ми
202
емес
мый, су емес сұу, у емес ұу, и емес ій, ки емес кій, ит емес
ійт, ою емес ойұу, сүю емес сүйүу, ащы емес ашшы, хат-хабар емес
қат-қабар, жиһаз емес жиқаз, құлын емес құлұн, жүрек емес жүрөк
екеніне көз жеткізіп, көңілге қондыру қиынның-қиыны болады (
х, һ
таңбаларын жасанды дыбыстап жатамыз, бірақ ол тіл заңдылығына
жатпайды);
- екінші, «әліпби дыбыс жазбасына» лайық морфем, буын, тасы-
мал емле ережелерін қайта дайындау (өзгерістер енгізу);
- үшінші, қазақ тілінің төл дыбыстарына (кірме дыбыстар да қа-
лып қоймасын) берілген балама латын таңбаларына көз үйретіп, қол
жаттықтыру;
- төртінші, содан кейін барып, латын графикасы негізіндегі қазақ
жазуына ырғалып-жырғалмай, жүрексініп-тартынбай, уақыт оздырмай
жаппай көшу.
Жазу реформасын игеру үшін көпшілік бұқараға бір жылдың ар
жақ, бер жағы жетіп жатыр. Ал мектеп және өзге оқу орындары үшін
жазба құралдарының дайындығына кететін уақытты есепке алуға тура
келеді. Дегенмен бұрынғыдай қорғасын сапырып, тарсыл-гүрсіл боп
жатқан баспаханалар жоқ, компьютердің кілтімен кирилшеден латын-
шаға қас қағымда аударып алуға болады ғой. Ағылшын тілін жаппай
оқып жатқан балаларға қазақ латыншасына жаттығу қиындық туғыз-
байды. Ендеше, жылдан жылға созып, бес-он жылдап созбидаға салу-
дың еш реті жоқ. Егер оқулықтар мен оқу-құралдарының латыншаға
көшірілуі қол байлау болмаса, қазақ латыншасының көз жаттамы мен
қол дағдысын қатар игеріп алу, арысы екі-үш жылдың шамасы, берісін
тым жақындатпай-ақ қояйын, уақыт көрсетер.
Ең маңызды мәселелердің тағы бірі... Әліпби ауыстыру әңгімесі
көтерілгелі бері жүзге тарта жобадан хабардармын. Әліпбиін заңдас-
тырып, куәлік қағазын (патентін) жалаулатып, әліпбиіне өз атын
беріп жүргендерді де көрдім. Қазақ тілінде қанша дыбыс бар екенін
білмей-ақ жоба ұсынып жатқандар бар, таңба мен дыбысты шатасты-
рып алып жоба ұсынып жатқандар тағы бар, 42 кирилді 26 түймешеге
қалай сидырам деп әлек болып жатқандар да жоқ емес. Әлеми жазу
дәстүрі мен ұстанымынан (теориясынан) бейхабарлық көпшілігіне тән.
Соның нәтижесінде таңба құрамында бірізділік пен жүйе жоқ, сөздің
оқылым-жазылымында әдістемелік қайшылық көп.
203
Соған қарамай, әркімнің өз әліпбиі – озық, өз уәжі – басым, пен-
дәуи тірлікке төрелік жүрмейді. Ендеше, менің де өз уәжім жоқ емес:
қазақта «шымшық (бөдене, тауық деп те айтады) сойса да, қасапшы
сойсын» деген сөз бар. Олай болса, қорытынды сөзді тілтаным маман-
дары, оның ішінде фонетистер айту керек деп ойлаймын.
«Мұның бәрін не үшін айтып отырсың» дерсіз... Ертең әліпби бәй-
гесі басталды дейік. Қазақы дәстүрде бәйгеге ат қоспа дейтін тыйым
жоқ. Әркімнің өз әліпбиі әдемі, сондықтан әліпби науқанына жоба ав-
торларының түгел қатысатынына күмән жоқ. Солай болғаны да дұрыс
шығар. Бірақ жазу реформасы тек әліпби бәсекесіне айналып кетпеу
керек.
Бәйгенің аты бәйге... Ат қосар межесі, шауып өтер жолы, барып
жетер қарауылы анық-айқын болмаса, ауыл балаларының апыр-топыр
шаң қапқан жаяу жарысына айналып кетуі мүмкін. Сондықтан байып-
ты ұсыныстарды қолдайтын, аптықпа-асығыстыққа сабыр айтатын,
алып-қашпа тентектікке тоқтау салатын, турасын айтқанда, шылбыр
мен тізгінді қоса ұстаған билік керек. Нақты айтқанда, латын әліпбиінің
болашағына сеніп, тұнып-тұтасып тұрған араб қоғамына жалтақтамай,
жаңа жазуға жүрдек өтіп алған Ататүріктің «қара тақтасының» тәжіри-
бесі керек... Қазір, әрине, қара тақта деген жоқ, бірақ оның орнына «ин-
терактив (қоликемді) тақта» келді ғой.
Жарайды, қазіргі ұрпақ латын таңбасына көшерміз-көшпеспіз,
бұйырғаны болар. Жоғарыда айттық: біз өтпегенмен, келесі ұрпақ
өтеді. Ал бірақ сол келесі ұрпақтың еншісіне қазақ тілінің төл дыбыс
құрамын айқын түгендеп, әліпби үлгісін соған лайық ықшамдап, ай-
тылым емле ережесін реттеп беріп, «өзіңдікі мынау, өзгенікі анау» деп
жөн-жобасын сілтеп кету тілтаным мамандарының борышы болу керек
қой. Жаңа ұрпақ бүгінгі біз сықылды «дүбара» жазудың шытырман то-
рында адасып-шатасып жүрмес еді, сонда бұл да бір біткен іс болмай
ма? Сол үшін кінәлі бола қоймаспыз.
Күдік те жоқ емес: бүгінгі жазу тәрбиесімен өскен бір ұрпақ ауыс-
са, үндесім әуезді қазақ тілінің жайы не болмақ екен.
Сөз соңында біреулер қазақ тілі «дамып, кірме таңба-дыбыстармен
байып жатыр» деп қоқан-лоқы көрсетеді, біреулер жазудағы «таңба
үнемін» алға тартып, тапқырлық көрсетеді, біреулер қаражат шығы-
нымен қорқытады, біреулер орыс үлгідегі атау-терминдер байлығын
204
қимайды, іздей берсе бітпес іске себеп көп. Алайда қазақ сөзінің үн-
десім әуезін, морфем құрамын, буын тұрқы мен тасымал жігін бұза-
тын әріп байлығының, таңба үнемінің, қаражат сараңдығының, орыс
тілінің айтылым үлгісіндегі сыңар жақ атау-терминдерді қимау-
шылықтың не қажеті бар?
Бұл сұраққа менің жауабы, әңгіме түрінде болса да, айтылды. Ал
көпшілік оқырман не дерін өзі білсін.
205
Достарыңызбен бөлісу: |