Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет54/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   221
Дауыссыз дыбыстар
Қазақ тілінің төл дауыссыз дыбыстарының жүйесі 
17 дыбыстан 
құралады. Олар қолданымдағы әліпби арқылы былай таңбаланады:
Б, 
Ғ-Г, Д, Ж, З, Й, Қ-К, Л, М, Н, ҢПРС, ТУ(w), Ш. Дәстүр бойынша 
Қ-КҒ-Г дыбыстарының жасалым (жасалу орны) айырмашылықтарын 


84
ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың 
бір дауыссыздың жуан/жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп, 
керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.
Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің) қатысына 
қарай: қатаң (тербеліссіз), ұяң (тербеліңкі) және үнді (тербелімді) 
болып үш топқа бөлінеді.
Қатаң дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей: 
П, Т, Қ-К, С, Ш. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың 
қатарына жатады. 
Қатаң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі – дауыстың 
қатыспауы. Басқаша айтқанда, қатаң дауыссыз дыбыстардың жаса-
луына дауыс желбезегі қатыспай, бейтарап (тербеліссіз) қалады. 
Қатаң дауыссыздардың басын қосып, ұйыстырып отыратын бірегей 
белгі дауыс желбезегінің тербеліссіз қалпы болып табылады. Сондық- 
тан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғысынан тербеліссіз 
дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік оқырманға естілім атау-
лардың қатарына жататын дәстүрлі қатаң атауы таныс болғандықтан, 
кейде екі атау қатар жүретін болады).
П дыбысы (4.34-сурет)
П дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына 
қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. 
П дауыссыз 
дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің өзара тоғысуы арқылы 
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып 
табылады. 
П дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді, 
яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай қатаң (тербеліссіз) дауыссыз 
дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет