5-сурет. New терезесiндегi өзгерiстер
Сілтеме: Resolution
Resolution 72 pixels/inch болып қалуының себебі, ашайын деп жатқан файлымыз тек мониторда көрсетілу мақсатында орнатылады. Егер сіз файлыңызды принтерден шығарғыңыз келсе, онда бастапқыда resolution мағынасы - 300 pixel/inch болуы қажет.
Параметрлерді дайындап болғаннан кейін ОК түймесіне басамыз. Басқан соң жаңа таза файл, жұмыс сахнасы ашылады. (6 - сурет).
6-сурет. Жұмыс сахнасы
3) Құрал панелінен Brush Tool немесе пернетақтадағы түймесiн басып, құралды таңданыз (7-сурет).
7-сурет. Brush құралы
4) Brush түсiн Swatches (түс өрнектері) палитрасынан таңдаңыз (8- сурет).
8-сурет. Swatches-тан түс таңдау.
5) Ендi тінтіурдің сол түймесiн басып тұрып, жұмыс сахнасында сурет салуға қiрiсiңiз (9-сурет).
9-сурет. Алғашқы суретті салу
Құттықтаймын! Ендi сiз цифрлық жүйеде еңбектенетiн кәсіпқой суретіші болуға бiр қадам жақындадыңыз. Бәрекелді бұл сәтті жетiстiктi, әрине, есте сақтап қалу керек. Ол үшiн
6) Ғile->Save немесе (Ctrl+S) клавиша түйiндерiн басыңыз (10- сурет).
10-сурет. Сақтау
7) Save As терезесінде файлдың атын "Модуль-1" деп қойыңыз. Форматы Photoshop (*.PSD, *.PDD) - өзгеріссіз қалсын. Ендi файлды қалаған папкаңызға сақтауыңызға болады (11-сурет).
11-сурет. Save As терезесi
Егер келешекте caқтaғaн суретіңізбен жұмыс істегіңіз келсе, онда Модуль-l.psd файлын ашасыз. Суретiңiздi достарыңызбен бөлicкiңiз келсе, онда Ғile->Save As... немесе (Ctrl+Shiғt+S) клавиша түйiндiciн басыңыз. Бұл операция сізге cуретiңiздi JPEG немесе көптеген басқа форматтарда сақтау мүмкiндiгiн бередi (12-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |