындағы білімге деген ұмтылыс тұрғысынан денені қадағалау жол дарына, 
мінез-құлықты басқару және өзін-өзі қалыптастыру ерік-жігеріне ерек ше көңіл 
бөледі. Тұтастай алғанда, ол өзін-өзі басқаруға, мемлекеттің басқаларды және 
мемлекеттің үкіметті басқару мәселелеріне назар аударды. Жалпы айт қанда, 
Фуко үкіметі «мінез-құлықты басқару» (the conduct of conduct) мәсе лесін қа-
растырады (Dean, 1994:176; Lemert, 2005c).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   469   470   471   472   473   474   475   476   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет