Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Ұ дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы  жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып  табылады  //Ү



Pdf көрінісі
бет43/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   221
Ұ дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі арқылы 
жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс болып 
табылады 
//Ү дыбысы жақтың қысаң ашылып, тілдің жоғары көтерілуі 
арқылы жасалады. Тілдің тік қалпына қарай қысаң дауысты дыбыс 
болып табылады. 
Ауыз және көмей жаңғыртқылары өзара қысаң өткел арқылы 
байланысады. Ендеше, қысаң өткелді дауыстылар болып табылады.
Ұ дыбысын айтқанда ерін доғал дөңгеленіп тұрады. Еріннің 
қатысына қарай доғал еріндік дауысты дыбыс болып табылады 
//Ү 
дыбысын айтқанда ерін доғал дөңгеленіп тұрады. Еріннің қатысына 
қарай доғал еріндік дауысты болып табылады. Ауыз (қуысы) жаңғыртқы 
доғал ерін шығысты болып аяқталады. 
Жаңғыртқының бітер тұсына қарай доғал ерін шығысты 
дауыстылар болып табылады.
Ұ дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының арт жағына орналасады. 
Тілдің көлденең қалпына қарай тіл арты дауысты дыбыс болып 
табылады. Көмей жаңғыртқы ауыз жаңғыртқыдан кіші болады 
//Ү 
дыбысын айтқанда тіл ауыз қуысының орта тұсына орналасады. Тілдің 
көлденең қалпына қарай тіл ортасы дауысты дыбыс болып табылады. 
Ауыз жаңғыртқы көмей жаңғыртқыдан кіші болады.
Сонда дауысты 
Ұ: көмей жаңғыртқы – кіші, ауыз жаңғыртқы – 
үлкен
// дауысты Ү: ауыз жаңғыртқы – кіші, көмей жаңғыртқы – үлкен


64
Жаңғыртқы белгілері: 
Ұқысаң өткелді, доғал ерін шығысты, 
кішілі-үлкенді 
//Ү – қысаң өткелді, доғал ерін шығысты, үлкенді-кішілі.
Екінші кезекте кешенді акустикалық көрінісі берілді.
Қазақ тілі қысаң еріндік дауысты дыбыстарының акустикалық 
көрінісі олардың форманттарының (жолақ таңбаларының) орналасым 
ретінен көрінеді. Дауыстылардың қысаң еріндік белгісі формант-
тарының төменгі жиілікте орналасқанынан байқалады. Үндесім естілім 
үшін форманттар құрамы маңызды болғандықтан, басқа акустикалық 
(әуен, созылыңқылық, қарқын) белгілеріне мән бермей қоя тұрамыз.
Дауысты 
Ұ дыбысының ҒІ (300-500 Гц) және ҒІІ (900-1100 Гц) 
форманттары (ү дауысты дыбысына қарағанда) бір-біріне жақын және 
төмен жиілікте орналасады (4.19-сурет). Форманттарының бір-бірімен 
ұласып, бірігіп кететін кезі болмайды. Форманттарының бір-біріне 
жақын орналасуына қарай жинақы дауысты болып табылады. Бедер 
таңбаға қатысты акустикалық белгісі – жинақы.
5.19-сурет. Дауысты ұ дыбысының акустикалық көрінісі
4.19-сурет. Дауысты ұ дыбысының акустикалық көрінісі
Дауысты 
Ү дыбысының ҒІ (300-400 Гц) және ҒІІ (1300-1500 Гц) 
форманттары бір-бірінен алшақ және әртүрлі жиілікте орналасады 
(4.20-сурет). Дауыстының форманттары барлық уақытта бір-бірінен 
алшақ жатады. Форманттарының бір-бірінен алшақ орналасуына 


65
қарай шашыраңқы дауысты болып табылады. Бедер таңбаға қатысты 
акустикалық белгісі – шашыраңқы.
5.20-сурет. Дауысты ү дыбысының акустикалық көрінісі
4.20-сурет. Дауысты ү дыбысының акустикалық көрінісі
Естілім зерттелім үшін форманттардың нақты (абсолют) жиілігінің 
мәні жоқ, сондықтан форманттардың салыстырма (относительный) 
жиілік деңгейін модельдеп шығамыз. Модель дауыстылар арасындағы 
естілімге қатысты акустикалық айырмашылықты көрнекі бейнелейді.
Дауысты ұ/ү дыбыстарының салыстырма көрнекілігі олардың 
арасындағы акустикалық айырмашылықты бейнелейді (4.21-сурет).
5.21-сурет.
Дауысты
ұ/ү
дыбыстарының
форманттарының
салыстырма орналасымы.
4.21-сурет. Дауысты ұ/ү дыбыстарының форманттарының 
салыстырма орналасымы.


66
Дауыстылардың өзара жинақы/шашыраңқы белгілері көрнекі өр-
нектелген. Өрнек қысаң еріндік дауыстылардың дәстүрлі жуан/жіңіш-
ке жіктелімін көрнекі пысықтап тұр.
Дауыстылардың жуан/жіңішке белгілері естілім деңгейінде нашар 
аңғарылатын болып шықты. Естілім талданымға қатысқан аудиторлар-
дың 45 %-ке жуығы дұрыс белгілеп шықты. 
Мұның өзі езулік қысаң дауысты дыбыстар үшін акустикалық көр-
сеткіштер мен естілім нәтижелерінің орнықсыз екенін көрсетеді.
Үшінші кезекте ы/ұ жұбын аламыз, дауыстылардың жұбы қою сы-
зықпен көмкеріліп, қою жебемен қосылған.
Ы 
І 
Ұ 
Ү 
Өрнектен көрініп тұрғандай, қысаң дауыстылар өзара алты рет 
жұптасады. Ендеше, акустикалық және перцепциялық талданым алты 
рет қайталанады.
Ы/Ұ дауысты дыбыстарының акустикалық жұбы. 
Бірінші кезекте артикуляциялық белгілерінің жаңғыртқылар 
(резонаторлар) моделі жасалды (4.22-сурет).
5.22-сурет. Дауысты ы/ұ дыбысының жаңғыртқылар жүйесі
4.22-сурет. Дауысты ы/ұ дыбысының жаңғыртқылар жүйесі


67


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет