Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


үндесім зерттелім (сингармоническая фонетика) дәуірі



Pdf көрінісі
бет7/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   221
үндесім
зерттелім (сингармоническая фонетика) дәуірі деп атауға болады.
Алайда жылдар бойы қордаланып қалған, құлаққа сіңіп, көз үй-
реніп қалған кірме әріптер мен дыбыстардың ықпалынан арыла алмай, 
оларды жазу реформасының бөлінбес бір бөлігі ретінде, төл сөздердің 
жазылым ережесіне ұсынып жүрген фонетика және фонетика төңіре-
гіндегі мамандар әлі бар екенін де естен шығармаған жөн.
Сонымен, фонетика зерттелімінің төрт дәуірінің даму желісін са-
лыстырып шығуға болады (1.1-кесте).
1.1-кесте. Қазақ фонетикасының зерттелім желісі
дәуірлер зерттеуші
әдістері
ұстанымы
ерекшеліктері
болашағы
1 дәуір
2 дәуір
3 дәуір
4 дәуір
өзге ұлт
өкілдері
ұлт
зерттеу- 
шілері
аралас 
зерттеуші- 
лер
ұлт
зерттеу- 
шілері
естілім- 
тыңдалым
жасалым- 
естілім
екпін- 
фонемдік
үндесім 
талданым
үндесім
үндесім 
еуропа- 
өзім- 
шіл
үндесім
дыбыс құрамы дұрыс 
анықталған, сөз ай-
тылымын сақтаған
дыбыс құрамы дұ-
рыс 
анықталған, 
жуан/жіңішке үнде- 
сім әуез сақталған
дыбыс құрамы кір-
ме дыбыстармен, ал 
әліпби құрамы кірме 
әріптермен толықты-
рылған, екпін мен фо-
нема сақталған
төл дыбыстар сара-
ланған, үндесімнің 
төрт әуезі ескеріл-
ген, үндесім/үйлесім 
дыбыстар құрамы 
анықталған, екпін 
мен фонема шыға-
рылып тасталған
тілдік материал 
болады
теориялық 
тірек болады
болашағы жоқ
үндесім 
зерттеулер әрі 
қарай жалғасады


13
Қазақ фонетикасының құрылымы
Қазақ тілінің тарихи фонетикасы үш бөліктен құралады: көне 
түркіден келе жатқан төл фонетика, араб/парсы жазба дәстүрінен қо-
сылған кітаби фонетика және күшпен таңылған тоталитарлық (әмір-
шіл-әкімшіл) фонетика (1.1-сызба).
Көне түркі жазба мұрағаттарында сақталған түркілік дыбыс жүйесі 
қазақ тілінде толық сақталған. Ендеше, қазақ тілінің дыбыс жүйесінің төл 
даму тарихында айтарлықтай дыбыс өзгерістері болған жоқ деуге болады. 
Ал араб/парсы жазба мәдениетінің ықпалымен х, һ тәрізді әріп-
тер енгенімен, олардың айтылым үлгісі қазақ тілінде орныға қоймады. 
Оның үстіне араб/парсы жазу ықпалымен қазақ тіліне енген қазір, қарі 
т.б. тәрізді сөздердің үндесім әуезін бұзып қабылдап, жиһаз, қаһар-
ман т.б. сөздерде қазақ тілінде жоқ көмей дауыссызын айтқызуға ты-
рысу арқылы бірлі-жарым сөздердің үндесім айтылымын қолдан бұ-
зып, жоқ дыбыс қолдан жасалып, қазақ әдеби тіліне орынсыз ендірілді. 
Алайда олардың айтылымы көпшілік тілінде қазыр/кәзір, қары/кәрі, 
жиқаз болып, үндесім заңына бағынып тарап кетті. Сондықтан жоға-
рыдағыдай үндесім ауытқуларды қазақ тілінің ақиқат үлгісі, яғни тіл 
дыбыс жүйесінің дамуы деп қарауға болмайды.
Қазақ тілінің құрамы мен жүйесінің «үрдіс дамуы» жарлықпен 
бір күнде ендірілген орыс тілінің дыбыстары мен әріптері болды. Тіл 
туыстығы мен тіл ұқсастығы жоқ орыс тілінің дыбыстары, біріншіден, 
қазақ тілінің дыбыс санын бірден көбейтіп жіберді. Екіншіден, үндесім 
үлгісі келіспейтін кірме сөздер көбейіп кетті. Үшіншіден, қазақ жазуы-
ның емле ережесін күрделендіріп жіберді. Бұл – орыс тілінің тіл бұзар 
ықпалының негізгілері ғана.
Мысалы, қазақтың жуан әуезді мый, жый, қыйын тәрізді сөздерін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет