Қайырлы күн! Ұлағатты ұстаздар және оқушылар



Дата12.10.2022
өлшемі14,58 Kb.
#42609

05.10.2022 ж. «Ұстаз – ұлы тұлға!»

Қазақша би.


Қайырлы күн! Ұлағатты ұстаздар және оқушылар.
Бүгін, Сіздерді, залға жинауымыздағы басты себебіміз, қазан айының бірінші аптасында аталып өтілетін Ұстаздар мерекісіне орай мектебіміздің оқушылары «Ұстаз – ұлы тұлға!» атты концерттік іс – шара ұйымдастырып отыр. Ендеше, баршаңызға «Қош келдіңіздер» дейміз.
Әнұран – еліміздің қаны – жаны
Әнұранмен басталады бәрі – бәрі
Бүгінгі мерекелік кешімізде,
Шырқалсын, Қазақстан Әнұраны!
Бүгінгі мерекелік кешімізді ашып беру үшін, сөз кезегін № 05 жалпы орта білім беретін мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы, Артық Гүлфайруз Асылханқызына береміз.
Оқушыларымыздың ұстаздарға деген өлең – шумақтарын қабыл алыңыздар.
03 – қазан күні мектебімізде Ұстаздар күніне орай дублер сабақтары ұйымдастырылған болатын экранға назар салып, сол сабақтардан кішігірім үзінді бейне ролигін тамашалаңыздар.
5 «Б» сынып оқушыларын сахна төріне лента биімен шақырамыз.
Ұстазым – жыр сазым, бір өзіңе мың тағзым. 6 «А» сынып оқушылары: Латиф Перизат және Үсенбай Іңкардың орындауында «Ұстазым» әні.
Өзбек қызы күлімдеп күн көзіндей,
Дөңгеленіп билейді ай жүзіндей
Жұлдыздардай өрнекті аспандағы
Биші қыздар бұрала билейді би,
– дей отыра, 5 «А» сынып оқушыларың өзбек биін тамашалаңыздар.

Құлақтан кіріп бойды алар


Әсем ән мен тәтті күй
Көңілг түрлі ой салар
Әнді сүйсең менше сүй
8 «А» сынып оқушылары хор, «Шаршама ұстаз».
Бойыңа бар сұлулық жиылғандай,
Ақбалтыр ақ мәрмәрден құйылғандай
Жарқ етіп шыға келдің жұрт алдына,
Биші қыз, ғажап еді биің қандай
5 «Б» сынып оқушылары қазақша бимен сахна төрінде сән құрады.
5 «Б» сынып оқушысы, Насредин Назымның орындауында «Ардақты Ұстаз» әні.
Аққудай өрнек салған көл бетіне,
Биші қыз, билеп кеттің тербетіле.
Бұралып тал шыбықтай тұла бойың,
Шаттық пен күлкі үйрілді көл бетіне,
– дей келе 8 «Ә» сыныбының қыздарын қазақ биімен ортаға шақырамыз.
5 «Б» сынып оқушысы, Қанатқызы Айгерім, осында отырған барша ұстаздардың құрметіне «Ұстаз – Ана» әнін шырқайды, қабыл алыңыздар.
Ұстаздық жол – қиындығымен қызық ерекше мамандық. Қиындықты жеңе біліп, жауапкершілікті көтере білу кез келгеннің қолынан келе бермесі анық. Бала өсіп, білімін алып, өз өміріне қожалық еткенше ата – анасы қандай қиналса, Ұстазда сол тауқыметке қатар түседі. Сол себепті Ұстаз, үнемі ізденіп, әр шәкіртін балапанын ұясына баптаған құс секілді шыр – пыр болып тер төгеді. Тамашалаймыз! 5 «Ә» сынып оқушылары, Флешмоб.
Құрметті, Ұстаздар, Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиелеу және білім беру жолындағы қажырлы әрі адал еңбектеріңіз үшін, алғысымыз шексіз...
Алты Алаштың басы қосылғанда ең мәртебелі орын – Ұстаздарға тиесілі деп, ұлт зиялысы М. Жұмабаев айтқандай, қай замандада Ұстазға деген құрмет шексіз, ұстаздықтың шоқтығы биік. Сіздерге, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, сарқылмас шығармашылық шабыт, биік мақсаттарға жету жолындағы қажырлы қайрат тілейміз.
Зымырап өтіп жатқан күндеріңізден, алтындай қымбат уақыттарыңызды бөліп, мерекелік іс – шарамызды тамашалағандырыңыз үшін, Баршаңызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Қош, сау болыңыздар!!!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет