209
Бл тіркесінің дыбыс әуез мәні
БЛ
БЫЛ
БІЛ
БҰЛ
БҮЛ
дауыссыз
дауыссыз
жуан
езулік
жіңішке
езулік
жуан
еріндік
жіңішке
еріндік
Бл тіркесінің
дыбыс әуез мәні
Қазақ тіліндегі дыбыс тіркестерінің зерттелу жайын сараптап
шыққанда, әртүрлі зерттеу барысында дыбыс тіркестерінің фонетика-
фонологиялық жағы ескерілмей, көбінесе
әріп тіркестері деңгейінде
қарастырылғаны анықталды. Дыбыс тіркестерінің жазылым түрлері
теріліп алынып, солардың рет тізімін беру басым.
Дыбыстардың тіркесу немесе тіркеспеу заңдылықтары жайлы
мәлімет жоқ. Тек қана дауыс қатысына байланысты (қатаңнан кейін
қатаң, ұяңнан кейін ұяң т.б.) тіркесім мүмкіндіктерінің төңірегінде сөз
болады. Негізгі тіркесім заңдылықтары ашылмаған:
артикуляциялық
заңдылықтар, яғни дыбыстардың жасалу орны, жасалу тәсілі, айтылу
қарқыны, әуен ерекшеліктері талданбаған; тіркесім құрамындағы
дыбыстардың сөздегі орны ескерілмеген; тарихи себептер, яғни кірме
әріптердің ықпалына көңіл бөлінбеген.
Жалпы дыбыс тіркестерінің айтылымы мен жазылымының арасын
ажыратпаудың салдарынан тіркесімнің жазылым үлгілері дыбыс тіркесі
ретінде қабылданып отырған. Соның нәтижесінде күмәнді дыбыс
тіркестері көбейіп кеткен. Дыбыс тіркесімінің жіктелімі қарапайым
түрде олардың әріп тұрқына қарай жүргізілген.
Мұның өзі дыбыс тіркесін фонетика-фонологиялық деңгейде
жүргізуді қажет ететінін көрсетті.