Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd



Pdf көрінісі
бет62/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   221
Й дыбысы
Й дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. Жасалу 
орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Й дауыссыз 
дыбысы тіл ортасы мен таңдайдың жуысуы арқылы жасалады. Жасалу 
тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Й 
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол 
қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Жасалым белгілері: тілшік, жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.
 
5.44-сурет. 
ы
Л 
және 
ы
Й 
дауыссыз 
дыбыстарының 
жасалым моделі 
4.44-сурет. 
ы
Л және 
ы
Й дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі
У дыбысы (4.45-сурет)
У (w) дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу 
орнына қарай ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады. 
У дауыссыз 
дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің жуысуы арқылы жасалады. 
Жасалу тәсіліне қарай жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. 
У 
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі мол тербеледі, яғни мол 
қатысады. Дауыс қатысына қарай үнді (тербелімді) дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
Жасалым белгілері: ерін-ерінді, жуысыңқы, үнді дауыссыз дыбыс.


99
5.45-сурет. 
ұ
У(w) дауыссыз дыбысының жасалым моделі 
4.45-сурет. 
ұ
У(w) дауыссыз дыбысының жасалым моделі
Үнді дауыссыз дыбыстардың жасалым (артикуляциялық) моделі
Үнді дауыссыздардың артикуляциялық моделі қатаң және ұяң да-
уыссыздардың артикуляциялық моделімен үйлеспейді. Өйткені үнді 
дауыссыздардың құрамы қатаң және ұяң дауыссыздардың құрамына 
қарағанда мол.
Үнді дауыссыз дыбыстардың жасалуына дауыс желбезегінің қаты-
сы мол болады, яғни дауыс желбезегі мол тербеледі. Сондықтан ұяң 
дауыссыздар тобын жеке қарастырған кезде дауыс желбезегінің қаты-
сы ескерілмейді. Сонда үнді дауыссыздардың жасалым белгілерінің
жүйесі (системасы) жасалу орны мен жасалу тәсіліне байланысты бо-
лады. Ол үшін төмендегідей шартты сызықтар пайдаланылады:
Жасалым орны (бүтін сызық) 
Жасалым тәсілі (үзік сызық) 
Үнді дауыссыздар өзара тоғысыңқы-жуысыңқы болып жіктеледі. 
Тоғысыңқы дауыссыздар өзара ерін, тіл ұшы және тілшік (тіл орта-
сы) болып жіктеледі: М – ерін, тоғысыңқы, Н – тіл ұшы, тоғысыңқы,
Ң(-Ң) – тілішік (тіл ортасы), тоғысыңқы. Тоғысыңқы дауыссыздардың 
жасалым моделі олардың үш айырым белгілеріне лайық үшбұрыш бо-
лып шығады (4.46-сурет). Модельдің барлық бұрыштары (ұялары) то-
лып тұр. Бос қалған бұрыш жоқ.
Үнді жуысыңқы Р, Л дауыссыздарының өз ерекшелігі бар. Бірінші-
ден, екеуі де тіл ұшы дауыссыздар (суретте – жоғарғы үшбұрыш). Екін-
Жасалым орны (бүтін сызық)
Жасалым тәсілі (үзік сызық)


100
шіден, олардың діріл-жанама белгілері тек өз арасында ғана жүреді. 
Өзге үнді дауыссыздар үшін жинақы-жайылыңқы айырым белгілерінің 
фонетикалық мәні жоқ. Ендеше, үнді дауыссыздардың құрамын қарас- 
тырғанда ол екеуі біріктіріліп, тіл ұшы жуысыңқы дауыссыздар ретін-
де модельдің бір бұрышына орналасады. Қазақ тіліндегі тілшік (тіл 
ортасы), жуысыңқы Й(-Й) дауыссызы Ң(-Ң) дауыссызының, ал У(w) 
дауыссыз М дауыссызының жоғарғы қарсы жағына орналасады. Сонда 
үшбұрыштың бос бұрышы қалмайды.
Модельдің құрамындағы үнді дауыссыздардың әрқайсысының 
өз фонетикалық мәні бар. Дауыссыз орналасқан бұрыштың мәні мен 
мағынасы сол бұрыштағы дауыссыздың айырым белгілері болып та-
былады. Соның арқасында қазақ тілінің үнді дауыссыздарының бүгінгі 
күнгі құрамына жаңа дыбыс ене алмайды.
Модельдің төменгі жағына тоғысыңқы дауыссыздар орналасқан. 
Жоғарғы бөлігінде жуысыңқы дауыссыздар орналасқан. Төменгі және 
жоғарғы жақтағы бұрыштар толық, бос орын жоқ. Ендеше, тоғысыңқы/
жуысыңқы дауыссыздар түгел деген сөз.
5.46-сурет. Үнді дауыссыздардың 
көрнекі моделі 
У
(w) 
Р-Л 
Н 
М 
Ң-Ң
Й-Й 
4.46-сурет. Үнді дауыссыздардың көрнекі моделі
Үнді дауыссыздардың құрамында қатаң және ұяң дауыссыздардың 
құрамындағы тілшік (тіл ортасы) Қ(-К), Ғ(-Г) дауыссыздары тәрізді 
тілшік (тіл ортасы) Й(-Й), Ң(-Ң) дауыссыздары бар. Бәрінің жасалу орны 
біркелкі. Алайда Қ(-К), Ғ(-Г) дауыссыздарының естілім ерекшеліктері 
анық болғандықтан, олардың тілішік/тіл ортасы айтылымдары назарға 
ілікті де, Й(-Й), Ң(-Ң) дауыссыздарының естілім ерекшеліктері 


101
көмескі болғандықтан, назардан тыс қалып қойды. Сондықтан да 
олар оқулықтар мен оқу құралдарында, тіптен, ғылыми еңбектерде де 
ескерілмей келеді.
Шын мәнінде, олардың жасалым орны бәріне бірдей болып 
табылады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет