Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет99/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   596
Дін ұстанудың қалыпты формалары
Дюркгеймнің ерте кезеңдегі және кейінгі теориялары
Дюркгеймнің The Elementary Forms of the Religious Life («Дін ұстанудың қалыпты 
формалары») (1912) атты әлеуметтануға арналған соңғы үлкен еңбегі жарық көр-
мес бұрын, оның идеяларының америка лық әлеуметтануға келу жолы жайлы кейбір 
мәселелерді айта кеткен абзал. Дюркгейм заманауи әлеуметтанудың «әкесі» болып 
саналады, бірақ биологиялық әкелік секілді, пәндердің түптегі ДНҚ тест көмегімен 
анықтала алмайды, сондықтан әлеуметтік құрылым ретінде қарастырылуы керек. 
Америкалық ең ірі теорияшылардың бірі – Толкотт Парсонс (1937) Дюркгеймді 
«әке» мәртебесіне көтерді және бұл Дюркгеймнің кейінгі көзқарасына әсер етті.
Парсонс Дюркгеймнің өзгерісін «Суицид» және «Дін ұстанудың қалыпты 
формалары» атты еңбектері арасындағы теориялық айырмашылықпен байланыс-
тырады. Ерте кезеңдегі Дюркгейм, негізінен, позитивист болды, ол жаратылыс-


107
3-тарау

Эмиль Дюркгейм
тану ғылымдарының әдістерін қоғамды зерттеуге қолдануға тырысты, ал кейінгі 
Дюркгейм әлеуметтік өзгерістерден ұжымдық идеялардағы өзгерістерге дейін 
зерттеген идеалист болды. 
Кейінірек Парсонстың (1975) келтірген осы айырмашылықтың «шектен 
тыс» екені мойындалғанмен, бұл идея көптеген әлеуметтанушылардың Дюрк-
геймді түсінуіне әсер етті. Әлеуметтанушылар көбінесе Дюркгеймнің ертеде-
гі немесе кейінгі жұмыстарының аспектісімен келіседі және оған баса назар
аударады.
Дюркгеймнің жұмыстарын осылайша екі дәуірге жіктеудің өзіндік шын ды-
ғы да бар, бірақ ол белгілі теориялық өзгерістен гөрі, оның көзқарастарының 
өзгеру сипатын көрсетеді. Дюркгейм әрқашан әлеуметтік күштердің табиғи 
күштерге ұқсастығына және ұжымдық идеялардың әлеуметтік тәжірибені қа-
лып тастырғанына сенді. Дегенмен «Суицид» кейін Дюркгеймнің әлеуметтану 
теориясындағы маңызды мәселелердің бірегейі – дінге қатысты мәселе екені 
рас. Оны идеализмнің бір нысаны ретінде көрген дұрыс емес еді. Шын мә нін-
де, Дюркгейм діни көзқарастар салт-дәстүрлер сияқты нақты әлеуметтік тәжі-
рибелерге тәуелді деп көрсетеді, сондықтан өзін шектен тыс материалист деп 
сынағандарға наразылық білдірген.
Сонымен қатар Дюркгейм кейінгі кезеңдегі еңбектерінде жеке тұлғалардың 
әлеуметтік құрылымдарды қалай қабылдайтынына назар аударды. Дюркгейм-
нің әлеуметтануға бағытталған және психологияға қарсы қойылған әлеумет-
тік фактілерінде олардың адам акторларына, сана-сезіміне қалай әсер ететі-
ні ту ралы ойларын дәлелдейтін нақты ұсыныстар жоқ (Lukes, 1972:228). Ол 
әсіресе ертеректегі еңбегінде әлеуметтік фактілер мен жекелеген индивидтер 
ара сындағы байланысты бұлыңғыр және бұрмаланған жолдармен негіздеген 
бо латын. Соған қарамастан, Дюркгеймнің түпкі мақсаты индивидтердің әлеу-
меттік фактілерінің қалай қалыптасатынын түсіндіру болды. Біз оның «Дін 
ұстанудың қалыпты формаларына» қатысты ниетін нақты айқындағанын кө-
ріп отырмыз: «Жалпы, біз әлеуметтану индивидтер санасына кірмейінше, өз 
мақ сатына толық жете алмайды деп санаймыз... психологиялық жағдайын тү-
сіндіруге ұмтылатын институттарды байланыстыру үшін... бізге адамның бас-
тапқыдағыдан гөрі нәтижеге жеткен қалпы маңыздырақ» (Durkheim, cited in 
Lukes, 1972:498–499). Бұдан әрі қарай ол өзінің моральдық тәр бие жө ніндегі 
жұмысы сияқты, әлеуметтік фактілер мен адам санасының арасындағы байла-
нысы туралы салттық теориясын ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет