Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


й дыбысы болып табылады  (тағы да, орыс үлгісімен қысқа  й



Pdf көрінісі
бет152/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   221
й дыбысы болып табылады 
(тағы да, орыс үлгісімен қысқа 
й деуге болмайды, қазақ тілінде қысқа/
созылыңқы деген дыбыс жоқ). Екінші сыңары бірде дауысты 
ұ болса, 
бірде дауысты 
ү болады. Тіркестің үшінші сыңары дауыссыз у дыбысы 
болып табылады (тағы да қайталаймыз, орыс үлгісімен дауысты 
у деп 
жүргеніміз дұрыс емес, қазақ тілінде дауысты 
у дыбысы жоқ).
й
ұ
ү
у
Ендеше оқулықтарымыздағы дауысты 
ю деп жүргеніміз әрқай-
сысы үш дыбыстан тұратын дербес-дербес екі тіркестің таңбасы екен, 
басқаша айтқанда, дыбыс емес таңба (әріп) екен. Сонда қазақ тілінде 
үш дыбыс тіркесін де бір таңбамен (әріппен) белгілеп жүр екенбіз.
Қазақ тілінің сөзқұрауыш (просодикалық) заңдылығы бойынша 
жазу үлгісі «бір дыбыс-бір таңба» болу керек, сонда ғана мәтіннің 


233
үндесім әуезі, морфем құрамы, буын жігі, тасымал реті мен сөйлеу 
ырғағы үйлесімді шығады. Қазақ (жалпы түрік) тілінің өзге тілдердің 
жазу үлгілерінен басты ерекшелігі осы болып табылады.
Қазақ әліпбиінің құрамында дыбыс тіркестерін белгілейтін 
таңбалардан (әріптерден) басқа кірме жеке таңбалар (әріптер) бар. Ол 
таңбалардың да дыбыс мәнін өз алдына талдауға тура келеді.
Бірінші, қазақ (жалпы түрік) тілінде көмей дыбыс жоқ. Соған 
қарамай араб дәстүрімен енген 
һ таңбасы әліпби құрамынан шықпай 
келеді. Ал осы таңбаны жасанды дыбыстап келеміз. Өйткені қазақ 
тілінің артикуляциялық базасында көмей дыбыстың жасалымы жоқ. 
Сондықтан 
һ дыбысы деп тілшік арқылы дыбысталатын тоғысыңқы/
жуысыңқы қатаң дауыссызымызды айтқан болып жүрміз. Әдетте 
төл дыбыс еш артикуляциялық дайындықсыз еркін айтылады, ал 
һ 
таңбасын арнайы артикуляциялық дайындықпен күш жұмсап барып 
айтамыз. Осының өзі таңбаның (әріптің) бөгде (кірме) екенін көрсетеді.
Екінші, қазақ әліпбиінің құрамындағы арнайы тоқтала кететін 
тағы бір таңба 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет