Алимхан Жунисбек verstka 19 06 18 indd indd


Ғ-(Г) дыбысы (4.39-сурет) Ғ



Pdf көрінісі
бет58/221
Дата13.02.2023
өлшемі10,2 Mb.
#67422
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   221
Ғ-(Г) дыбысы (4.39-сурет)
Ғ дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшік арқылы жасалады. 
Жасалу орнына қарай тілшік дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Ғ 
дауыссыз дыбысы тіл түбі мен тілшіктің тоғысуы арқылы жасалады 
(сөз ортасында жуысыңқы болып жасалады). Жасалу тәсіліне қарай 
тоғысыңқы (жуысыңқы) дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Ғ 
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни 
жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз 
дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: тілшік, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң дауыссыз 
дыбыс.
Г дыбысы
Г дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдай арқылы жасалады. 
Жасалу орнына қарай тіл ортасы дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Г дауыссыз дыбысы тіл ортасы мен таңдайдың тоғысуы арқылы 
жасалады (сөз ортасында жуысыңқы болып айтылады). Жасалу тәсіліне 
қарай тоғысыңқы (жуысыңқы) дауыссыз дыбыс болып табылады. 
Г 
дауыссыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни 
жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз 
дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: тіл ортасы, тоғысыңқы (жуысыңқы), ұяң 
дауыссыз дыбыс.


92
5.39-сурет. Ғ
ы
және Г
і
дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі 
4.39-сурет. Ғ
ы
және Г
і
дауыссыз дыбыстарының жасалым моделі
З дыбысы (4.40 сурет)
З дауыссыз дыбысы тіл ұшы мен күрек тіс-қызыл иектің шегарасы 
арқылы жасалады. Жасалу орнына қарай тіл ұшы дауыссыз дыбыс 
болып табылады. 
З дауыссыз дыбысы тіл ұшының күрек тіс-қызыл 
иек шегарасымен жинақы жуысуы арқылы жасалады. Жасалу тәсіліне 
қарай жинақы жуысыңқы дауыссыз дыбыс болып табылады. 
З дауыс-
сыз дыбысын айтқанда дауыс желбезегі жартылай тербеледі, яғни 
жартылай қатысады. Дауыс қатысына қарай ұяң (тербеліңкі) дауыссыз 
дыбыс болып табылады. 
Жасалым белгілері: тіл ұшы, жинақы жуысыңқы, ұяң дауыссыз 
дыбыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет