84
ескеріп, жеке-жеке дауыссыздар деп есептеп келеді. Бұл жерде олардың
бір дауыссыздың жуан/жіңішке үндесім варианты екендігі ескеріліп,
керісінше, бір дауыссыз деп қарастырылып отыр.
Дауыссыз дыбыстар дауыстың (дауыс желбезегінің)
қатысына
қарай
: қатаң (тербеліссіз),
ұяң (тербеліңкі) және
үнді (тербелімді)
болып үш топқа бөлінеді.
Қатаң дауыссыз дыбыстар
Қазақ тіліндегі қатаң дауыссыз дыбыстардың құрамы төмендегідей:
П, Т, Қ-К, С, Ш. Бұлар қазақ тіліне тән төл дауыссыз дыбыстардың
қатарына жатады.
Қатаң дауыссыз дыбыстардың бәріне ортақ белгі –
дауыстың
қатыспауы.
Басқаша айтқанда, қатаң дауыссыз дыбыстардың жаса-
луына
дауыс желбезегі қатыспай, бейтарап (тербеліссіз) қалады.
Қатаң дауыссыздардың басын қосып,
ұйыстырып отыратын бірегей
белгі дауыс желбезегінің тербеліссіз қалпы болып табылады. Сондық-
тан да олар жасалым (артикуляциялық) тұрғысынан
тербеліссіз
дауыссыз дыбыстар деп аталады (көпшілік
оқырманға естілім атау-
лардың қатарына жататын дәстүрлі
қатаң атауы таныс болғандықтан,
кейде екі атау қатар жүретін болады).
П дыбысы (4.34-сурет)
П дауыссыз дыбысы қос ерін арқылы жасалады. Жасалу орнына
қарай
ерін-ерінді дауыссыз дыбыс болып табылады.
П дауыссыз
дыбысы қос (астыңғы және үстіңгі) еріннің
өзара тоғысуы арқылы
жасалады. Жасалу тәсіліне қарай
тоғысыңқы дауыссыз дыбыс болып
табылады.
П дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі тербелмейді,
яғни қатыспайды. Дауыс қатысына қарай
қатаң (тербеліссіз) дауыссыз
дыбыс болып табылады.
Жасалым белгілері:
ерін-ерінді, тоғысыңқы, қатаң дауыссыз дыбыс.
Достарыңызбен бөлісу: