Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет40/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   221
Жалаң дауысты дыбыстар
А/Ә дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы. 
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар (резо-
наторлар) моделі жасалды (4.10-сурет).
5.10-сурет. Дауысты а/ә дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
4.10-сурет. Дауысты а/ә дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
А дыбысы жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жаса-
лады. Тілдің тік қалпына қарай ашық дауысты дыбыс болып табылады. 
//Ә дыбысы жақтың кең ашылып, тілдің төмен түсуі арқылы жасалады. 
Тілдің тік қалпына қарай ашық дауысты дыбыс болып табылады. 
Ендеше, ауыз және көмей жаңғыртқылары өзара ашық өткел 
арқылы байланысады. Ауыз және көмей жаңғыртқыларының өзара 
байланысына қарай ашық өткелді дауыстылар болып табылады.
А дыбысын айтқанда ерін ашық қалады. Еріннің қатысына қарай 
ашық ерін дауысты болып табылады. 
//Ә дыбысын айтқанда ерін ашық 
қалады. Еріннің қатысына қарай ашық ерін дауысты болып табылады. 
Ауыз (қуысы) жаңғыртқы ашық ерін шығысты болып аяқталады. 
Ендеше, жаңғыртқының бітер тұсына қарай ашық ерін шығысты 
дауыстылар болып табылады.
А дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. 
Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты болып табылады. 


57
Көмей жаңғыртқы ауыз жаңғыртқыдан кіші болады. 
//Ә дыбысын айт- 
қанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің көлденең 
қалпына қарай тіл ортасы дауысты болып табылады. Ауыз жаңғыртқы 
көмей жаңғыртқыдан кіші болады.
Сонда дауысты 
А: көмей жаңғыртқы – кіші, ауыз жаңғыртқы – үл-
кен
// дауысты Ә: ауыз жаңғыртқы – кіші, көмей жаңғыртқы үлкен бо-
лады.
Жаңғыртқы белгілері: 
Аашық өткелді, ашық ерін шығысты, 
кішілі-үлкенді 
//Ә – ашық өткелді, ашық ерін шығысты, үлкенді-кішілі.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі ашық дауысты дыбыстарының акустикалық көрінісі 
олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орналасым ретінен 
көрінеді. Дауыстылардың ашық белгісі форманттарының орта жиілікте 
орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім үшін форманттар құра-
мы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық (әуен, созылыңқылық, 
қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты 
А дыбысының ҒІ (800-900 Гц) және ҒІІ (1000-1200 
Гц) форманттары бір-біріне жақын және орта жиілікте орналасады 
(4.11-сурет). Кейде форманттары бір-бірімен ұласып, бірігіп кететін 
кезі де болады. Форманттарының бір-біріне жақын орналасуына қарай 
жинақы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты акустика-
лық белгісі – жинақы.
5.11-сурет. Дауысты а дыбысының акустикалық көрінісі
4.11-сурет. Дауысты а дыбысының акустикалық көрінісі


58
Дауысты 
Ә дыбысының ҒІ (700-800 Гц) және ҒІІ (1300-1500 
Гц) форманттары бір-бірінен алшақ және орта жиілікте орналасады 
(4.12-сурет). Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен 
алшақ жатады. Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына қа-
рай шашыраңқы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты 
акустикалық белгісі – шашыраңқы.
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің 
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный) 
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы 
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
5.12-сурет. Дауысты ә дыбысының акустикалық көрінісі
4.12-сурет. Дауысты ә дыбысының акустикалық көрінісі
Дауысты а/ә дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың ара-
сындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді (4.13-сурет).
5.13-сурет.
Дауысты
а/ә
дыбыстарының
форманттарының
салыстырма орналасымы
4.13-сурет. Дауысты а/ә дыбыстарының форманттарының 
салыстырма орналасымы


59
Дауыстылардың жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі өрнектел-
ген. Өрнек ашық жалаң дауыстылардың дәстүрлі жуан/жіңішке жік-
телімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде өте 
анық аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан ауди-
торлардың 98 %-ға жуығы дұрыс белгілеп шықты. 
Мұның өзі ашық дауысты дыбыстар үшін акустикалық көрсет-
кіштер мен естілім нәтижелерінің орнықты екенін көрсетеді.
Қысаң дауыстылардың тобы үндесім тұрғысынан толық болып 
табылады. Бұл топта жуан езулік ы, жіңішке езулік і, жуан еріндік ұ, 
жіңішке еріндік ү дауыстылары түгел бар. Сондықтан олардың өзара 
үндесім айырмашылығын талдап шығу біршама күрделі болады. 
Бірінші кезекте ы/і жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою сы-
зықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы 
І 
Ұ 
Ү 
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет 
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты 
рет қайталанады.
Ы/І дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы. 
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар 
(резонаторлар) моделі жасалды (4.14-сурет).
72
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет жұптасады. 
Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты рет қайталанады.
Ы/І дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы. 
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар (резонаторлар)
моделі жасалды (5.14-сурет).
5.14-сурет. Дауысты ы/і дыбыстарының жаңғыртқылар жүйесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет