Саймандар тақтасымен танысу CorelDRAW мәзірінде сәйкесінше саймандар тобы суреттеледі.Панельдегі немесе батырманың оң төменгі жағындағы кішкене бағыттауыш сызық мәзірдің бар екенін білдіреді.Мысалы, Форманы өзгерту мәзірі бағыттауышты басқанда өзара байланысқан аспаптар тобы ашылады.
Келесі кестеде CorelDRAW-дағы мәзір және саймандар берілген.
Саймандар
Дәріс №8. Corel Draw графиктік редакторында құжатпен жұмыс
Жоспар:
Жаңа құжатты жасау;
Құжатты ашу;
Құжатты сақтау;
Қалай сақтау командасы;
Құжатты жабу;
Үлгіні (шаблон) ашу;
Файлдарды импорттау;
Файлдарды экспорттау.
1. Жаңа құжатты жасау.Corel Draw графиктік редакторын ашқанда қыстырмадан жаңа графикті таңдасақ жаңа құжат ашылады. Немесе стандартты құралдар тақтасынан «Жаңа» батырмасын басу арқылы жаңа құжат ашуға болады. Файл Жаңа (Файл Новый) командасы арқылы да жасауға болады. Жаңа құжат пішімін (формат) құралдар тақтасынан таңдаймыз.