10
дәуірі деп атаймыз. Өйткені өзге ұлт зерттеушілерінің түйсініміне іліне
бермейтін, қазақ тілінің өзіне ғана тән фонетикалық құбылыстардың
басы ашылып, казақ жазуының өзіндік үлгісі қалыптастырылды. Шын
мағынасындағы қазақы фонетика ғылымы бастау алды.
Оның басты
құндылығы осында.
ХХ ғ. екінші жартысындағы зерттелімдер
Қазақ фонетикасын зерттеудің үшінші дәуірі ХХ ғасырдың
50-70-жылдары болды. Бұл кезде қазақ
тілтанымында академиялық
тұрғыдағы толық фонетика қалыптасып болды. Өйткені еуропалық тіл
(фонетика) теориясының жаппай тарап және зерттеушілердің батыс
тілтанымынан (лингвистикасынан) мол хабардар болған сәті еді. Со-
ның нәтижесінде қазақ тілінің дыбыс жүйесінің зерттеу әдісі ретінде
«еуропаөзімшіл» (европоцентризм) талданым амалы кеңінен қолданы-
ла бастады. Зерттеушілер [Кеңесбаев, Талипов, Аралбаев, Шварцман,
Түркбенбаев т.б.] қазақ тілінің дыбыс құрамын үнді-еуропа тілдерінің
фонем жүйесіне салып, қазақ фонетикасына фонем ұғымын ендіріп,
атауын орнықтырды. Оның үстіне сөз просодикасына қатысты сөздік
екпін енгізілді. Ал қазақ тілінің іргелі
заңдылығы болып табылатын
үндесім құбылысы (үндестік заңы) қатардағы көп фонетикалық
құбылыстардың бірі ретінде қарастырылып, «буын үндестігі» (гар-
мония гласных) деген фонологиялық тұрғыдан жаңсақ, фонетикалық
тұрғыдан дәйексіз атау пайда болды.
Қазақ тілі дыбыстарын фонем
мәртебесінде қарастырудың нәтижесінде қазақтың төл сөздерінің жа-
зылымына орыс тілінің
и, у, я, ю, щ таңбалары енгізіліп кетті. Мұның
өзі қазақ тілінің морфем, буын және тасымал жүйесін бұзып кетті.
«Орыс сөздері қалай айтылса, солай айтып, қалай жазылса, солай жазу
керек» деген тоталитарлық (әкімшіл-әміршіл) емле ережелері алынды.
Соның нәтижесінде қазақтың төл әліпби құрамына оннан аса кірме
әріптер (дыбыстар) енгізіліп, қазақ әліпбиі екі тілдің: қазақ-орыс (тіп-
тен, орыс-қазақ) әліпбиі болып шыға келді. Кірме әріптердің жазылы-
мын реттейтін қырыққа жуық [Қалиев] жаңа ереже орынсыз қосылды.
Үшінші дәуірге тән жетістік деп, әлеми тілтаным ұстанымдарымен
таныс болып, қазақ фонетикасының
құрылымын біршама қамтыған
алғашқы «академиялық фонетиканың» қалыптасқанын айтамыз.
Ал қазақ тілінің дыбыс жүйесін түгелдей фонема мен сөздік
екпінге теліп қарастырғанын, соның нәтижесінде
қазақ тілінің мор-
фем, буын және тасымал желісіне, ең бастысы, қазақ сөзінің айтылым
әуезіне нұқсан келтіргенін, әрине, құптай қою қиын.
11
Үшінші дәуір зерттеушілерінің қолданған ғылыми әдісі фонема-
лық талдау болғандықтан, қазақ фонетикасының үшінші
зерттелім
дәуірін
екпін-
фонемалық зерттелім (акцентно-
фонемная фонети-
Достарыңызбен бөлісу: