«ӘЛІПБИ ЖАҢҒЫРУ»: ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘЛІПБИІНІҢ
ҚҰРАМЫНДАҒЫ КІРМЕ ТАҢБАЛАРДЫҢ
(ӘРІПТЕРДІҢ) ДЫБЫС МОДЕЛЬДЕРІ
Қазіргі қазақ әліпбиінің тізбегінде төл таңбалармен қатар кір-
ме таңбалар араласып жүр. Төркіні бөлек кірме таңбалардың жаса-
лым-естілім (артикуляция-перцепциясы) бөгде болғандықтан, олар қа-
зақ сөзінің үндесім әуезін, морфем құрамын, буын тұрқы мен тасымал
ретін, сондай-ақ сөйлеу ырғағын түгел бұзып бітті. Көзіміз үйреніп,
қолымыз жаттығып алған соң төл-кірме жазуды да өгейсінбейтін бол-
дық. Егер рухани сана жаңғыру ұлттың тілінен басталатынын ескер-
сек, онда алдымен төл әліпбиді қалыптастырып алу керек болады.
Төл әліпбиден төл сөз қалыптасады, төл сөзден ұлт тілі қалыптасады.
Бұл
‒ әлеми жазу тәжірибесі көрсетіп отырған фонетика-грамматика-
лық ұстаным.
Кіріспе орнына беріліп отырған бұл бөлімде кірме таңбалардың
дыбыс мәнін термелеп қана пішіндеп беріп отырмыз, кірме таңбалар-
дың әрқайсысының жан-жақты дыбыс талданымына төменде арнайы
дәріс арнап отырмыз.
Қазіргі қазақ әліпбиінің құрамындағы кірме таңбалардың дыбыс
құрамы (мазмұны) академиялық орфоэпиялық сөздіктерде таратылып
көрсетіліп келеді. Алайда академиялық орфоэпияның нәтижесіне еш-
кім мән бермей отыр. Сөздіктердің, мүмкін, таралым тапшылығы бо-
лар немесе оқу-әдістеме бағдарламалары мен оқулықтарда жеткілікті
мән берілмей келе жатқандықтан болар, әлде орыс әліпбиімен тұмша-
ланып қалғандығымыздан болар, әйтеуір кірме таңбалардың тіл бұзар
машақатынан арыла алмай-ақ келеміз.
Әдетте, әлеми әліпби түзу тәжірибесінде бір дыбысты бірнеше (екі-
үш) таңбамен белгілеу дәстүрі жиі кездеседі. Ал бірнеше дыбысты бір
таңбамен белгілеу дәстүрі жоқ сықылды. «Жоқ сықылды» деп екіұшты
сөйлеп отырғанымыздың себебі бар. Өйткені әлемде жоқ әліпби үлгісі
қазақ жазуында ғана бар: бір таңбамен екі-үш дыбыстың тіркесін біз
ғана белгілеп келеміз. Белгілеп қана қоймай, арнайы емле ережемен
бұлжымастай етіп бекітіп те қойдық. Жарты ғасыр бойы ұрпақтан-
ұрпақ сол емле ережемен ауызданып, сол емле ережемен ер жетіп, сол
емле ережемен қартайып, сол емле ережемен «ұзап» кетіп жатыр. Тіл
230
бұзар емле ереженің бастау сәті де белгілі – 1957 жыл, белсенділері де
белгілі – сол кездегі аты әйгілі тіл мамандары.
Ендігі шешім не болмақ? Қазіргі естияр ұрпақты «олай емес,
былай» деп сендіру қиын болып отыр. Бұрын бір ескерткеніміздей,
қазақтың өзіне «қазақтың бар дыбысын бар деп, жоқ дыбысын жоқ
деп» сендіре алмайтын кезеңде тұрмыз. Біз, қазіргі ұрпақ, шамасы, сол
«и-у-я-юлап» өтетін тәріздіміз. Амал жоқ, күйінесің-күйесің, іс өнбесін
білесің...
«Әліпби жаңғыруды» мектептен, тіптен, бірінші сыныптан
бастамаса болмайтын түрі бар. Сол ұрпақ өсіп жетілгенде ғана
қазақ сөзінің қазақы жазылымы мен айтылымы кірме таңбалардың
машақатынан тазаратын болады. Бірақ ұрпақ дайындығын бүгіннен
бастау керек. Мұндай дайындық ең алдымен сауат ашудың бастау кө-
зінде тұратын мұғалім-ұстаздарға керек. Көзі ашық сауатты қауымның
да игеріп алғаны артық болмайды. Өйткені болашақ қабылданатын
латын әліпбиінің құрамы мен емле ережесі бүгінгі кемшіліктерден
арылып жаңаратын болады.
Сонымен, кірме таңбалардың дыбыс құрамын таратып, көрнекі
«әліпби» моделін құрастырып шығамыз. Қазақ грамматикасында буын
түрлерінің атаулары бар. Сол үлгіні дыбыс тіркестерінің талданымына
да пайдалануға әбден болады. Буын түрлері мен тіркес түрлерінің
дыбыс құрамы бірін-бірі қайталайды.
Алғашқы тіркес түрін «ашық тіркес» деп атадық: дауыссыздан
(шартты түрде - Дз) басталып, дауыстыға (шартты түрде - Дт) бітеді:
Дз+Дт.
й
а
ә
231
Тіркестің бірінші сыңары дауыссыз
Достарыңызбен бөлісу: |